Баптар

Сұрақ-жауап

63 сұрақтардан 36 - 40 сұрақтар
25 Желтоқсан 2012
Саркулова С
Сұрақ
Саламатсыздарма.Менын сурайын дегеным Парижде шығарылаын "World Academy of Science, Engineering and Technology" материалдары Импакт фактор журналдарына жата ма. Соны біліп берыңыздерші. Әркым әртүрлі айтады. Озым де біле алмадым. Алдын ала коп рахмет.
Жауап
Аталған журналыңыз туралы ақпаратты Томсон Рейтер (Web of Knowledge) және Scopus халықаралық ақпараттық базаларынан іздестіріп таба аласыз. Казіргі кезде көпшілік ЖОО-лармен ғылыми ұйымдар аталған базалармен ақысыз жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар.
25 Желтоқсан 2012
Аcхат
Сұрақ
Салеметсізбе? Мен И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің автоматты басқару ( 550200-Автоматическое управления) мамандығынан сырттай магистратураны 2013жылы көктемде бітіремін. Қазакстан Республикасында нострификациядан өткизип, PhD доктарантураға тапсыруга (6D070200- Автоматизация и управления ) құқығым барма? құжаттарымды қандай мекен жайға тапсырып нострификациядан өткізуге болады? алдын ала рахмет
Жауап
Сұрақ ғылыми кадрларды даярлау сапасын бағалау басқармасының құзыретіне жатпайды. ҚР білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім департаментіне сұрақ жолдауыңыз болады.
27 Қараша 2012
Сапарова Мира
Сұрақ
Здравствуйте! Я два года работала в должности доцента в одном вузе, перешла работать в другой вуз, чтоб получить ученое звание ассоциированного профессора (доцента) объязательно работать в одном вузе 3 года, или эти года можно посчитать вообщем работу в должности доцента за три года. Какие международные научные журналы относятся, имеющие по данным информационной базы компании Томсон Рейтер (ISI web of Knowledge, Thomson Reuters), где можно список узнать, относятся журналы где РИНЦ-0,54? Спасибо.
Жауап
Согласно п. 4 Правил присовения ученых званий (ассоциированный профессор (доцент), профессор) ученое звание ассоциированного профессора (доцента) присваивается лицам, имеющим ученую степень и работающим в данной организации на полной ставке, при наличии непрерывного стажа научной и/или научно-педагогической деятельности в данной организации не менее 3 (трех) лет после защиты диссертации, в том числе 2 (двух) лет в должности не ниже доцента (ассоциированного профессора) вуза или соответствующей должности в научной организации. В республике через АО НЦ НТИ обеспечивается бесплатный электронный доступ к ресурсам Web of Knowledge, в том числе к базе данных Web of Science. Большинство вузов и научные организации уже имеют такой доступ, проводятся обучающие семинары, в которых можно участвовать и в он-лайн режиме. Базу данных Скопус можно найти через интернет. Используя данные возможности можно найти интересующие вас публикации казахстанских авторов, задав в структуре поиска страну.
27 Қараша 2012
Султанова Нургуль Камильевна
Сұрақ
Сәлеметсіздерме? мен п.ғ.к, аға оқытушы қызметін атқарғанмын, 2011 жылы 27 желтоқсанда Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешіміен педагогика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді. қазір кафедрада доцент қызметін атқарып жүрмін. сіздерден білейін дегенім осы доцент атаққа қосымша ақы төленеді ма?
Жауап
Жоқ, доцент ғылыми атағы үшін еңбек ақысына қосымша ақша төленбейді.
27 Қараша 2012
Ниязмаганбетова Сая Журсиновна
Сұрақ
Сәлеметсіздер ме? Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін мен Қырғызстан Республикасындағы Қырғыз Халықаралық Университетінде оқып жатырмын. Менің сұрағым: Қырғызстандағ ЖОО-ның талабы бойынша импакт-факторға ие болатын шетелдік мақала міндетті емес. 2013 жылы бітіріп, Қазақстанда настрификация жасау барысында импакт-факторға ие болатын шетелдік мақаланы менен талап етіле ме? Жауаптарыныз үшін алдын ала рахмет!
Жауап
Ия, талап етіледі. Ғылыми дәрежесін беру ережесінің 20-тармағы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің баламалылығын тану осы Ереженің 21, 22-тармақтарында белгіленген тәртіпте өздерінің жеке өтініштері немесе олар жұмыс істейтін ұйымның қолдаухаты бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру арқылы жүзеге асырылады. Аталған ереженің 21-тармағы бойынша ғылыми дәрежесін шетелде алған Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерінде тану рәсімі үш кезеңнен тұрады: 1) ғылыми дәреженің берілгені туралы құжаттың түбірін растау; 2) шетелде меңгерілген кәсіптік білім беру бағдарламаларының қазақстандық докторантураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігін анықтау рәсімдері; 3) диссертацияның осы ереженің 5-8 тармақтарына сәйкестігін сараптау. Ереженің 7-тармағына сәйкес диссертацияның негізгі мазмұны кем дегенде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кем дегенде 3 (үшеуі) Комитет ұсынатын ғылыми басылымдарда, 1 (біреуі) Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналда, 3 (үшеуі) халықаралық конференция материалында, оның ішінде 1 (біреуі) шетелдік конференция материалында жариялануы тиіс. Халықаралық ғылыми журналдардағы мақалалардың мамандыққа тиістілігі оның мазмұны арқылы анықталады. Тіркеу-есептеу карточка «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің» 2-қосымшасына сәйкес толтырылады.

Pages