Баптар

Сұрақ-жауап

63 сұрақтардан 31 - 35 сұрақтар
16 Қаңтар 2013
аспирант
Сұрақ
Cәлеметсіз бе! Кандидаттық диссертациясы жазылған, бірақ белгілі жағдайлармен қорғай алмаған аспиранттың бірімін. Егер Томсон Рейтер (Web of Knowledge) және Scopus халықаралық ақпараттық базаларына енетін журналдарда мақалаларым жарияланған болса, магистратурасыз Ph.D докторантураға тапсыра аламын ба? Әлде қорғаудың басқа жолын қарастырдыңыздар ма?
Жауап
PhD Докторантураға түсу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 161 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі Ереженің» 11-тармағының 1-тармақшасына сәйкес докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі бар тұлғалар қабылданады.
16 Қаңтар 2013
Байжанов Марлан Мейрамбекұлы
Сұрақ
Саламатсыздар ма? Мен Философия (PhD) докторы, бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру туралы (2012 ж. 11.05, № 614 Комитет бұйрығы) сәйкес бекітілген, бірақ осы уақытқа дейін дипломымды алған жоқпын, дипломның формасы бекітілген жоқ деген. Жаңа Формасы бекітілді ма және дипломды қай уакытта ала аламыз? Алдын ала рахмет!
Жауап
Диплом дайын болған кезде, сайтқа хабарлама ілінеді.
14 Қаңтар 2013
Bahit
Сұрақ
Сәлеметсіздерме Аттестаттау туралы ереже бойынша сұрағым бар: 1. Мемлекеттік аттестаттауды өткізу тәртібі 2. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, уәкілетті органдар жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.
Жауап
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 59-бабы 4-тармағына сәйкес білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, білім беруді мемлекеттік басқару органдары өздерінің құзыретіне сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді. Сонымен бірге, мемлекеттік аттестаттау ережесімен Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің сайтында танысуға болатынын мәлімдейміз.
26 Желтоқсан 2012
Жанат
Сұрақ
Cәлеметсіздер! Мен С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің докторантымын (3-курс). Сұрақтарым: 1) Диссертациямды шетелде қорғауға рұқсат етіледі ме (Монголияда); 2) Рұқсат етілсе қандай талаптарды орындауым керек құрметпен Жанат Мырзабек
Жауап
Диссертацияңызды шетелде қорғау ол өзіңіздің жеке құқығыңыз. Ол үшін комитеттен рұқсат алудың қажеті жоқ. Бірақ, шетелде алған ғылыми дәрежелерінің баламалылығын тану Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми дәрежелер беру ережесінің» (бұдан әрі - Ереже) 20-22-тармақтарына сәйкес философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру арқылы жүзеге асырылатынын ескертеміз.
26 Желтоқсан 2012
Салимова Алия
Сұрақ
Құрметті ғылым және білім қызметкерлері! Мен білетін оқу орындарында сонғы екі жылда бірде бір ғылым кандидаты доцент атағын ала алған жоқ. Оған себеп шет елдегі журналдарға өз мақалаларын бере алмауда. Ешкім жөнін айтпайды. тарих, филология, заңтану мамандығы бойынша қандай журнал барын білмейді. Білетін адамдардың айтуынша ол тек шетелге шыға алатын байлардың балаларына мүмкіндік жасау. оқу орындарында тек соларға жол беру дейді. Онда шынын айтыңыздар. Сіздердің дипломыңызсыз-ақ күн көреміз Оқу орындарында олсызда ғылыми дәрежесі жоқтар дәріс беріп жүр. Сонда сіздерге не пайда? Одан ғылым денгейі жоғырыламайды. Егер өздеріңіз ғалымға баға бере алмасыңыздар онда комиссия құрып шет елденден ғалымдарды шақырыңыздар, емтихан алсын. Шет елге жалынышты қылу, диссертацияны Қырғызда қорғау, олсызда жарлы қазақты көп ақшаға шығындату солақай, ақылсыздық саясат. Ақылды болсаңыздар осы уақытқа дейін неге сол Томсон Рейтерс тізіміне кіретін бір журнал ашпадыңыздар. Гуманитарлық пәндер бойынша қай профессордың мақаласы бар, неге мақтан етіп жарияламайсыздар. Өздеріңіздің мақалаларыңыз кайда? Сіздер кеткесін, жаңа басшылар, барлық ғалымдар болып, тоқырау заманынан құтылдық деп арттарыңыздан топырақ шашады, парақорлықтықтың беті ашылады. Әрине сіздер бәріне үйренгенсіздер. Көп әріптестеріміз осындай шағымдарды бұрында жазды, оны сіздер тығып тастап, жауапсыз қалдырасыздар. Келешек үлкен ұятқа қаласыздар, сол кезде Сіздердің аты-жөндеріңізді барлық қоғам білетін болады. Мен өзіме сіздердің дипломдарыңыз керек емес, олсыз да жақсы қызметтемін. Жолдастарым үшін, парасыз өмір сүруші, жарлы қазақтар атынын Алия
Жауап
2012 жылы қауымдастырылған профессор, профессор ғылыми атақтары 28 адам берілді (жартысы ЖОО-лардан), оның ішінде 3-і гуманитарлық саладан. Олардың барлығы қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Казіргі кезде Қазақстанда Томсон Рейтер (Web of Knowledge), Шпрингер және басқа халықаралық ақпараттық базаларымен тегін жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Сізді қызықтыратын журналдар тізімін, ғалымдардың (оның ішінде министрлік қызметкерлерінің) жарияланымдары туралы ақпаратты аталған базалар арқылы іздестіріп таба аласыз.

Pages