Баптар

Сұрақ-жауап

63 сұрақтардан 6 - 10 сұрақтар
05 Наурыз 2013
Айгерим
Сұрақ
Сәлеметсіз бе! Мен PhD докторантымын, сол себепті оқу барысында кейбір ЖАК тіркеген мақалаларға немесе импакт факторға мақалаларды басқа автормен бірге жазылса, қорғау кезінде мақала санына есептеледі ма?
Жауап
PhD доқторлық диссертация бойынша жарияланған ғылыми еңбектер басқа автормен бірлесіп жазғанда да саналады.
28 Ақпан 2013
Aina
Сұрақ
Сәлеметсіздер ме!Ресейлік "Аспиранс" компаниясының көмегімен Scopus-қа енетін журналға мақала жарияламақшымыз. Олар "Middle East Journal of Scientific Research" атты электрондық журналдың аталмыш ақпараттар базасына енетіндігін хабарлады және біздің мақаламызды сол баспаға шығаруға болатындығын айтты. Бұл журналдың шын мәнінде Scopus-қа кіретін-кірмейтінін сіздерден анықтауға бола ма? Сенімді болу үшін қайда жүгінуіміз керек? Журналдың электрондық болғандығы қорғау процесіне нұқсан келтіре ме? Рахмет!
Жауап
«Middle East Journal of sciencetific research» журналы туралы нақты ақпаратты «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ –нан анықтауыңызға болады.
28 Ақпан 2013
Сеитова Ляйля
Сұрақ
Здравствуйте! Я ответственная за ВОУД по карагандинскому университету "Болашак". Мы до сих пор не знаем перечень дисциплин по которым будут проходить пробное тестирование наши студенты. Не могли ли вы скинуть перечень дисциплин. Нам нужно уже начать проводить консультации
Жауап
ВОУД 2013 года в организациях высшего образования планируется провести в ноябре. Перечень специальностей, дисциплины и формы обучения высшего образования, по которым проводится ВОУД, определяется уполномоченным органом в области образования накануне тестирования.
28 Ақпан 2013
Занжан
Сұрақ
Cаламатсыздар! ЖОО қауымдастырылған профессор (доцент) атағын бере алады ма?
Жауап
Қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтарын білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ғылыми ұйымдардың, жоғарғы оқу орындарының Ғылыми кеңестерінің кандидатуралар ұсынуы негізінде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (бұдан-әрі Комитет) сараптау кеңесінің шешімі бойынша Комитеттің бұйрығымен бекітіліп Комитетте беріледі.
28 Ақпан 2013
Шамгунова
Сұрақ
сәлеметсіздер ме? жоғары импакт фактор журналдарын қайдан табуға болады? рахмет
Жауап
Жоғары импакт факторы бар журналдар тізімін «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ –нан алуыңызға болады сондай-ақ жоғарғы оқу орындарында Томсон Рейтер (ISI web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасына тегін қолжетімділік бар.

Pages