Баптар

Сұрақ-жауап

63 сұрақтардан 1 - 5 сұрақтар
07 Наурыз 2013
Өзенбаева Айгерім
Сұрақ
Сәлеметсіздер ме? Мен PhD докторантымын. Сіздерге қоятын бір сауалым бар. ЖАК тіркеген және импакт фактор журналына мақалаларды басқа авторлармен (соавтор) бірігіп жазсам, қорғау кезінде есептеледі ма? Алдын ала рахмет!!!
Жауап
PhD доқторлық диссертация бойынша жарияланған ғылыми еңбектер басқа автормен бірлесіп жазғанда да саналады.
07 Наурыз 2013
Нұрхалық Абдурақын
Сұрақ
Мен қазақстан азаматымын, бірақ мен 2011жылдан бері Қытай Ухан қаласында PhD-лық оқып жатырмын. Олардың жоғары оқу орнында шетелдік азаматтар ұшын Импакт факторсыз диплом алуға болады. Ал өз отанымызға келген соң бізге сол дипломды нострафикация дан өткізу ұшын Импакт фактор мақаласын талап етесіздер ме?
Жауап
Ия, талап етіледі. Ғылыми дәрежесін беру ережесінің 20-тармағы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің баламалылығын тану осы Ереженің 21, 22-тармақтарында белгіленген тәртіпте өздерінің жеке өтініштері немесе олар жұмыс істейтін ұйымның қолдаухаты бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру арқылы жүзеге асырылады. Аталған ереженің 21-тармағы бойынша ғылыми дәрежесін шетелде алған Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерінде тану рәсімі үш кезеңнен тұрады: 1) ғылыми дәреженің берілгені туралы құжаттың түбірін растау; 2) шетелде меңгерілген кәсіптік білім беру бағдарламаларының қазақстандық докторантураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігін анықтау рәсімдері; 3) диссертацияның осы ереженің 5-8 тармақтарына сәйкестігін сараптау. Ереженің 7-тармағына сәйкес диссертацияның негізгі мазмұны кем дегенде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кем дегенде 3 (үшеуі) Комитет ұсынатын ғылыми басылымдарда, 1 (біреуі) Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналда, 3 (үшеуі) халықаралық конференция материалында, оның ішінде 1 (біреуі) шетелдік конференция материалында жариялануы тиіс.
05 Наурыз 2013
Серікбаева Ақмарал Қабылбекқызы
Сұрақ
Саламатсыздар ма? Мен 2008 жылы кандидаттык корғадым. 2009-2011 жыл (3жыл) арлығында "ҚР МШКҰ ҰО" ЕМК-да аға ғылыми қызметкер болып жұмыс жасадым. 2011 жылдан бастап "Каспий мемлекеттік университетінде" кафедра доценті қызметін атқарып келемін. Биыл семья жағдайымен басқа оқу орнына ауысу керек болып тұр. Мен ассоц. профессор атағына құжаттар тапсырғым келіп еді. Оқу құралым осы университетте оқу процесінде қолданылуда, мақалалр да ережеге сай жинақталған, енди басқа жұмыс орнынан құжаттар тапсыра аламын ба? Кандидаттық қорғағаннан кейінгі мемлекттік орындарда аға ғылыми қызметкер мен доцент қызметінде жалпы стажым 5 жыл болып тұр. Әлде бір жұмыс орнында үзіліссіз 3 жыл болуы міндетті ма?
Жауап
Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесінің 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес - қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми дәрежесі бар және осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін тұлғаларға: диссертация қорғағаннан кейін осы ұйымдағы ғылыми және/немесе ғылыми-педагогикалық қызметтегі 3 (үш) жылдан кем емес үзіліссіз өтілі, оның ішінде жоғары оқу орнында доценттен (қауымдастырылған профессордан) төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда тиісті лауазымда 2 (екі) жыл еңбек өтілі болу керек.
05 Наурыз 2013
Раушан
Сұрақ
Салеметсиздер ме? менин сиздерге кояр сауалым мынадай:мен 3 курс докторантымын, биыл коргауга тииспин. егер Томсон Рейтер базасына киретин журналга макала жарияланбаса , кандай шаралар болады, ягни келеси жылы 2014 те коргаймын ба, естуимше косымша акша толеуим тиис деди, соны аныктап берсениз екен. Алдын ала рахмет!
Жауап
Диссертациясын уақытылы қорғап үлгермеген докторанттар қорғауы МЖМБС «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Докторантура. Негізгі қағидалары» талаптарына сәйкес өтеді.
05 Наурыз 2013
Амангелді Айнұр Амангелдіқызы
Сұрақ
Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер? Мен ғылыми журналдың жауапты хатшысы ретінде қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің Ғылым және білім беру саласындағы бақылау жөніндегі комитет бекіткен ғылыми ізденістердің негізгі нәтижелері жарияланатын басылымдар тізіміне енгізілу үшін ғылыми журналдарға қандай талаптар қойылатынын білсем деп едім. Егер мүмкін болса, ол үшін қандай құжаттар дайындауым керек, кімге хабарласуым керек?
Жауап
Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынатын ғылыми баспаларға қойылатын талаптармен www.educontrol.kz сайтында танысуға болады.

Pages