Комитеттің ағымдағы жылдың 21 желтоқсандағы бұйрығымен 6D072900 – Құрылыс мамандығы бойынша Л.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің докторанттары - Еңкебаев Серік Бейсенғалиұлы және Төлебекова Әсел Серікқызы философия (PhD) докторы ғылыми дәрежесінде бекітіліді.
PhD докторантурада 3 жыл оқу барысында Төлебекова Әселдің 23, ал Еңкебаев Серіктің 19 ғылыми еңбектері жарияланды (қажетті нормасы 7). Әр біреуінің Томсон Рейтер базасының деректері бойынша нольдік емес импакт-факторы бар шетелдік ғылыми журналда жарияланған 1 мақаласы бар. Аталған докторанттар диссертацияларының материалдары шетелде 5 халықаралық конференцияларда баяндалған.
Ағымдағы жылы қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алғандардың қатарында Астана ғалымдары да бар. Олардың біреуі – ғылым докторы, «Астана» Медицина университетінің кафедра меңгерушісі Кикимбаева Айсұлу Айтыкенқызы.
Кикимбаева А.А. биология ғылымдарының докторы, қазақстандағы эндокринологтар ғылыми мектебінің өкілі. Астанадағы медициналық ЖОО-да 23 жыл үзіліссіз ғылыми-педагогтық қызмет атқарып келеді. Осы арада Айсұлу Айтыкенқызы 83 ғылыми еңбек жариялады, оның ішінде Томсон Рейтер деректер базасында жоғары импакт-факторы бар (8,89) танымал шетелдік журналдарда 18 мақала, 1 инновациялық патент және 1 алдын ала патенттің авторы.