Жаңалықтар

Жоғары оқу орындарын оңтайландыру туралы

10.09.2013

Қазіргі кезде Білім және ғылым министрлігінің мақсатты бағытталған жұмысының нәтижесінде елімізде жоғары оқу орындарының саны 17-ға қысқарды (149-дан 132-ке дейін). Оның ішінде 6-уы лицензиясынан айыру арқылы сотпен жабылды.

21 жоғары оқу орны 10-ға бірікті, бұл олардың материалдық, интеллектуалдық, кадрлық және инновациялық ресурстарын біріктіруге, корпоративтілік қағидатында басқару принциптерін енгізуге ықпал етті.