Жаңалықтар

«PhD» философия докторы ғылыми дәрежесінде бекітілгендер туралы

16.01.2013

Комитеттің ағымдағы жылдың  15 қаңтардағы  № 76 бұйрығымен  Кошербаева Ляззат,  Билялова Зарина, Бакенова Женісгүл,  Сүлейменов Айтуар  және  Гудун  Кристинаға  философия (PhD) докторы ғылыми дәрежесі  берілді.

PhD докторантурада  3 жыл оқу барысында олардың жариялаған ғылыми еңбектерінің саны   қажетті нормадан 2 есе жоғары.    Томсон Рейтер базасының деректері бойынша нольдік емес импакт-факторы бар және Скопус базасына кіретін шетелдік ғылыми журналдарда  Билялова Зарина  және Кошербаева  Ляззат  2 мақаладан жариялаған. Докторанттар диссертацияларының материалдары шетелде  өткен халықаралық конференцияларда баяндалған.