Жаңалықтар

Өңірлерден жаңалықтар:

20.11.2012

Батыс Қазақстан облысы бойынша

2012 жылғы 19 қараша күні Батыс Қазақстан облысының Әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев білім саласындағы аумақтық бақылау департаменті директоры С.М.Бахишеваны қабылдады.

Облыс Әкімі департамент қызметі нәтижелері, өткізілген мемлекеттік аттестациялар мен тексерулер қорытындыларымен танысты.

Кездесу барысында білім берудің сапасын арттыруға ықпал ететін факторлар, педагог мамандардың кәсіби және сапалық құрамы туралы, «Өрлеу» АҚ-ның өңірлік филиалдарында кәсіби біліктілік арттырудың жаңа моделі туралы пікір алмасылды.

Кездесуді нәтижесі бойынша облыс Әкімі БҚО білім басқармасына 2013 жылдың қаңтар айында білім беру мәселелері бойынша барлық деңгейлердегі әкімдер мен білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен Кеңес өткізуді және оған дайындалуды тапсырды.

Білім беру саласының проблемалары облыс басшысы деңгейінде қаралуы және жергілікті атқыру органдар тарапынан кері байланыс орнату өз кезегінде білім беру сапасын дамытуға оң ықпал етері сөзсіз.