Жаңалықтар

Өңірлерден жаңалықтар:

14.09.2012

Қарағанды облысы бойынша

Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша Теміртау қаласындағы «Қарлығаш» және Қарағанды қаласындағы «Қуаныш» балабақшалары аттестатталды.
Ал Теміртау қаласындағы «№4 «Дельфинчик» және №18 «Балдырған» балабақшалары – аттестатталмады. Бұл балабақшалардың лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 311-1 бабы 6 тармағы негізінде әкімшілік іс қозғалды. 

Батыс Қазақстан облысы бойынша

Ағымдағы жылдың 5 – 8 қыркүйегі аралығында өткізілген мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша Зеленов ауданы Махамбет селосында орналасқан «Ақ бота» балабақшасы аттестатталмады.
Лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.