Жаңалықтар

Мемлекеттік бақылаудың 2012 жылғы қорытындылары туралы

18.01.2013

2012 жылы мемлекеттік аттестаттау 17 жоғары оқу орнында, 3 техникалық және кәсіптік білім беретін және 3 орта білім беретін республикалық оқу орнындарында жүргізілді.
Мемлекеттік аттестаттаудың нәтижелері бойынша жоғары оқу орындарында бакалавриаттың 350 мамандығы аттестатталып, 55 мамандығы аттестатталмады. «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес 12 жоғары оқу орнына айыппұл салынып, олардың лицензиясының қолдануын тоқтату арқылы әкімшілік шара қабылданды. Жалпы айыппұл сомасы – 1 437 580 теңге.
Есептік кезеңде бұрын анықталған кемшіліктердің жойылуын  бақылау үшін 8 жоғары оқу орнына қайта мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Нәтижесінде 7 жоғары оқу орны кемшіліктерді жойғаннан кейін атестатталып, бакалавриаттың 15 мамандығы бойынша лицензия қосымшалары қайтарылды.
Сонымен бірге, білім беру туралы заңнаманың және білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын тексеру бойынша жоғары оқу орындарына қатысты 36 жоспарлы тексеру жүргізілді. Бекітілген талаптарға сәйкессіздіктердің анықталуына байланысты 32 жоғары оқу орны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 25-нің лицензиясының қолданысы уақытша тоқтатылды.  Салынған әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 7 934 450 теңгені құрады.
2012 жылы бұрын 38 жоғары оқу орнында бұрын анықталған кемшіліктердің жойылуына қайта тексеру жүргізілді.  
Жүргізілген сараптама жоғары оқу орындарының білім беру қызметтерінде келесі кемшіліктерге жол берілгенін көрсетті:
- материалдық-техникалық база, оқу және ғылыми зертханалар, оқу жұмысы және педагогикалық жүктеме, ғылыми-зерттеу жұмысы, кәсіптік тәжірибе бойынша МЖМБС талаптарын бұзушылық;
- мамандықтар бойынша МЖМБС талаптарының орындалмауы;
- жоо білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталмауы (ПОҚ штаттық үлесі мен олардың дәрежелілігінің төмендігі; оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттің, оның ішінде қазақ тіліндегі, сондай-ақ электрондық және магниттік түрдегі оқу әдебиеттерінің жеткіліксіздігі; оқу зерттемелік базаның қазіргі заманғы құралдармен, жұмыста қолданылатын материалдармен және зертханалық жабдықтармен толық қамтамасыз етілмеуі);
- студенттерді қабылдау, ауыстыру, қайта қабылдау бойынша ҚР заңнамасы нормаларының бұзылуы;
- студенттің бір жылғы оқуына жұмсалатын орташа шығыстар бойынша нормалардың сақталмауы;
- тестілеу нәтижесі бойынша студенттердің білім деңгейінің төмендігі;
- білім беру ұйымдары қызметінің Үлгі ережесі талаптарының бұзылуы;
- жоғары оқу орындарында педагогикалық жүктеменің ұлғаюына, кадрлық, материалдық және қаржылық қорының ыдырауына алып келетін шағын топтардың болуы.
2012 жыл бойы жоғары оқу орындарының жүйесін оңтайландыру бойынша жұмыстар жандандырылды.
11 жоо 5 жоо-ға біріктірілді.
Қарағанды қаласындағы 3 жоо (Қазіргі заманғы гуманитарлық-техникалық институт, КГТИ-Лингва Орталық Қазақстан университеті, "Фемида" заң академиясы")  бірігіп, Орталық Қазақстан академиясы болып құрылды.
Ақтөбе қаласындағы "Дүние" Ақтөбе әлеуметтік-техникалық институты С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетіне қосылды.
Шымкент қаласында 4 жоо-ның базасында 2 жоо құрылды: Академиялық инновациялық университет пен Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университеті Аймақтық әлеуметтік инновациялық университет; Қазақстан халықтар достығы университеті және Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университеті болып бірікті.
Орал қаласында Еуразия академиясы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің құрамына енді.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» ҚР Заңының талаптарын жүзеге асыру мақсатында ҚР Білім және ғылым Министрінің «Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» 2012 жылғы 15 қарашада № 492 бұйрығы әзірленіп, шығарылды.
Аталған бұйрық Әділет министрлігінде 2012 жылғы 7 желтоқсанда № 8136 тіркелді.