Жаңалықтар

ҚР Білім және ғылым Министрінің бұйрықтарымен Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережесіне және Ғылыми дәрежелер беру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

11.09.2013

Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар диссертациялық кеңес теріс шешім қабылдаған жағдайда докторант апелляцияға беру мүмкіндігін; диссертациялық кеңестің мүшелеріне және рецензенттерге  қойылатын талаптарды анықтайды -  ғылыми дәрежеден басқа мамандық бойынша 5 жарияланым қажет; диссертацияны қабылдау кезінде кеңестің мәжілісін бейне-конференция түрінде өткізуге мүмкіндік беру және диссертациялардың электрондық нұсқалары ҚР Ұлттық кітапханаларға жіберуді көздейді.

Аталған өзгерістер ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы   4 мамырдағы № 172 бұйрығымен бекітілді, бұйрық бекітілген тәртіппен ҚР Әділет министрлігінде тіркелді және  «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде  2013 жылғы 21 тамызда жарияланды. 

Ғылыми дәрежелер беру ережесіне ғылыми дәрежелер туралы шетелде алған дипломдар  баламалылығын тану рәсіміне берген құжаттарды тапсырған үміткерлер үшін  Комитет ұсынатын басылымдардағы жарияланымдардың орнына  диссертация қорғаған елдің журналдарындағы ғылыми еңбектер саналу туралы өзгеріс енгізілді.

500 академиялық рейтингтердің тобына (Джао Тонг Шанхай университеті, Таймс, QS) немесе U.S. News and World Report рейтингінің 200 ұлттық университетінің тобына кіретін жоғары оқу орындарында диссертация қорғаған және кемінде 3 жыл жұмыс істеген тұлғалардың шетелде алған философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарының баламалылығын тану белгіленген рәсімдерсіз жүргізілу туралы жаңа тармақ енгізілді. Сонымен бірге енгізілген өзгерістер аттестациялық істер қараудың мерзіміне; докторант диссертациясын қайта қорғауға; плагиат анықталған жағдайда теріс шешім қабылдануға нақты талаптар қойылды.

Аталған өзгерістер ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы  30 мамырдағы № 214 бұйрығымен бекітілді, бұйрық бекітілген тәртіппен ҚР Әділет министрлігінде тіркелді және  «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде  2013 жылғы 4  қыркүйекте жарияланды. 

Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аталған нормативтік актілерді қолдану тәжірибесінде және диссертациялық кеңестер жұмысының нәтижесінде қабылданды.