Баптар

Комитет жаңалықтары

28.05.2010

2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) Еуразиялық экономикалық қауымдастығы Мемлекетаралық Кеңесінің 26-шы мәжілісі (үкімет басшылары деңгейінде) өтті

20.04.2010

Тәртіпке сәйкес 2010 жылдың 6-7 сәуірінде Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында ТМД қатысушы мемлекеттердің білім саласындағы ынтымақтастық Кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) жұмыс тобының мәжілісі өткізілді.

30.03.2010

2010 жылдың 19-20 наурызында Алматы қаласында Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде халықаралық құжаттардың жобаларын толықтыру мәселесі бойынша жұмыс тобының мәжілісі өтті.

29.03.2010

«2010 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес ағымдағы жылғы 13 ақпаннан 25 наурызға дейін Астана және Алматы қалаларында, барлық облыс орталықтарында және Түркістан қаласында мемлекеттік комиссия мүшелерімен және биылғы жылғы мектеп бітірушілермен ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу жөнінде семинарлар өткізілді.

25.03.2010

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 561 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесінің негізінде Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі -МАБ) өткізілді.

08.02.2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2009 жылы 5 ақпанда Алматы қаласында жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау жүйесін жетілдіру жөніндегі мәселелер бойынша аймақтық мәжіліс өткізді. Мәжіліс Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғимаратында өткізілді.

17.11.2009

2009 жылғы 11-12 қараша күндері Бішкек қаласында ЕурАзЭҚ-тің Интеграциялық комитеті Білім туралы кеңесінің отырысы болып өтті.

12.11.2009

2009 жылғы 5-6 қарашада Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкек қаласында «Жоғары оқу орындарына қабылдау және тестілеуді дамыту» тақырыбындағы Ортаазиялық форум өтті.

05.10.2009

2009 жылғы 29-30 қыркүйек күндері Алматы қаласында ЕурАзЭҚ-тің Интеграциялық комитетінің Ғылыми дәрежелер мен атақтарды, білім туралы құжаттарды тану туралы кеңесі жұмыс тобының отырысы (бұдан былай - Кеңес) болып өтті.

29.06.2009

„ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттердің халықтары тілдерінің игерілу деңгейін бағалаудың қазіргі әдіс-тәсілдері“
тақырыбындағы халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар туралы

2008-2010 және одан әрі жылдарға арналған ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттерінің білім саласындағы ынтымақтастығының Басым бағыттарын жүзеге асыру шаралары Жоспарының „Орыс тілін және ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттердің тілдерін зерттеуді қолдау“ деп аталатын 5 тармағын жүзеге асыру мақсатында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің базасында 2009 жылдың 25-26 маусымында Алматы қаласында „ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттердің халықтары тілдерінің игерілу деңгейін бағалаудың қазіргі әдіс-тәсілдері“ деген тақырыпта халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.

Pages