Жаңалықтар

Білім саласындағы аумақтық бақылау департаменттері қызметінің нәтижелері туралы

10.01.2013

2012 жылғы 29 сәуір мен 28 желтоқсан аралығында аумақтық департаменттер 909 білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізді. Мемлекеттік аттестаттау нәтижесі бойынша 360 білім беру ұйымы аттестатталмады, 235 білім беру ұйымының лицензияларының қолданысы тоқтатылды, оның ішінде 43 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері, 192 мектеп. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 379 іс қозғалды, оның ішінде 53 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері, 277 мектеп, 49 балабақша. Әкімшілік айыппұлдың жалпы салынған мөлшері 14949 айлық орташа көрсеткішті құрайды.

Сонымен қатар, аумақтық департаменттер 331 білім беру ұйымдарына тексерулер өткізді, оның ішінде 179 жоспарлы тексеру (42 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері, 137 мектеп) және 152 жоспардан тыс тексеру (38 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері, 86 мектеп, 5 қосымша білім беру ұйымдары, 23 балабақша). Тексеру нәтижесі бойынша, 51 білім беру ұйымының лицензиясының қолданысы тоқтатылды, оның ішінде 24 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері, 27 мектеп. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы 178 іс қозғалды. Әкімшілік айыппұлдың жалпы салынған мөлшері 7233 айлық орташа көрсеткішті құрайды.

Аумақтық департаменттердің «Е-лицензиялау» мәліметтер базасына 2308 заңды тұлғалардан өтініштер түсті, оның ішінде 448 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінен, 1860 мектептен. Қарастырылған өтініштердің саны 2283, оның ішінде 1731 өтініштер қанағаттандырылды, 552 қабылданбады, 25 өтініш қарастырылуда.