Жаңалықтар

Білім саласындағы аумақтық бақылау департаменттері қызметінің нәтижелері туралы

05.12.2012

7 ай ішінде департаменттер тарапынан (2012 жылғы 29 сәуір мен 30 қараша аралығында) 691 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өткізілді. Оның ішінде 70 кәсіптік-техникалық білім беру мекемесі, 461 жалпы білім беретін мектеп және 160 балабақша бар.

Аттестаттау нәтижелері бойынша 261 білім беру ұйымы аттестатталмады, 165 білім беру ұйымының лицензияларының қолданысы тоқтатылды, оның ішінде 26 кәсіптік-техникалық білім беру ұйымы, 134 – мектеп. 268 әкімшілік-құқықбұзушылық іс қозғалды, олардың 32 кәсіптік-техникалық білім беру ұйымына, 197 – мектеп және 39 балабақшаға қатысты. Салынған әкімшілік айыппұлдардың мөлшері 10200 айлық орташа көрсеткіш, немесе 16503 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ есепті кезеңде департаменттер 280 тексеру, оның ішінде 146 жоспарлы (35 кәсіптік-техникалық білім беру мекемесі, 111 мектеп) және 134 жоспардан тыс (36 кәсіптік-техникалық білім беру мекемесі, 73 мектеп, 4 қосымша білім беру мекемесі, 21 балабақша) тексерулер өткізді.

Тексерулер нәтижесінде 45 білім беру мекемесінің лицензиясының қолданысы тоқтатылды, оның ішінде 19 - кәсіптік-техникалық білім беру мекемесі, 26 - мектеп. 152 әкімшілік-құқықбұзушылық іс қозғалды.  Салынған әкімшілік айыппұлдардың мөлшері 5456 айлық орташа көрсеткіш, немесе 8827 мың теңгені құрады.

2012 жылғы 29 сәуір мен 30 қараша аралығында білім саласындағы аумақтық бақылау департаменттерінің «Е-лицензиялау» ДБ ақпараттық жүйесіне заңды тұлғалардан 1800, оның ішінде 396 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінен, 1404 – мектептерден өтініштер келіп түсті.

1753 өтініш қарап шығылды, олардан 1369-ы қанағаттандырылды, 384 өтініш бойынша қанағаттандырудан бас тартылды, ал 47 өтініш қаралуда.