Жаңалықтар

Білім саласындағы аумақтық бақылау департаменттері қызметінің нәтижелері туралы

12.11.2012

6 ай ішінде департаменттер тарапынан (2012 жылғы 29 сәуір мен 1 қараша аралығында) 479 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өткізілді. Оның ішінде 36 кәсіптік-техникалық білім беру мекемесі, 315 жалпы білім беретін мектеп және 128 балабақша бар.

Аттестаттау нәтижелері бойынша 162 білім беру ұйымы аттестатталмады, 92 білім беру ұйымының лицензияларының қолданысы тоқтатылды, оның ішінде 12 кәсіптік-техникалық білім беру ұйымы, 79 – мектеп. 167 әкімшілік-құқықбұзушылық іс қозғалды, олардың 15 кәсіптік-техникалық білім беру ұйымына, 125 – мектеп және 27 балабақшаға қатысты. Салынған әкімшілік айыппұлдардың мөлшері 6329 айлық орташа көрсеткіш, немесе 10240 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ есепті кезеңде департаменттер 205 тексеру, оның ішінде 107 жоспарлы (25 кәсіптік-техникалық білім беру мекемесі, 82 мектеп) және 98 жоспардан тыс (27 кәсіптік-техникалық білім беру мекемесі, 52 мектеп, 4 қосымша білім беру мекемесі, 15 балабақша) тексерулер өткізді.

Тексерулер нәтижесінде 36 білім беру мекемесінің лицензиясының қолданысы тоқтатылды, оның ішінде 15 - кәсіптік-техникалық білім беру мекемесі, 21 - мектеп. 118 әкімшілік-құқықбұзушылық іс қозғалды.  Салынған әкімшілік айыппұлдардың мөлшері 4052 айлық орташа көрсеткіш, немесе 6556 мың теңгені құрады.

2012 жылғы 29 сәуір мен 1 қараша аралығында білім саласындағы аумақтық бақылау департаменттерінің «Е-лицензиялау» ДБ ақпараттық жүйесіне заңды тұлғалардан 1390, оның ішінде 302 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінен, 1088 – мектептерден өтініштер келіп түсті.

1185 өтініш қарап шығылды, олардан 902-і қанағаттандырылды, 284 өтініш бойынша қанағаттандырудан бас тартылды, ал 205-і қаралуда.