Жаңалықтар

Білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның отырысы туралы

27.12.2012

2012 жылғы  27 желтоқсанда Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінде Білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) кезекті отырысы өтті.

Комиссияның отырысында 12 жоғары оқу орнының 41 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша лицензия алуға ұсынған өтініштері мен материалдары қарастырылды.

Комиссия төменде көрсетілген жоғары оқу орындарына білім беру қызметін жүргізу құқығына жаңа мамандықтар бойынша лицензияға қосымшалар беруді ұсынды:

  • Халықаралық білім беру корпорациясына

Біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 37 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жаңа мамандықтары бойынша білім беруге  лицензия (лицензияға қосымшалар) беруден бас тартылды.