Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарының білім алушыларына 2013 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуді және оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу туралы 2013 жылғы 1 ақпандағы № 299 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті 4 ақпанда Астана қаласының № 64 мектеп-гимназиясы және 6 ақпанда Алматы қаласының № 175 мектеп-гимназиясы базаларында ағымдағы жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) және оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (ОЖСБ) ұйымдастыру мен өткізу бойынша семинар-кеңестер өткізді.
Кеңеске Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, Білім саласындағы бақылау департтаменттерінің қызметкерлері, мектептің директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар комитетінің өкілдері, мектеп бітірушілер қатысты.
Кеңеске қатысушылардың назарына Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы ҰБТ мен ОЖСБ бойынша атқарылған шаралар, оларды өткізу туралы жан-жақты түсіндіріліп, жеткізілді.
Семинар-кеңес барысында қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берілді.