Баптар

Мемлекеттік бақылаудың 2012 жылғы 1-жартыжылдықтағы қорытындылары туралы

2012 жылғы 1-жартыжылдықта білім беру саласындағы заңнаманың және білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын бақылауға арналған 19 жоспарлы тексеру жүргізілді.
Жоспарлы тексерулердің нәтижесінде лицензияны қолдану 10 жоғарғы оқу орнында 6 айға, 1 жоғарғы оқу орнында 3 айға, 2 жоғарғы оқу орнында 2 айға тоқтата тұрылды. Тексеру жүргізуге кедергі келтіргендері үшін 2 жоғарғы оқу орнының материалдары жоғарғы оқу орындары орналасқан жердегі мамандандырылған сотқа жолданды.
Комитет ағымдағы жылдың 1-қаңтарынан 25-шілдеге дейін 32 жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның ішінде 30-ы жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жойылуын бақылауға арналған; 1-і прокуратураның өтініші бойынша; 1-і жоспарлы тексеріс көзделген субъектінің қайта құрылуына байланысты.   
Жоспардан тыс тексеру қорытындылары бойынша 10 жоғары оқу орнының лицензияларын қолданылуы жандандырылды. 21 жоғары оқу орнына қатысты әкімшілік материалдар мамандандырылған әкімшілік соттарға жіберілді.   
Қазақ-қытай академиясын мемлекеттік лицензиядан айыру туралы қаулы шықты.  
Есеп беру кезеңінде 8 білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау бойынша жұмыстар жүргізілді, оның ішінде 1-і республикалық деңгейдегі мектеп-интернат.
Аттестаттау қорытындысы бойынша 3 жоғары оқу орны аттестатталмады және оның бакалавриат бойынша 15 мамандығы,  2 жоғары оқу орнының магистратурасы бойынша 2 мамандығының лицензиясы тоқтата тұрылды.