Баптар

"Лицензиялау туралы" ҚР

Лицензиялау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 214 Заң

 

Заңы

 Лицензиялау туралы

(2012.12.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңда реттелетін қатынастар

1. Осы Заңда қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледі.

2. Осы Заңда жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасында жасалған лицензиялық шарт шеңберінде лицензиялар беруге байланысты қатынастар реттелмейді.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) біліктілік талаптары - өтініш берушінің жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығы;

2) бірыңғай технологиялық процесс - лицензияланатын бір қызмет түрінің шеңберінде өндіріс процесінде орындалатын технологиялық өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;

3) жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау - лицензия беру мониторингтеу мақсатында белгіленген шара;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

3-1) құзыретті (салалық) орган - мемлекеттік басқарудың лицензияланатын қызмет түріне жататын тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

4) лицензиар - осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 

4-1) лицензиардың электрондық тізілімі - берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы лицензиар енгізген мәліметтерді қамтитын лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінің ажырамас бөлімі;

5) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;

6) лицензия - тиісті лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға қызметтің жекелеген түрімен айналысуға беретін рұқсаты;

7) лицензияланатын қызмет түрі (бұдан әрі - қызмет түрі) - айналысу үшін осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етілетін қызмет түрі (белгілі бір іс-әрекет (операция, сақтандыру сыныптары);

8) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі (бұдан әрі - қызметтің кіші түрі) - тиісті қызмет түрін бір лицензия шеңберінде нақтылау;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

8-1) лицензиялар тізілімі - берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданысы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәлiметтердi қамтитын дерекқор базасы;

9) 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 9-1) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

9-1) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімі - берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтерді қамтитын, лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын ақпараттық жүйе;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды 

9-2) лицензиялардың сәйкестендіру нөмірі - лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде генерацияланатын бірегей код;

10) лицензиялау - лицензияларды беруге және қайта ресімдеуге, лицензиаттардың тиісті талаптарды сақтауын лицензиарлардың бақылауды жүзеге асыруына, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруға және қайта бастауға, лицензиялардан айыруға байланысты іс-шаралар кешені;

11) лицензиялық бақылау - лицензиардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын лицензиаттардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;

12) өтініш беруші - лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы тиісті лицензиарға өтініш жасаған жеке немесе заңды тұлға;

13) уәкілетті орган - мемлекеттік саясатты әзірлеу мен жүргізуді жүзеге асыратын және лицензиялау саласындағы басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіретін мемлекеттік орган;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды 

14) электрондық лицензия - қағаз жеткізгіштегі лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресімделетін және берілетін электрондық құжат нысанындағы лицензия.

 

4-бап. Лицензиялаудың негізгі принциптері

1. Лицензиялар беру белгілі бір қызмет түрі үшін белгіленген талаптарға сай барлық тұлғалар үшін тең негіздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады.

2. Қызметтің жекелеген түрлері бойынша лицензиялық тәртіп енгізу ұлттық қауіпсіздік, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында белгіленеді.

3. Осы Заңда қызмет түрлерінің және қызметтің кіші түрлерінің егжей-тегжейлі тізбесі белгіленеді.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

4. Осы Заңға жаңа қызмет түрлерi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi енгiзiлген кезде оларды лицензиялау жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік талаптары белгiленетiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданғаннан кейiн жүзеге асырылады. 

Жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға жататын жекелеген тауарлар тiзбесiн бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлерді осы актiлер ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бір күндiк мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгізуге болмайды.

Осы қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін осы Заңға жаңа қызмет түрлері және (немесе) қызметтің кіші түрлері енгізілген жағдайда, осы Заңда белгіленген тәртіппен лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге арналған құжаттарды тапсырған кезде қызметті тиісті лицензиясы болмаса да оны алғанға дейін, бірақ осы қызмет түріне және (немесе) қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптары қолданысқа енгізілген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен асырмай, жүзеге асыруға жол беріледі.

5. Қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өнімге қойылатын талаптар, жекелеген өнім түрлерінің, процестердің сәйкестігін міндетті түрде растау жөніндегі талаптар мемлекеттік әкімшілік ету мақсаттарына жету үшін жеткіліксіз болған жағдайларда белгіленеді.

6. Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.

7. Лицензияның күші, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

8. Бірыңғай технологиялық процеске кіретін және (немесе) қызмет түрін жүзеге асырудың қажетті элементі болып табылатын қызмет түрлері лицензиялануға жатпайды.

Қызмет түрінің бірыңғай технологиялық процеске кіретіні және (немесе) оны қызмет түрін жүзеге асырудың қажетті элементіне жатқызу туралы қорытындыны өтініш берушінің өтініші негізінде лицензиардың сұрауы бойынша құзыретті (салалық) орган береді.

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді

9. Мемлекеттік органдар, дербес білім беру ұйымдары және олардың ұйымдары, оның iшiнде аталған ұйымдарда білім беру бағдарламаларын енгiзетiн және (немесе) iске асыратын шетелдiк заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыратын қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап етiлетiн қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.

Кредиттік серіктестіктер, орталық депозитарий, бірыңғай тіркеуші, мемлекет қатысатын кредиттік бюро, өзара сақтандыру қоғамдары, электрондық үкіметтің төлем шлюзінің операторы, сондай-ақ Ұлттық почта операторы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүргізетін қызметті қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда ғана жол беріледі.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік лицензиялау жүйесі

 

5-бап. Мемлекеттік лицензиялау жүйесінің құрылымы

Мемлекеттік лицензиялау жүйесі:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметінен;

2) уәкілетті органнан;

3) лицензиарлардан тұрады.

 

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:

1) лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлеу;

2) лицензиарлар тізбесін айқындау;

3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітетін біліктілік талаптарын, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлеріне біліктілік талаптарын қоспағанда, біліктілік талаптарын бекіту;

4) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

5) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітетін өтініш нысанын қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініш нысанын бекіту;

6) өндірілуі, өңделуі, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға тиіс улардың тізбесін бекіту;

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара

7) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидасын бекіту;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.

 

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап жаңа редакцияда

7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 

Уәкiлеттi органның құзыретiне:

1) лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

2) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізіліміне қол жеткізу құқықтарын дамыту, белгілеу процесін, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi басқару;

3) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидасын әзірлеу;

4) қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын қоспағанда, лицензиялардың және лицензиялардың қосымшаларының нысандарын әзірлеу;

5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiлерiнде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

 

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8-бап. Мемлекеттік органдардың құзыретi

Лицензиарлардың құзыретіне:

1) жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік талаптарының жобаларын әзірлеу және оларды уәкілетті органмен келісу.

Жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік талаптарының жобаларын әзірлеуді, егер жергiлiктi атқарушы орган лицензиар болып табылған жағдайда, орталық мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады;

2) өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу;

3) лицензиялау;

4) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;

5) азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға арналған лицензияларды қоспағанда, лицензиялар тізілімін жүргізу және оны ай сайын өзінің интернет-ресурсында орналастыру жатады.

Лицензиардың электрондық тiзiлiмiнде және лицензиялардың мемлекеттік электрондық тiзiлiмiнде мынадай мәлiметтер:

лицензиардың атауы;

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның берiлген күнi және нөмiрi;

дара кәсiпкер үшiн - жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), сондай-ақ жеке тұлға дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркелген жағдайда куәлiктiң нөмiрi және оның берiлген күнi;

заңды тұлға үшiн - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, оны мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нөмiрi және берiлген күнi;

қызмет түрi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi;

лицензияның қолданылу мерзiмi;

салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;

төлем тапсырмасының нөмiрi және лицензиялық алым төленген күн;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу негiздерi және күнi;

лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, жаңарту негiздерi және күнi;

лицензияның қолданылуын тоқтату негiздерi және күнi;

лицензиаттың лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын филиалдары, өкілдіктері, объектілері, пункттері, учаскелері (болған жағдайда) туралы деректер көрсетiлуге тиiс;

6) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының біліктілік талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруді келісу туралы мемлекеттік органдарға сауал жіберу;

7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып электрондық қызмет көрсету;

8) берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастыру жатады.

Лицензиат филиалын (өкілдігін, объектісін, пунктін, учаскесін) құрған, оның орналасқан жерін өзгерткен жағдайда он жұмыс күні ішінде -лицензиардың мекен-жайына, егер жергілікті атқарушы орган лицензиар болған жағдайда - филиалдың (өкілдіктің, объектінің, пункттің, учаскесінің) орналасқан жері бойынша оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса хат жолдауға міндетті. Лицензиар лицензиаттың хатын (хабарламасын) алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушінің тиісті қызмет түріне (кіші түріне) қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін белгілейді. Ол біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда тиісті деректерді лицензиялар тізіліміне енгізеді.

Қаржы саласында және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметте лицензиялар тізіліміне филиал (өкілеттік, пункт) құру, оның орналасқан жерін өзгерту туралы деректерді енгізуді лицензиар лицензиаттан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

 

 

2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9-бап. Лицензиялардың түрлері және қолданысы

Лицензиялар мынадай белгілері бойынша:

1. Субъектілер бойынша: 

1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына берілетін; 

2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берілетін болып бөлінеді. 

2. Қызмет көлемі бойынша: 

1) бас лицензия - қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға қолданыс мерзімі шектеусіз берілетін; 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) біржолғы лицензия - рұқсат етілген мерзім, көлем, салмақ немесе саны шегінде (заттай не ақшалай алғанда) жекелеген қызмет түрімен айналысуға, сондай-ақ «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзім шегінде ойын бизнесі саласында қызмет түрлерімен айналысуға және «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген көлем шегінде үлескерлердің ақшаларын тарту есебінен тұрғын үйлердің құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға; 

3) операциялық лицензия - банк қызметінде жекелеген операциялармен айналысуға, сақтандыру қызметінде сыныптарды (сақтандыру сыныптарын) иеленуге берілетін болып бөлінеді. 

3. Тауарлар экспорты мен импорты саласында: 

1) бас лицензия - кеден одағына мүше мемлекеттің шешімі негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және лицензияда айқындалған санымен жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия; 

2) ерекше лицензия - сыртқы сауда қызметіне қатысушыға жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық беретін лицензия; 

3) біржолғы лицензия - сыртқы сауда шарты (келісімшарты) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және белгілі бір санымен лицензияланатын тауардың экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 

9-1-бап. Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары

Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары лицензияға:

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау кезінде лицензиаттың санатын;

өнеркәсіп саласындағы қызметті лицензиялау кезінде лицензияланатын қызмет түрі жүзеге асырылатын саланы көрсету үшін енгізіледі.

 

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10-бап. Лицензияның және лицензияға қосымшалардың нысаны

Лицензияның және оның қосымшаларының нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Қызметтің кіші түрлері көрсетілетін лицензияға қосымша лицензияның ажырамас бөлігі болып табылады.

Осы Заңның 32-бапта көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.

 

2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді

11-бап. Лицензиялау салалары

Мынадай:

1) өнеркәсіп;

2) атом энергиясын пайдалану;

3) улы заттар айналымы;

4) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) көлік;

6) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы;

7) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

8) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар;

9) қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш заттар және олар қолданыла отырып жасалған бұйымдар айналымы;

10) ғарыш кеңістігін пайдалану;

11) ақпараттандыру және байланыс;

12) білім беру;

13) бұқаралық ақпарат құралдары;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14) ауыл және орман шаруашылықтары, геодезия және картография;

15) денсаулық сақтау;

16) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету;

17) ойын бизнесі;

18) ветеринария;

19) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелері ескеріле отырып, сот-сараптама;

20) мәдениет;

21) қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет;

22) сәулет, қала құрылысы және құрылыс;

23) Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын дайындау;

24) 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

25) этил спирті мен алкоголь өнімдерін, темекі өнімдерін өндіру және олардың айналымы;

26) 2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

27) тауарлар экспорты мен импорты;

2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен мазмұн 28) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

28) тауар биржалары салаларындағы қызметтің жекелеген түрлері лицензиялануға тиіс.

 

 

3-тарау. Қызмет түрлері

 

2008.29.12. № 116-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.04.07. № 166-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап гертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-бап. Өнеркәсіп саласындағы қызметті лицензиялау

Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

1) электр және (немесе) жылу энергиясын беру және (немесе) тарату;

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

электр энергиясын тұтынушыға дейін беру және (немесе) тарату;

елді мекендерді, өндірістік үй-жайлар мен объектілерді жылумен жабдықтау үшін жылу энергиясын беру және (немесе) тарату;

2) тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

тау-кен өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану:

қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау;

қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларын және технологиялық регламенттерiн жасау;

қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндiру;

ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу;

мұнай-газ кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргізу;

пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жарылыс жұмыстарын жүргiзу;

кенiштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстары;

мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;

мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;

мұнай, газ ұңғымаларын, оның iшiнде теңiзде және iшкi су айдындарында бұрғылау;

ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату;

ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау;

ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру;

мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту;

құрлықта және теңiзде мұнай төгiлуiнің, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау;

мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;

мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау;

магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану;

3) минералдық шикiзатты қайта өңдеу (кең таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеудi қоспағанда).

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

пайдалы қазбаларды бөлудiң физикалық тәсiлi;

пайдалы қазбаларды бөлудiң физикалық-химиялық тәсiлi;

пайдалы қазбаларды бөлудiң химиялық тәсiлi;

пайдалы қазбаларды бөлудiң металлургиялық (пирометаллургия, күйдiру, гидрометаллургия, балқыту) тәсiлi;

құрамында пайдалы қазба бар тау-кен, байыту, металлургиялық және басқа да өнеркәсiптiк өндiрiстердiң қалдықтарын өңдеу;

4) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, таукен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр-техникалық жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см2 -ден жоғары және жылу жеткізу температурасы 1150С-ден жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2-ден жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбырларды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын жабдықтарды жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда);

5) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу;

6) заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, өңдеуі және өткізуі.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау

Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

1) атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау. 

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

ядролық қондырғылар, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймалары құрылысы; 

ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтар сақтау қоймаларын пайдалану; 

ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдаланудан шығару;

ядролық қондырғыларды орналастыру, салу, пайдаланудан шығару кезінде жұмыстарды және жобаларды басқару;

2) ядролық материалдармен жұмыс істеу.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

ядролық материалдарды өткізу;

ядролық материалдарды пайдалану;

ядролық материалдарды сақтау;

3) радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды дайындау;

радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды пайдалану;

радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды сақтау; 

радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу;

табиғи уранды өндіру және қайта өңдеу;

4) иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды дайындау;

иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды пайдалану;

5) атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

құрамында иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын, медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу;

иондаушы сәулелену көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау;

аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлік құралдарын радиациялық бақылау;

өнімдердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің барын анықтау, радон және басқа да радиоактивті газдардың шоғырлануын өлшеу;

персоналды дозиметрлік жеке бақылау;

6) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

радиоактивті қалдықтарды жинау және сұрыптау;

үй-жайларды, жабдық пен материалдарды залалсыздандыру (радиоактивті ластанудан тазарту);

радиоактивті қалдықтарды өңдеу;

радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму;

аумақтар мен объектілерді радиациялық оңалту, өңдеп қалпына келтіру;

7) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау;

8) ядролық сынақтар жүргізу салдарынан ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа да аумақтардағы қызмет;

9) ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

физикалық қорғау жүйелерін жобалау, монтаждау, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету;

ядролық материалдарды және радиоактивті заттарды тасымалдау кезінде оларды физикалық қорғауды қамтамасыз ету;

10) ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау.

 

2009.17.07. № 189-ІV ҚР Заңымен (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-бап жаңа редакцияда

14-бап. Улы заттар айналымы саласындағы қызметті лицензиялау

Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі: 

1) уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою;

уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану;

уларды сатып алу, сақтау, өткізу.

Нормативтік құжаттарға сәйкес сынақтар, зерттеулер және дезинфекция жүргізу үшін қажетті көлемде улы заттарды пайдаланатын аккредиттелген зертханалардың қызметі улар айналымы саласындағы лицензиарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен, удың жылдық қажеттілігі туралы ақпарат және оларды пайдалану туралы жыл сайынғы есеп бере отырып, лицензиялаусыз жүзеге асырылады;

2) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);

пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;

пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану.

 

15-бап. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді

16-бап. Көлік саласындағы қызметті лицензиялау

Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

1) жолаушылар тасымалдау.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысшілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тасымалдау;

жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдау;

2) қауіпті жүктерді тасымалдау.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

қауіпті жүктерді теңіз көлігімен тасымалдау;

қауіпті жүктерді өзен көлігімен тасымалдау;

қауіпті жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау.

 

17-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті лицензиялау

Есірткі, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, өндіру, өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, тарату, өткізу, пайдалану, жою;

құрамында есірткі және психотроптық заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау;

денсаулық сақтау жүйесінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау, сатып алу, сақтау, тарату, өткізу, пайдалану, жою.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

18-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметті лицензиялау

Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

1) мемлекеттік құпияларды техникалық қорғау бойынша.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

мемлекеттік құпияларды қорғаудың техникалық құралдарын әзірлеу, өндіру, жөндеу және оларға сервистік қызмет көрсету;

мемлекеттік құпияларды қорғаудың техникалық құралдарын монтаждау, орнату, оларға қызмет көрсету;

2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру).

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу;

ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізу (оның ішінде өзге де беру);

3) ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөнінде қызметтер көрсету.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

19-бап. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялау

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру;

жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды жөндеу және өткізу.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

20-бап. Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы қызметті лицензиялау

Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

1) монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және өткізу.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

1) монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды әзірлеу, өндіру;

монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды жөндеу;

монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды сатып алу және өткізу;

2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу;

жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру;

жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу;

жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерінің өндірістік қажеттіліктері үшін сатып алу;

3) босатылған оқ-дәріні, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

босатылған оқ-дәріні жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;

босатылған қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;

4) қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу;

қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын өндіру;

қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын жөндеу;

қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын сатып алу, оларды сату;

5) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу;

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын өндіру;

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жөндеу;

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сату;

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын коллекцияға жинау;

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын экспонаттау;

5-1) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу;

6) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу;

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру;

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сату;

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалану;

7) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу.

 

21-бап. Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау

Зымыран-ғарыш техникасын жасауды, өндіруді, пайдалануды, жөндеуді және жаңғыртуды, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жер үсті инфрақұрылымдарын (полигонды, командалық-өлшеу кешенін, стендтік базаны және басқаларын) пайдалануды қоса алғанда, ғарыш кеңістігін пайдалануға байланысты барлық қызмет түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.

 

22-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қызметті лицензиялау

2008.21.11. № 89-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

1) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) байланыс саласында қызмет ұсыну.

Қызметтің бұл түріне мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

жергілікті телефон байланысы;

қалааралық телефон байланысы;

халықаралық телефон байланысы;

Интернет жүйесіне қол жетімділік қызметін көрсету;

спутниктік жылжымалы байланыс;

ұялы байланыс (стандарт атауын көрсете отырып);

ұтқыр телекоммуникациялық байланыс (оның ішінде жылжымалы радио (радиотелефондық), транкингтік және пейджингтік байланыс қызметтері);

Байланыс саласындағы қызметпен айналысуға лицензия берудің, оның ішінде конкурстық негізде берудің шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

2. Мынадай қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алу талап етілмейді:

1) меншікті не жалға алынған желілік немесе коммутациялық жабдығы жоқ және пайдаланушыларға тиісті лицензиялар негізінде әрекет ететін басқа байланыс операторларының қызметтерін ұсынатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі.

Мұндай тұлғалар мен байланыс операторының арасындағы қатынастар жасалған шарттармен реттеледі, олардың құрылымы лицензиармен келісілуге тиіс. Делдалдар қызметтерді шарт жасасқан байланыс операторының сауда маркасымен ұсынуға міндетті. Бұл ретте, тұтынушыларға ұсынылатын қызметтердің сапасына және лицензияның қолданылу шарттарының орындалуына байланыс операторы жауап береді;

2) өндірісішілік қызметті және технологиялық процестерді, оның ішінде үшінші тұлғаларға байланыс қызметтерін ұсынбай радиожиілік спектрін пайдалана отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес байланыс операторлары ұсынатын байланыс қызметтерін пайдаланбай, басқаруға арналған желілерді құру және пайдалану жөніндегі қызмет;

3) байланыс қызметтерін көрсетумен байланысты емес, ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желісіне қосылмаған және негізгі қызмет түрін жүзеге асыруға арналған ұтқыр телекоммуникациялық байланыс желілерін құру және пайдалану (оның ішінде жылжымалы радио (радиотелефондық), транкингтік және пейджингтік байланыс) жөніндегі қызмет.

Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жиілік, радиожиілік жолақтарын (радиожиілік арналарын) пайдалану үшін байланыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасына сәйкес радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат береді.

 

2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (2007.09.08. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

23-бап. Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау

Білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.

Қызметтің бұл түрі қызметтің мынадай кіші түрлерін қамтиды:

бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламалары;

техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламалары;

орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің, оның ішінде мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламалары;

діни білім беру бағдарламалары.

 

24-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметті лицензиялау

Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

25-бап. Ауыл және орман шаруашылығы, геодезия және картография саласындағы қызметті лицензиялау

Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

1) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау;

2) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету;

3) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету;

4) геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргiзу.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

геодезиялық жұмыстар жүргiзу; 

картографиялық жұмыстар жүргiзу.

 

2009.16.07. № 186-ІV ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 26-бап өзгертілді

26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы қызметті лицензиялау

Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

1) медициналық қызмет.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

алғашқы медициналық-санитариялық көмек: дәрігерге дейінгі, білікті, жедел медициналық көмек;

диагностика: радиологиялық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық, патологиялық анатомия;

зертханалық диагностика: бактериологиялық, биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер, адамның иммун тапшылығы вирусының зертханалық диагностикасы (АИТВ-диагностикасы), жалпы клиникалық, серологиялық, цитологиялық зерттеулер;

қан мен оның компоненттерін дайындау, консервациялау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу;

санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызмет: халықты гигиеналық оқыту, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын өндіру, қайта өңдеу және өткізу, сондай-ақ оларды пайдаланумен байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түрлерін өткізу;

санитариялық-гигиеналық және зертханалық зерттеулер: бактериологиялық; вирусологиялық зерттеулер, физикалық факторларды (шуды, дірілді, электр-магниттік өрісті және басқаларды) өлшеу, паразитологиялық зерттеулер, радиометрия және дозиметрия, санитариялық-химиялық, токсикологиялық зерттеулер;

ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмек: 

акушерлік және гинекология;

педиатрия; 

инфекциялық аурулар;

терапия: жалпы терапия, невропатология, кардиология, ревматология, гастроэнтерология, нефрология, пульмонология, эндокринология, аллергология (иммунология), гематология, кәсіптік патология, отбасылық дәрігер; 

хирургия: жалпы хирургия, трансплантология, кардиохирургия, ангиохирургия, пластикалық хирургия, жақ-бет сүйегі хирургиясы, нейрохирургия, оториноларингология, офтальмология, трансфузиология, урология, травматология және ортопедия;

дерматовенерология (дерматокосметология);

психиатрия: наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология;

фтизиатрия; 

онкология;

стоматология; 

дәстүрлі медицина: гомеопатия, гирудотерапия, мануалдық терапия, рефлексотерапия, фитотерапия және табиғи текті құралдармен емдеу; 

сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама;

медициналық реабилитология: физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру;

спорттық медицина;

еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсіптік жарамдылық сараптамасы; 

анестезиология және реаниматология;

2) фармацевтикалық қызмет.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

дәрілік заттарды өндіру;

медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру;

медициналық техниканы өндіру;

дәрілік препараттарды дайындау;

медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау;

дәрілік заттарды көтерме саудада өткізу;

медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізу;

медициналық техниканы көтерме саудада өткізу;

дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу;

медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу;

медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу.

 

 

2008.10.12. № 115-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2011.11.10. № 484-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

27-бап. Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласындағы қызметті лицензиялау

Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

1) адвокаттық қызмет;

2) нотариаттық қызмет;

3) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда);

4) зияткерлік меншікті, материалдық емес активтер құнын бағалау;

5) аудиторлық қызмет;

6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызмет көрсетумен айналысу.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау;

шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін экологиялық сараптама саласындағы жұмыстар;

шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін экологиялық аудит;

7) лотерея ұйымдастыру және өткізу;

8) заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыру;

9) туроператорлық қызмет;

10) жеке сот орындаушыларының қызметі.

 

28-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау

Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

1) казино қызметі;

2) ойын автоматтары залының қызметі;

3) букмекерлік кеңсе қызметі;

4) тотализатор қызметі.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

29-бап. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау

Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру;

жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргізу;

 

30-бап. Сот-сараптама саласындағы қызметті лицензиялау

Сот-сараптама қызметімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.

 

31-бап. Мәдениет саласындағы қызметті лицензиялау

Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етіледі.

 

32-бап. Қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялау

Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-ІV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) банк операциялары:

заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу;

жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу;

банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;

банктердің жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргізуі, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдар мен қымбат металдардан жасалған монеталарының физикалық мөлшері көрсетіледі;

кассалық операциялар: банктер мен Ұлттық почта операторының қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта есептеуді, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауы және беруі;

аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемі мен аударымы бойынша тапсырмаларын орындау. Аударым операциясын жүзеге асыруға лицензия банктерге және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 6-1-тармағында аталған заңды тұлғаларға ғана беріледі;

есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдерін және өзге де борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

банктік қарыз операциялары: банктің, ипотекалық ұйымның немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының төлем жасалу, мерзімдік және қайтарымдылық шарттарында ақшалай нысанда кредиттер беруі;

шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;

төлем құжаттарын (вексельдерден басқа) инкассоға қабылдау;

аккредитив ашу (шығару) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;

ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беру;

үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банктік тапсырмалар мен өзге де міндеттемелерді беру;

2) банктер жүзеге асыратын өзге де операциялар:

тазартылған қымбат бағалы құйма металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобының металдары), қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және өткізу;

құрамында қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және өткізу;

вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлеушінің вексельдерге ақы төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ домицильдендірілген вексельдерге ақы төлеу, делдалдық тәртіппен вексельдердің акцепті;

лизингтік қызметті жүзеге асыру;

меншікті бағалы қағаздарды (акциялардан басқа) шығару;

факторингтік операциялар: төлем жасамау тәуекелін қабылдай отырып, сатып алушыдан тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ақы төлеуді талап ету құқығын иелену;

форфейтингтік операциялар (форфейтер): сатушыға айналымсыз жолмен вексель сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесіне ақы төлеу;

сенімгерлік операциялар: сенімгердің мүддесіне орай және тапсырмасы бойынша ақшаларды ипотекалық қарыздар және тазартылған қымбат бағалы металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару;

сейфтік операциялар: сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, клиенттердің құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау жөніндегі қызметтер;

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен бап 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) ислам банктері жүзеге асыратын банк операциялары: 

жеке және заңды тұлғалардың талап етілгенге дейін процентсіз депозиттерін қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау;

банктік заем операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық талаптары бойынша және сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беруі; 

кәсіпкерлік қызметті мынадай түрде қаржыландыру:

коммерциялық кредитті бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру;

заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру; 

лизинг (жалдау) талаптары бойынша инвестициялық қызмет;

ислам банкінің банк операцияларын жүргізу кезіндегі агенттік қызмет;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) «өмірді сақтандыру саласы бойынша мынадай сақтандыру сыныптары шегінде:

өмірді сақтандыру; 

аннуитеттік сақтандыру.

2009.11.07. № 185-ІV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді

4) «жалпы сақтандыру саласы бойынша мынадай сақтандыру сыныптары шегінде:

жазатайым оқиғалардан сақтандыру;

ауру жағдайына арналған сақтандыру;

автомобиль көлігін сақтандыру;

темір жол көлігін сақтандыру;

әуе көлігін сақтандыру;

су көлігін сақтандыру;

жүктерді сақтандыру;

осы тармақшаның төртінші-сегізінші абзацтарында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, мүлікті залалдан сақтандыру;

автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

осы тармақшаның оныншы - он екінші абзацтарында

көрсетілген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;

қарыздарды сақтандыру;

ипотекалық сақтандыру;

осы тармақшаның он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он сегізінші абзацтарында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының залалдарын сақтандыру;

кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру;

өзге де қаржы шығындарынан сақтандыру;

титулдық сақтандыру;

сот шығыстарын сақтандыру;

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандыру түрлері:

көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру;

қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру;

міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі қызмет;

6) қайта сақтандыру жөніндегі қызмет.

«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымының тек «жалпы сақтандыру» саласында ғана сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөнінде лицензия алуға және қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.

«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымының тек «өмірді сақтандыру» саласында ғана сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөнінде лицензия алуға және қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.

Қайта сақтандыру жөніндегі лицензия негізінде қызметтің ерекше түрі ретінде қайта сақтандыруды жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салаларындағы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы;

7) сақтандыру брокерінің қызметі;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) тәуелсіз актуарий ретінде қызметті жүзеге асыратын және тізбесі мен оларға қойылатын талаптарды қаржы нарығы және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген актуарийлердің халықаралық қауымдастықтарының мүшелері болып табылатын адамдардың қызметін қоспағанда, сақтандыру нарығындағы актуарийлік қызмет;

9) брокерлік қызмет;

10) дилерлік қызмет;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара

11) тармақшаға өзгерістерді қара - 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңы (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

11) орталық депозитарий мен бірыңғай тіркеушінің қызметін қоспағанда, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет;

12) инвестициялық портфелді басқару жөніндегі қызмет;

13) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет;

14) кастодиан қызметі;

15) трансфер-агенттік қызмет;

16) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызмет;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды 

16-1) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі;

17) зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызмет;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара

18) мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметін қоспағанда, кредиттік бюроның қызметі.

 

2009.16.07. № 186-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

33-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау 

Лицензияның болуы мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн талап етiледi:

1) iздестiру қызметi.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

инженерлiк-геодезиялық жұмыстар, оның iшiнде:

геодезиялық орталықтарды салу және қалау;

жоспарлы-биiктiк түсiру желiлерiн құру;

жобалау мен салуға арналған топографиялық жұмыстар (1:10000-нан 1:200-ге дейінгі масштабтағы түсiрулер, сондай-ақ жерасты коммуникациялары мен құрылыстарын түсiру, жердегi желiлiк құрылыстар мен олардың элементтерiн трассалау және түсiру);

инженерлiк-геологиялық әзiрлемелердi, геофизикалық және басқа да iздестiру нүктелерiн бекіту арқылы нақты іске асырумен байланысты геодезиялық жұмыстар;

инженерлiк-геологиялық және инженерлiк-гидрогеологиялық жұмыстар, оның iшiнде:

геофизикалық зерттеулер, шолып байқау және түсiру;

жер қабаттарын далалық зерттеулер, гидрогеологиялық зерттеулер;

2) жобалау қызметі.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

қала құрылысын (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды қоспағанда, тарихи құрылыс аудандарының қала құрылысын қалпына келтiру үшiн жобалау құқығымен) жобалау және жоспарлау, оның iшiнде:

жоспарлау құжаттамасын (аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын - аудандық жоспарлау жобаларын, елдi мекендердiң бас жоспарларын, аудандарды, шағын аудандарды, орамдарды, жекелеген учаскелердi егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары мен салу жобаларын);

елдi-мекендердiң (елдi-мекендер шекараларының шегiнде орналасқан көше-жол желiлерi мен қалаiшiлiк және сыртқы көлiк объектiлерiнiң) және қонысаралық аумақтардың (елдi-мекендердiң көше-жол желiсiнен тысқары орналасқан сыртқы көлiк объектiлерi мен коммуникацияларының) көлiк инфрақұрылымын дамыту схемаларын;

құрылыс салу жүйесiнде жылу энергиясын өндiру және тасымалдау жөніндегі объектiлердi орналастыра отырып, елдi мекендердi жылумен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi жылумен жабдықтау схемаларын;

ауыз су және (немесе) техникалық су көздерiн орналастыра отырып және су ағызуды трассалай отырып, елдi-мекендердi сумен жабдықтау схемаларын, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi сумен жабдықтау схемаларын;

тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның қалдық суларын жинау мен ағызудың орталықтандырылған жүйесiн, бас тазартқыш құрылыстарды, қалдық суларды буландыру және қайта генерациялау жөніндегі объектiлердi орналастыруды қоса алғанда, елдi-мекендер мен өндiрiстiк кешендердiң кәрiз схемаларын;

қонысаралық аумақтарда орналасқан елдi мекендер мен өндiрiстiк кешендердi газбен жабдықтау схемаларын;

құрылыс салу жүйесiнде электр энергиясын өндiру және тасымалдау жөніндегі объектiлердi орналастыра отырып, елдi мекендердi электрмен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi электрмен жабдықтау схемаларын;

инфрақұрылым объектiлерi мен ақпарат көздерiн орналастыра отырып, елдi мекендер үшiн телекоммуникация және байланыс схемаларын әзiрлеу;

күрделiлiгi бірiншi немесе екiншi және үшiншi деңгейлердегi ғимараттар мен құрылыстарды сәулеттiк жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, сәулеттiк-реставрациялау жұмыстары үшiн жобалау құқығымен), оның iшiнде:

объектiлердiң бас жоспарларын, аумақтың инженерлiк дайындығын, жер бедерiн көркейтуді және ұйымдастыруды;

өндiрiстiк (өндiрiстiк-шаруашылық) мақсаттағы ғимараттарды, құрылыстар мен коммуникацияларды;

тұрғын үй-азаматтық ғимараттар мен құрылыстарды;

құрылыстық жобалау (ғимараттар мен құрылыстарды күрделi жөндеу және (немесе) реконструкциялау үшiн жобалау, сондай-ақ төменде аталған жұмыстардың әрқайсысы үшiн конструкцияларды нығайту құқығымен) және конструкциялау, оның iшiнде:

негiздер мен iргетастарды;

бетон және темір-бетон, тас және арматура-тас конструкцияларды;

металл (болат, алюминий және қорытпа) конструкцияларды;

ағаш конструкцияларды құрылыстық жобалау және конструкциялау;

инженерлiк жүйелер мен желiлердi, оның iшiнде:

жылудың iшкi жүйелерiн (электрмен жылытуды қоса алғанда), желдетудi, кондиционер орнатуды, салқын ауамен жабдықтауды, газдандыруды (төмен қысымды газбен жабдықтауды), сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;

су құбыры (ыстық және суық су) мен кәрiздiң iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;

тогы әлсiз құрылғылардың (телефондандырудың, өрттен қорғау сигнализациясының) iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың сыртқы желiлерiн;

бақылау-өлшеу, есептеуіш және реттеуіш құрылғыларды қоса 

алғанда, технологиялық процестердi автоматтандыруды;

iшкi және сыртқы электрмен жарықтандыру, 0,4 кВт-қа дейiн және 10 кВт-қа дейiн электрмен жабдықтау жүйелерiн;

35 кВт-қа дейiн, 110 кВт-қа дейiн және одан жоғары электрмен жабдықтауды;

магистральдық мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын, газ құбырларын (орта және жоғары қысымды газбен жабдықтауды) жобалау;

мыналар:

еңбектi қорғау;

коррозияға қарсы қорғау құрылғысы;

найзағайдан қорғау құрылғысы;

ғимараттар мен құрылыстарды жаңадан салу, күрделi жөндеу, реконструкциялау немесе қайта жабдықтау үшiн жобалау кезеңiнде өрттен қорғау сигнализациясы, өрт сөндiру және өрттен қорғау жүйесi автоматикасы, оны орнату;

сметалық құжаттама жасау;

құрылысты ұйымдастыру жобалары мен жұмыс өндiрiсiнiң жобаларын құру бойынша жобалардың арнайы бөлiмдерiн әзiрлеу;

тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы, оның iшiнде:

мектепке дейiнгi білім беруге, жалпы және арнаулы білім беруге, интернаттарға, кадрлар даярлайтын орындарға, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерiне, сауда (дәрiханаларды қоса алғанда), денсаулық сақтау (емдеу және аурулардың профилактикасы, оңалту және санаториялық емдеу), қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жаттығуларға, демалыс пен туризмге арналған, сондай-ақ түрлi қоғамдық мақсаттағы үй-жайлары бар өзге де көп функциялы ғимараттар мен кешендерге арналған;

көлiк инфрақұрылымына (тiкелей халыққа қызмет көрсету үшiн көзделген) және коммуналдық шаруашылыққа арналған (көлiк құралдарына қызмет көрсетуге арналған, сондай-ақ өзге де өндiрiстiк шаруашылық мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстардан басқа) ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);

өндiрiстiк мақсаттағы, оның iшiнде:

энергетика өнеркәсiбiне арналған;

жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн қоса алғанда, қайта өңдеу өнеркәсiбiне арналған;

ауыр машина жасауға арналған;

медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсiбiне арналған;

бөгеттер, дамбалар, басқа да гидротехникалық құрылыстар;

мұнара және дiңгек үлгiсiндегi конструкцияларға;

көтергіш-көлiктiк құрылғылар мен лифтiлерге арналған объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);

көлiк инфрақұрылымы, байланыс және коммуникация, оның iшiнде:

автомобиль, электрлi, темір жол және өзге де рельстi, әуе, су көлiгi түрлерiн қоса алғанда, қалаiшiлiк және сыртқы көлiкке;

жергiлiктi байланыс, радио-, телекоммуникация желiлерiне;

байланыс (спутниктiк байланысты қоса алғанда) және өзге де телекоммуникация түрлерiнiң жалпыреспубликалық және халықаралық желiлерiне қызмет көрсету жөніндегі объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);

мыналарды:

темір жол көлiгi қатынастарын;

барлық санаттағы автомобиль жолдарын;

қалалық электр көлiгінiң көше-жол желiсiн;

көпiрлер мен көпiр өткелдерiн, оның iшiнде көлiк эстакадалары мен көп деңгейлi жол айрықтарын қамтитын технологиялық жобалау (көлiк құрылысы жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);

қайта өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы объектiлерiнiң құрылысын технологиялық жобалау (жобалардың технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);

3) құрылыс-монтаж жұмыстары.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

жер қабатындағы арнаулы жұмыстарды, оның ішінде:

іргетасты орналастыруды;

ұңғымаларды (мұнай және газ ұңғымаларын қоспағанда) жайластыруды; 

жер қабатындағы бұрғылау, бұрғылау-жару жұмыстарын;

су асты-техникалық жұмыстар мен теңiз қайраңындағы жұмыстарды;

мелиоративтiк және су шаруашылығы құрылысындағы жер жұмыстарын;

жер қабатындағы гидромеханикаландырылған жұмыстарды;

объектілерді күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын үйлер мен ғимараттардың (оның iшiнде көпiрлер, көлiк эстакадалары, тоннельдер мен жол өткізгілер, өзге де жасанды құрылыстар) тiрек және (немесе) қоршау конструкцияларын салуды, оның ішінде:

металл конструкцияларды монтаждауды;

мұнара және дiңгек үлгiсiндегi құрылыс конструкцияларын, түтiн мұржаларын монтаждауды;

көпiрлер мен көпiр өткелдерiнiң тiрек конструкцияларын монтаждауды;

гидротехникалық және селден қорғау құрылыстарын, бөгеттердi, дамбаларды;

түтiн мұржаларын, тiрек құрылыстарын, градирняларды, шахта үстiндегi тоқпақтарды;

тау-кен ұңғылау және тоннель жұмыстарын, сүзгі қалқаларын орналастыруды;

көтергіш құрылғылардың (лифтiлердiң, эскалаторлардың, шахта тоқпақтары мен көтергiштерiнiң, аспалы жолдар мен басқа да көтергіш құрылғылар конструкцияларын) құрылыс конструкцияларын монтаждауды;

металлургия, мұнай-химия, тау-кен, энергетика және басқа да өнеркәсiп салалары агрегаттарының, аппараттары мен басқа да технологиялық ғимараттарының құрылыс конструкцияларын монтаждауды;

монолиттi конструкцияларды орналастыруды, сондай-ақ құрама-бетон және темір-бетон конструкцияларын монтаждауды, қабырға мен далдалардың жеке элементтерін қалауды және ойықтарды толтыруды;

шатыр жабу жұмыстарын қамтиды;

күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын желілік құрылыстарды төсеу жөніндегі арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстарын, оның ішінде: 

қысыммен жұмыс iстейтiн не жарылу-өрт қаупi бар немесе өзге де қауiптi (зиянды) сұйық немесе газ тектес заттарды сақтауға арналған болат резервуарларды (ыдыстарды);

мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсiпшiлiк және магистральдық желiлерiн, сондай-ақ мұнай өнiмдерi құбырларының магистральдық желiлерiн;

кернеуi 35 кВт-қа дейiнгi және 110 кВт-қа дейiнгi және одан жоғары электр беру магистральдық желiлерiн;

түстi металдардан, полимерлiк материалдар мен шыныдан жасалған технологиялық құбырларды монтаждауды;

байланыс пен телекоммуникацияның жалпы республикалық және халықаралық желiлерiн қамтиды;

күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қоса алғанда, инженерлiк желiлер мен жүйелердiң құрылысын, оның iшiнде:

темір жол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желiлерiн, әуе көлiгi кәсiпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желiлерiн;

газбен жабдықтаудың жоғары және орташа қысымды, тұрмыстық және өндiрiстiк газбен жабдықтаудың төмен қысымды желiлерiн, газ шаруашылығының iшкi жүйелерiн;

суық және ыстық сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау желiлерiн, тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның қалдық суларының орталықтандырылған кәрiзiн, су құбырының, жылу беру мен кәрiздiң iшкi жүйелерiнiң құрылғысын;

электрмен жабдықтау желiлерiн және сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғысын, iшкi электрмен жарықтандыру және электрмен жылытудың желiлерiн;

iшкi орталықтандырылған жүйелердi;

желдетудi, ауаны салқындатуды, пневматикалық көлiктi және аспирацияны орналастыруды қамтиды;

конструкциялар мен жабдықтарды қорғау және өңдеу жөніндегі жұмыстарды, оның ішінде объектілерді күрделі жөндеуді және реконструкциялауды (судан қорғауды, жылуды сақтауды, оның iшiнде тасқын су кезiндегi коррозиядан сақтауды, химиялық қорғауды жабынды мен электрлi химиялық қорғауды және найзағайдан қорғауды); 

күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын автомобиль және темір жол құрылыстарын салу, оның ішінде:

темір жолға арналған негiздердi және оның беткi құрылыстарын салу;

I және II техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ жүрдек және реттелмелi қозғалыстың қалаiшiлiк магистральдық жолдарының, үздiксiз және реттелмелi қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;

III, IV және V техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ магистральдық болып табылмайтын елдi-мекендер көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;

аэродромдардың ұшу-қону жолақтары мен тiкұшақ алаңдарының негiздерi мен жабындыларын;

мыналармен:

лифт шаруашылығы және өзге де көтергіш-көлiктiк құрылғылармен;

металлургиямен, кен байытумен;

металл өңдеумен;

ағаш өңдеумен;

геологиялық барлау, мұнай және газ кәсiпшiлiгiмен;

тау-кен-шахта өндiрiсiмен, метрополитендер және тоннельдермен;

гидротехникалық және мелиоративтiк құрылыстармен;

астықты сақтаумен және ұқсатумен, өзге де тамақ өнiмдерiн өндiрумен және сақтаумен;

көмiр, химия және мұнай өңдеу өндiрiсімен;

құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар өндiрiсiмен;

жеңiл өнеркәсiп өнiмдерi өндiрiсiмен;

дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника өндiрiсiмен, денсаулық сақтаумен, оңалтумен және аурулар профилактикасымен;

театр-ойын-сауыққа, білім беруге, спортқа арналған объектiлермен;

жарылыстан қорғалған электр-техникалық жабдықты қоса алғанда, электр пештермен, өзге де электр-техникалық құрылғылармен;

компрессор машиналарымен, сорғылармен және желдеткiштермен;

байланыспен, авариядан қорғаумен, бақылау және сигнализация жүйесiмен, көлiкте, электр энергетикасы және сумен жабдықтау объектiлерiнде, тұрмыс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн өзге де объектiлерде оқшаулаумен, сондай-ақ өндiрiстiк мақсаттағы есепке алу мен бақылау аспаптарымен байланысты технологиялық жабдықтарды монтаждау, iске қосу-жөндеу жұмыстары;

4) тұрғын үй ғимараттарының құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен ұйымдастыру жөніндегі қызмет.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 34-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

34-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын дайындау саласындағы қызметті лицензиялау

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын дайындау үшін лицензияның болуы талап етіледі.

 

35-бап. 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

36-бап. Этил спиртінің және алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымы, темекі өнімдерінің өндірісі саласындағы қызметті лицензиялау

Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

1) этил спиртінің өндірісі;

2) алкоголь өнімінің өндірісі.

Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:

арақтар мен айрықша арақтардың өндірісі;

ликер-арақ өнімдерінің өндірісі;

шарап материалының өндірісі;

шарап өндірісі;

коньяк өндірісі;

бренди өндірісі;

сыра өндірісі;

3) алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату;

4) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

5) темекі өнімдерінің өндірісі.

 

37-бап. 2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен мазмұн 37-1-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 

37-1-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау

Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

1) тауар биржаларының қызметі;

2) биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметі.

 

 

4-тарау. Тауарлардың экспорты мен импорты саласындағы лицензиялау

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

38-бап. Жалпы ережелер

1. Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген, үшінші елдермен саудада Еуразия экономикалық қоғамдастығы шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйым салатын немесе шектеулер қолданатын тауарлардың бірыңғай тізбесі негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі экспорты және (немесе) импорты лицензиялануға жататын тауарлардың тізбесін белгілейді. 

Тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялау оларды орындау үшін осы шектеулер енгізілген мақсаттармен салыстырғанда тауарлар экспортына немесе импортына мейлінше шектеушілік немесе бұрмалаушылық әсер етпеуге тиіс. 

2. Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес сыныпталатын, оған қатысты лицензиялау енгізілген әрбір тауарға лицензия беріледі. 

Лицензиар мынадай лицензия түрлерін береді: 

біржолғы; 

бас; 

ерекше. 

Лицензиар бас және ерекше лицензиялар беруді Кеден одағы комиссиясының шешімімен көзделген жағдайларда жүзеге асырады. 

3. Бас және ерекше лицензиялардың иелері лицензияның орындалу барысы туралы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесіне дейін уәкілеті органға есеп беруге міндетті. 

Біржолғы лицензиялардың иелері лицензияның қолданыс мерзімі өтісімен күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға лицензияның орындалуы туралы анықтама беруге міндетті. 

4. Біржолғы лицензияның қолданыс кезеңі оның қолданыла бастаған күнінен бастап бір жылдан аспауға тиіс. Біржолғы лицензияның қолданыс мерзімі сыртқы сауда шартының (келісімшартының) қолданыс мерзімімен немесе лицензия беруге негіз болып табылатын құжаттың қолданыс мерзімімен шектелуі мүмкін. 

Сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін лицензияның қолданыс кезеңі квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады. 

Егер Кеден одағы комиссиясының шешімінде өзгеше жазылмаса, бас лицензияның қолданыс мерзімі ол қолданыла бастаған күннен бастап бір жылдан аспауға тиіс, ал сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады. 

Ерекше лицензияның қолданыс мерзімі әрбір нақты жағдайда Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.

 

39-бап. 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

40-бап. 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

41-бап. Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау

Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде өтініш барлық жағдайда мақұлданады. Бұл ретте, импорт операцияларын жүзеге асыру үшін импорттаушы елдің заңды талаптарын орындайтын кез келген тұлға импортқа лицензия алуға өтініш жасау және оны алу құқығын тең жағдайларда иеленеді. Лицензия алуға өтінішті тауарлар кедендік тазартылғанға дейін кез келген жұмыс күнінде беруге болады. Лицензия алуға өтініш пен қажетті құжаттар тиісті әрі толық нысанда ұсынылған жағдайда лицензия он жұмыс күні ішінде беріледі.

Импортты автоматты түрде лицензиялауға жататын тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

 

 

5-тарау. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берудің шарттары мен тәртібі

 

 

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 42-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

42-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру шарттары

1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, егер жергілікті атқарушы орган немесе орталық мемлекеттік органның аумақтық органдары лицензиар болып табылса, жеке немесе заңды тұлғаны тіркеу орны бойынша беріледі.

2. Лицензияны және лицензияға қосымшаны (қызметтің кіші түрлері болған жағдайда) алу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) өтініш;

2) заңды тұлға үшін - жарғының (экспорт және импорт операцияларын қоспағанда) және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелері;

3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі;

5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі; 

6) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі;

7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия берген кезде құжаттар тізбесіне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілей алады.

3. Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) өтініш;

2) лицензияның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі;

3) қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

4. Лицензиар өтініш берушінің (лицензиаттың) құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактілері анықталған жағдайда лицензиар аталған мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді түрде бас тартады.

5. Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі мәніне мемлекеттік органдардың келісімдерін алу үшін лицензиар өтініш берушінің лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сауал жібереді.

Мемлекеттік органдар лицензиар сауалының негізінде он жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы тиісті лицензиарға жауап жібереді.

Мемлекеттік органдар осы Заңда белгіленген мерзімде жауап жібермеген жағдайда лицензия беру келісілді деп саналады.

6. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беру, беруден бас тарту, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудің шарттары мен тәртібі «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия берудің шарттары мен тәртібі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия берудің ерекше талаптары «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

7. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін тиісті лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі аталған органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 43-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

43-бап. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы өтiнiштердi қарау мерзiмдерi 

1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны отыз жұмыс күнінен кешіктірмей беретін атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландырумен байланысты қызметтегі лицензиарларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Заңда белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

Лицензиар осы бапта белгiленген мерзiм iшiнде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартудың себептерi туралы жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтаруға мiндеттi.

2. Егер лицензиар осы Заңда белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелді түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзімдері өткен күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы берілді деп есептеледі.

Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру мерзімдері өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге міндетті.

Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген жағдайда бес жұмыс күні өткеннен кейін лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы алынды деп есептеледі, ал лицензияның өзі алынғанға дейін лицензиардың құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылған тізімдеменің көшірмесі лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырудың заңды екенін растайтын құжат болып табылады.

 

2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі) (бұр.ред.қара) 44-бап өзгертілді

44-бап. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым

Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берілген (қайта ресiмделген) кезде алынады.

Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым ставкалары Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленеді. 

Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) берген кезде лицензиялық алым алынбайды.

 

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 45-бап өзгертілді

45-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту

1. Егер:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;

2) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;

4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

4-1) өтініш берушіге лицензия беру келісуші мемлекеттік органмен келісілмесе;

5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған;

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 

6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш берушіге лицензия алуға тыйым салған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тарту жүзеге асырылады.

Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар беруден бас тарту үшін қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілей алады.

2. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.

 

46-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартуға шағымдану

Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша осы Заңда белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту өтініш берушіге дәлелсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымдануға құқылы.

 

 

6-тарау. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, оның телнұсқаларын беру, қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру

 

2009.11.07. № 185-ІV ҚР Заңымен 47-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 47-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

47-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын қайта ресiмдеу және беру 

1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген жағдайда лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар. 

Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлiнген бланкiлерi лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтiнiш берген күнінен бастап жарамсыз деп есептеледi. 

Лицензиар өтiнiш берiлген күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын бередi.

2. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай жағдайларда:

1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгергенде;

2) дара кәсіпкерді қайта тіркеген, оның атауы мен мекен-жайы өзгерген кезде;

3) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде;

4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекен-жайы өзгерген кезде қайта ресімдеуге жатады.

Қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың, осы тармақта белгіленген тәртіппен лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге құқығы бар.

Лицензиат қайта ресімдеу туралы өтінішті лицензияларды қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттарды және лицензия мен лицензияға қосымшаның (болған жағдайда) көшірмелерін күнтізбелік отыз күн ішінде береді.

Өтінішке осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса ұсынбаған жағдайда лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуден бас тартады.

Қызметтiң лицензияланатын түрiнен бір немесе одан көп банк операциялары, сақтандыру қызметiндегi бір немесе одан да көп сынып алып тасталған жағдайда, лицензиат күнтiзбелiк отыз күн iшiнде лицензиясымен қоса, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.

Қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс қызметтің лицензияланатын түрі мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға отыз күнтізбелік күн ішінде лицензияларды және лицензияның көшірмесін қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымды төлегенін растайтын құжаттарға қоса, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.

3. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны және лицензияға қосымшаны (болған жағдайда) қайта ресімдейді.

Лицензиат қайта ресімделген лицензияны алған кезде бұрын берілген лицензия мен лицензияға қосымшаны (болған жағдайда) лицензиарға қайтаруға міндетті.

 

2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен 48-бап өзгертілді (бұр.ред.қара

48-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтату

2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы мынадай жағдайларда:

1) лицензияның берілген мерзімі аяқталғанда;

2) жүзеге асырылуына лицензия берілген іс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;

3) лицензия алып қойылғанда;

4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну, немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;

5) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;

6) лицензияланатындардың тізбесінен қызметтің жекелеген түрі және (немесе) кіші түрі алып тасталса;

2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) лицензиат лицензиялауға жататын субъектілер қатарынан алып тасталса;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

2. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға міндетті.

 

2010.20.01. № 241-ІV ҚР Заңымен 49-бап өзгертілді (бұр.ред.қара

49-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру

Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 49-1-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

49-1-бап. Лицензиялық бақылау

1. Лицензиялық бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

7-тарау. Қорытынды ережелер

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 50-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

50-бап. Залалдарды өтеу

Лицензия беруден негізсіз бас тартудан немесе лицензиаттың құқығын бұзудан туындайтын залалдарды өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

51-бап. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын бұзу

Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

52-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

2. «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52, 54-құжаттар; № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 15, 151-құжат; № 19-20, 165-құжат; 2003 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4, 25-құжат; № 6, 34-құжат; № 10, 50, 51-құжаттар; № 11, 69-құжат; № 14, 107-құжат; № 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., № 2, 9-құжат; № 5, 27-құжат; № 10, 54-құжат; № 14, 82-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 17, 98-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 92-құжат; № 16, 97, 102-құжаттар) күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

         

 

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2007 жылғы қаңтардың 11-сі.

№ 214-III ҚРЗ