Баптар

ҚР Үкіметінің 27.02.2012 ж. № 261

Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың кейбір мәселелері

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 28-бабының 9-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылар ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспаған жағдайда мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында қорытынды аттестаттаудан өтуге және оқуын бітіретін жылы орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына кешенді тестілеу арқылы түсуге мүмкіндік беретін мынадай жағдайлар айқындалсын:
     1) денсаулық жағдайы бойынша;
    2) жақын туыстарының қайтыс болуы (ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже);
    3) төтенше жағдайлар, сондай-ақ жол-көлік оқиғалары.
    2. Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылар кешенді тестілеуге  қатысу мүмкіндігі оқуын бітіретін жылы осы қаулының        1-тармағында көрсетілген жағдайларды куәландыратын құжаттар ұсынылғаннан кейін іске асырылады деп белгіленсін.
    3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

          Қазақстан Республикасының
                   Премьер-Министрі                                       К. Мәсімов