Баптар

«ҚР Білім және ғылым министрлігінің Комитеттері мен құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» ҚР БҒМ Жауапты хатшысының 2011 жылғы 27 қазандағы № 289-К бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Келісілді
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Б.Т. Жұмағұлов

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігінің Комитеттері мен
құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Жауапты хатшысының 2011 жылғы 27 қазандағы
№ 289-К бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Комитеттері мен құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жауапты хатшысының 2011 жылғы 27 қазандағы № 289-К бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік)  құзыреті шегінде білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функцияларды, сондай-ақ оның құзыретіне қатысты саладағы бақылау және іске асыру  функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Осы Комитет туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеге, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы қаулысына және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі № 778 қаулысына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 282 қаулысына сәйкес әзірленген.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Комитеттің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар және басқармалардан тұрады:
1) әкімшілік және құқықтық жұмыс;
2) талдамалық жұмыс және мониторинг;
3) сыртқы бағалау;
4) білім саласындағы бақылау;
5) аумақтық органдардың қызметін үйлестіру;
6) білім беру қызметін лицензиялау;
7) ғылыми кадрларды даярлау сапасын бағалау.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Міндеті: білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.
Функциялары:
1) бiлiм беру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияларды және (немесе) қосымшаларды:
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға;
техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға;
орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары білімнен кейінгі білім берудің, оның ішінде мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға;
рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға береді;
2) меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің;
арнайы және мамандандырылған білім берудің;
балаларға арналған қосымша білім берудің;
балалар мен жасөспiрiмдерге арналған спорт бойынша қосымша білім берудің;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (медициналық және фармацевтiк бiлiм берудi қоспағанда) білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзедi;
3) меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамаларының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылау жүргізуді жүзеге асырады;
4) бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырады,  әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданады, істерді қозғайды және сот органдарына береді, сот процесстеріне қатысады;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарына тексеріс жүргізу жоспарын әзірлейді және бекітеді;
6) тексерілетін субъектілерді тексерулердің санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үздіксіз негізде жүргізеді;
7) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуден өткізеді;
8) білім және ғылым саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
9) Комитет әзірлеген Министрліктің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жібереді;
10) Комитет әзірлеген нормативтік құқықтық актілерді мерзiмдi баспасөз басылымдарда ресми жариялауды қамтамасыз етеді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келетін және ескірген құқық нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау және өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды дер кезінде қабылдау үшін Комитет әзірлеген және (немесе) іске асыратын заңға тәуелді актілерге қатысты тұрақты негізде мониторинг жүргізеді;
12) аумақтық органдардың қызметтерін үйлестіреді және бақылайды;
13) Комитет қызметінің бағыттары бойынша аумақтық органдарға әдістемелік көмек көрсетеді;
14) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шыққан ресми құжаттарға апостиль қояды;
15) шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тиісті құжат бере отырып тану және нострификациялау рәсіміне мемлекеттік бақылау жүргізуді жүзеге асырады;
16) шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы шешім қабылдайды.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Міндеті: сырттай бағалау әдісімен мемлекеттік бақылау және білім беру қызметін беру сапасын арттыру.
Функциялары:
1) бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастырады және өткізеді;
2) оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастырады және өткізеді;
3) білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізеді.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Міндеті: мемлекеттік бақылау және ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыру.
Функциялары:
1) диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені әзірлейді;
2) ғылыми дәрежелерді беру және ғылыми атақтар беру тәртібін әзірлейді;
3) ғылым кандидаты мен ғылым докторы,  философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін береді;
4) жоғары оқу орнының және ғылыми ұйымдардың қолдаухаты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын береді;
5) мемлекеттің атынан белгіленген мемлекеттік үлгідегі ғылым кандидаты және докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарын, доцент, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор аттестаттарын береді;
6) PhD докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестерді құрады және олардың қызметін ұйымдастырады, диссертациялық кеңестердің төрағаларын бекітеді;
7) ғылыми дәрежелер мен атақтарды беруге арналған аттестациялық істерді қарастыру жөніндегі сараптау кеңестерін құрады және қызметін ұйымдастырады;
8) ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесіне енетін журналдарға қойылатын талаптарды бекітеді;
9) ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесін бекітеді.»;
15 және 16-тармақтар алынып тасталсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын  жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) аумақтық органдар қызметтерінің нәтижелерін талдау және мониторинг жүргізу негізінде білім беру стандарттары мен мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
3) мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарынан қажетті ақпарат, құжаттар мен мәліметтер сұратуға және алуға;
4) нормативтік құқықтық актілердің жобасын дайындау, сондай-ақ Комитеттің өзіне жүктелген функцияларына сәйкес өткізетін іс-шараларын әзірлеу мен жүзеге асыру үшін Министрлік басшылығының келісімімен өзге бөлімшелер мен водомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін тартуға;
5) ізденушілердің аттестациялық істерін бекіту бойынша Комитеттің Алқа және Төралқа жиналыстарын өткізуге;
6) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беруге құқылы.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес негізгі міндеттері мен қызметтерін іске асыру үшін қажетті өкілеттікке ие.»
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Осы мақсатта Комитет төрағасы:
1) өз орынбасарларының, сондай-ақ аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
3) Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарларына тәртіптік жаза қолданады;
5) Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда заңнамада белгіленген тәртіпте Комитет қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ оларға тәртіптік жазалар қолданады;
6) Комитет қызметкерлерін, аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарларын іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру мәселелерін шешеді;
7) аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарларына материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;
8) Комитет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және оны барлық қызметкерлер орындауы үшін міндетті тапсырмалар береді;  
9) Комитеттің бұйрықтары мен қаулыларын шығарады;
10) Комитеттің Регламентін бекітеді;
11) Комитеттің және оның аумақтық органдарының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдау жұмысына басшылық жасайды, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты болады;
14) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы әкімшілік жаза қолданады, оларды қозғайды және сот органына береді, сот процесстеріне қатысады;
15) Қазақстан Республикасы заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.».
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Жауапты хатшы                                                      Ә. Ғалымова