Баптар

«Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы «31» тамыздағы
№ 1119 қаулысымен бекітілген

«Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет осы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Талдамалық жұмыс және мониторинг басқармасында  көрсетіледі (бұдан әрі – уәкілетті орган), мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, "Министрліктер Үйі", 11 кіре-беріс, Орынбор көшесі, 8 үй, немесе өтініш иесінің электронды-санды қолы (бұдан әрі - ЭСҚ) болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы:  арқылы (бұдан әрі - портал).
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына сәйкес  «Қазақстан Республикасының шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 11  Заңының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-баптары;
«Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысының 1 және 2-тармақтары;
«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртiбi мен шарттары туралы Бiрыңғай қағиданы бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
4.  Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1) www.educontrol.kz  уәкілетті органның интернет — ресурсында;  
2) порталда;
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты саll–центр порталының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
5.1 уәкілетті органда осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес апостиль қойылған құжатты, не  қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру;
5.2 порталда — құжаттың апостильдеуге қабылданғаны туралы хабарлама алу, не ЭСҚ қойылған уәкілетті тұлғаның қызмет көрсетуден бас тартуы туралы уәкілетті органның дәлелді жауабы болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.
7.  Мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімі:
7.1. уәкілетті органда:
1) апостильді қойдыру түскен сәтінен бастап бес жұмыс күні  ішінде жүзеге асырылады;
2) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты жиырма минуттан аспайды.
7.2. порталда: тұтынушының келген сәтінен бастап бес жұмыс күні ішінде.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген 0,5 айлық есептің көрсеткішті  құрайтын мемлекеттік баж алынады. Төлеу тәсілі (қолма-қол және қолма-қол емес) төлем жүргізілетін банктің қарауына қарай белгіленеді.  
9. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының жұмыс кестесі:
1) уәкілетті органда – еңбек заңнамасына сәйкес, белгіленген жұмыс  кестесіне сәйкес  демалыс пен мейрам күндерін қоспағанда, күнсайын 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден жұмаға дейінгі жұмыс күндері көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және қызметті жедел ресімдеусіз кезекке тұру арқылы жүзеге асырылады.
2) порталда – тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызметтің көрсетілуі:
10.1. Уәкілетті органда дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған бланкі үлгілері көрсетілген ақпараттар стендімен жабдықталған , қажетті құжаттарын дайындап, күтуге арналған жағдайлар қарастырылған.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне қойылатын талаптар.
10.1.1. Мемлекеттік қызметте күту орны, сұраныс толтыру орнында толтырылған үлгілері бар ақпараттық стенділер, құжаттар тізбесі болуы қажет:  
1) тұтынушылардың күту орны қолайлы жағдайлармен, жиһазбен (орындық, үстелмен т.б.) қамтамасыз етілуі;
2) ақпараттау орны құжаттарды рәсімдеуге көзделген ақпараттау стендімен, орындықтармен және үстелмен қамтамасыз етілуі;
3) ақпараттық материалдардың мәтіні оқуға ыңғайлы шрифтімен, жөндеусіз, маңызды жерлері белгіленіп (сызылып) берілуі;
4)    уәкілетті органның мекемесі санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес, ғимараттар қауіпсіздігі қарастырылған, өртке қарсы шаралар қарастырылуы қажет.
10.2. Порталда жеке кабинетте.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметке тұтынушы немесе (нотариалды расталған) тұтынушының сенімін білдіруші төмендегідей құжат тапсырады:
11.1. Уәкілетті органда:
1) апостильге ұсынылған құжат;
2) мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек;
3) жеке басын куәландыратын құжат;
4) Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарына жататын құжаттар дерегі. Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден  Порталдың ақпараттық  жүйесі арқылы ЭСҚ қойылған электрондық құжат түрін алады.
Уәкілетті ұйымның қызметкері құжаттың түпнұсқасымен көшірмесін салыстырып, құжат иесіне мақұлданғаны туралы хабардар етеді.
11.2 Порталда:
1) тұтынушының ЭСҚ қойылған электрондық құжат түріндегі сұранысы;
2) апостильдеуге ұсынылған құжат;
құжаттар деректері:
3) тұтынушының жеке куәлігі.
Уәкілетті орган мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып саналатын құжаттар дерегін ЭСҚ қойылған электрондық құжаттар түріндегі Порталдың ақпараттық жүйесі арқылы ала алады.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш түрлері және басқа ақпараттар уәкілетті органның www.educontrol.kz интернет-ресурсына, күту залының стендісінде және арнайы бағандарда орналасқан.
Портал арқылы өтініш иелері электрондық құжат түріндегі сұраныстың нысанын толтырады.
13. Тұтынушылардың құжаттарын қабылдау мына мекен-жайдағы уәкілетті органда жүзеге асырылады: Астана қаласы, Орынбор көшесі,8, Министрліктер Үйі,  11-кіреберіс, 839 кабинет,  телефоны - 74-24-30, порталда электрондық құжаттарды  қабылдау тұтынушының жеке кабинетінде жүзеге асады. Сұраныс бірден уәкілетті органға жіберіледі.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарын тапсырғанда тұтынушыға:
1) уәкілетті органға өтініш тапсырылған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы мынадай деректер көрсетілген:
- сұраныстың нөмірі, күні;
- мемлекеттік қызметтің түрі;
- қосымша тіркелген құжаттардың саны;
-  құжаттың берілген орны, күні, уақыты;
- сұранысты қабылдап алған уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты және байланыс телефоны көрсетілген қолхат беріледі.  
2) портал арқылы тұтынушыға жеке кабинетіне күні, уақыты көрсетілген мемлекеттік қызметке берілген өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама-есеп беріледі.
15. Тұтынушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
1) уәкілеттік органда осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес (тұтынушының өзі келуі арқылы немесе сенім білдірген адамы арқылы) көрсетілген мекен-жайда  қолма-қол беріледі.
2) порталда тұтынушының жеке кабинетінде.
16. Уәкілетті орган осы стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттар жетіспегенде мемлекеттік қызметтің көрсетілуі тоқтатылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылғанда тұтынушыға жетіспеген құжаты көрсетіліп, қолхат беріледі.

3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитет қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік борышты атқару кезіндегі заңдылық;
3) сыпайылық;
4) толық ақпарат беру;
5) ақпаратты қорғау және оның құпиялылығын сақтау.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің  немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану түсіндіру және уәкілетті органға шағымдарды дайындауға көмек көрсету үшін осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген  уәкілетті органның  басшылығына хабарласу қажет.
Сондай-ақ,  уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы портал арқылы болғанда  ақпаратты 1414 call-центр арқылы алуға болады.
21. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына көңілі толмаған жағдайда:
1) уәкілетті органның “сұрақ-жауап интернет ресуры” арқылы  www.educontrol.kz;
2) ҚР Білім және ғылым министрінің блогы арқылы:
3) Астана қаласы, Есіл ауданындағы, Орынбор көшесі, 8, 11-кіре-берісте орналасқан ҚР Білім және ғылым министрлігінің шағымдар мен ұсыныстар жәшігі арқылы;
4) Астана қаласы, Есіл ауданындағы, Орынбор көшесі, 8, 11-кіре-берісте орналасқан ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңсесіне жазбаша шағым беріледі.
22. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында кеткен кемшіліктер  бойынша шағым тұтынушының арыздануы арқылы беріледі:
1) уәкілетті органда шағым осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген мекен-жай мен телефон бойынша уәкілетті органның басшысына беріледі;
2) порталда саll–центрдің (1414) телефоны арқылы.
23. Тұтынушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада  белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағымдар ауызша және/немесе жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде (уәкілетті органның эл.поштасы ) не жұмыс күндері комитеттің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Қажет жағдайда уәкілетті органның дұрыс жасалмаған құжаты қоса тіркеледі.
«Жеке кабинеттен» тұтынушы портал арқылы электронды өтініш жібергеннен кейін мемлекеттік органда өтінішті анықтау барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат көрсетіледі (жеткізілгені туралы белгі, тіркелуі, орындалуы, қаралуы туралы жауап немесе қараудан бас тарту себептері).
Уәкілетті органның жауабы «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беріледі.
25. Қабылданған шағым уәкілетті органның  шағымдар мен өтініштерді есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.  Өтініш иесіне күні, аты-жөні көрсетіліп, өтініші қабылданғаны туралы талон беріледі. Шағымның қаралу нәтижесі бойынша жазбаша поштамен хат жолданады.
 

«Қазақстан Республикасының білім, 
ғылым органдарынан және оқу
орындарынан шығатын ресми
құжаттарға апостиль қою» 
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының білім және ғылым органдарынан, оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі басшылар мен жауапты орындаушылардың байланыс деректері

Р/с

Лауазымы

Орналасқан мекенжайы

Байланыс телефондары

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы

Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, «Министрліктер үйі»,    Орынбор көшесі, 8, 11-кіреберіс, 919-кабинет

8 (7172) 74-20-56

2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Талдамалық жұмыс және мониторинг  басқармасының бастығы

Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8, 11-кіреберіс. 839-кабинет

8 (7172) 74-24-29

3

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Талдамалық жұмыс және мониторинг  басқармасының бас сарапшысы

Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8,  11-кіреберіс, 839-кабинет

8 (7172) 74-24-30

 

«Қазақстан Республикасының білім, 
ғылым органдарынан және оқу
орындарынан шығатын ресми
құжаттарға апостиль қою» 
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

«Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу
орындарынан шығатын білім туралы  құжаттарға апостиль қою»

үлгісі

      APOSTILLE

( Convention de la Hayе du 5 octobre 1961  )

1. Ел:  Қазақстан Республикасы
      Рауs, Country 

                                       Осы ресми құжатқа, 
           Le present acte public, This public document

2. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректоры қол қойды  
                 a ete signe par, has been signed by 

3. ______Лауазымды тұлға  _______________ретінде
 agissant en qualite de, acting in the capacity of

4.  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мөріменмөртаңбасымен бекітілді
    est revetu du sceau/timbre de, bears the seal/stamp of

                                              Куәландырылды, Atteste,
                                                      Certified

 5.   Астана_ қаласында                       6. 2011 ж. «     »_________ күні
        a, аt                                                                le, the

  7. Кіммен   Қазақстан  Республикасы  Білім және  ғылым саласындағы бақылау  комитетінің төрағасы С. Ирсалиев

8. sous     № _________________

   9. Мөр/мөртаңба                            10. Қолы ________________
      Sceau/timbre, Seal/stamp                   Signature

 

 

«Қазақстан Республикасының
білім, ғылым органдарынан және
білім беру ұйымдарынан шығатын
ресми құжаттарға апостиль қою
жөніндегі” мемлекеттік қызмет
стандартына 3-қосымша

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәні. Кесте.

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақытылылығы

1.1 Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

 

 

 

1.2. Кезекте 30 минуттан артық қызмет көрсетуді  күткен тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

2. Сапасы

2.1 Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

2.2 Лауазымды адамның  құжаттарды дұрыс ресімдеген (жүргізілген есептеулер, есеп айырысулар және тағы басқа) жағдайларының %-ы (үлесі)

 

 

 

3. Қолжетімділік

3.1 Қызмет көрсету сапасына  және оны көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

   

3.2 Тұтынушының құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған жағдайларының %-ы (үлесі)

 

 

 

 

3.3 Ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткізуге болатын  қызмет көрсетулердің %-ы (үлесі)

 

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1 Қызмет көрсетудің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

     

4.2 Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың    %-ы (үлесі)

     

4.3 Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

4.4 Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1 Персоналдың  сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)