Баптар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 маусым № 778

«Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,  2007 ж., № 18, 202-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 7-тармағының 5) тармақшасын, 8-тармағының            6) тармақшасын қоспағанда,  осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі                                                              К.  Мәсімов  

 

Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын
біліктілік талаптары