Баптар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1426 қаулысы

«Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452  қаулысына өзгерістер енгізу туралы

             Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  

                  1. «Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2007 ж., №18, 202-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

                  1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;

              2) 1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;   

                  3) көрсетілген қаулымен бекітілген білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында: 

                  1, 5 және 13 - тармақтар алынып тасталсын.  

                  2. Осы қаулы 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

      Қазақстан Республикасының  
      Премьер-Министрі                                       К. Мәсімов