Баптар

Ғылыми ұйымдардың қызметін бағалау әдістемесі

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2005 жылғы 14 маусымдағы N404
бұйрығымен бекітілген


Ғылыми ұйымдардың қызметін бағалау әдістемесі

 Осы құжат меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына  қарамастан мемлекеттік, салалық және нысаналы бағдарламаларды іске асыратын ғылыми ұйымдарды аттестаттауды және аккредиттеуді өткізу кезінде ғылыми ұйымдардың қызметінің тиімділігін айқындауға мүмкіндік беретін бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін арналған.     
 Ғылыми ұйымдардың әрбір қызмет түрі белгілі блокқа  кіреді.  Блоктағы қызмет 1 мен 20 балл шегінде  бағаланады.
 Ғылыми ұйымдар 7 блоктан тұратын рейтингілік ведомосты  (қоса беріліп отыр) толтырады (соңғы 3 жылғы мәліметтер көрсетіледі).  

1 блок. К1 - 0,20 салмақтық коэффициентімен бірге (мемлекеттік, салалық және нысаналы ғылыми бағдарламаларға сәйкес) ғылыми қызмет;
 2 блок. К2 - 0,30 салмақтық коэффициентімен бірге ғылыми әлеуеттің сапалық және сандық көрсеткіштері;
 3 блок. К3 - 0,20 салмақтық коэффициентімен бірге ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелері;
 4 блок. К4 - 0,10 салмақтық коэффициентімен бірге нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
 5 блок. К5 - 0,20 салмақтық коэффициентімен бірге қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары;
 6 блок. К6 - 0,10 салмақтық коэффициентімен бірге БАҚ-тың қоғамдық іс-шараларына қатысу;
 7 блок. К7 - 0,20 салмақтық коэффициентімен бірге алыс және жақын шетелдердің ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастық.
 Ғылыми қызметтің сапасы төмендегі әдістеме бойынша ғылыми ұйымдардың қол жеткізген көрсеткіштерін бағалауды жай ғана балдарды жинақтаумен айқындалады.
 Ғылыми ұйымдардың ғылыми-өндірістік қызметін бағалаудың интегралдық өлшеммен (ИӨ) мына формула бойынша айқындалады:
 
 ИӨ = Ө1 x Q1 + K2 x Q2 +……+Kn x Qn

ИӨ -     Ғылыми ұйымдардың ғылыми-өндірістік қызметін бағалаудың интегралдық өлшемдері; К1 ….. Kn – салмақтық коэффиценттер Q1 …..Qn – бағалау өлшемдерінің тиісті блогындағы балдардың жалпы саны. Әрбір өлшемнің балдық жүйесі осы және басқа да көрсеткіштердің маңыздылығына байланыст

Файлды аударып алу (113Kb)