Баптар

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Сұрақ.  Білім беру қызметінің қандай түрлері лицензиялануға жатады?

Жауап.  «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабына сәйкес заңды тұлғалардың білім беру қызметі Қазақстан Республикасының  лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес білім беру қызметімен шұғылдану үшін лицензияның болуы мынадай: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламалары; техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламалары; орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің, оның ішінде мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламалары; діни білім беру бағдарламалары бойынша талап етіледі.

2. Сұрақ.  Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстары лицензияланады ма?

Жауап.  Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстары қосымша кәсіптік білім беру бағдарламалары болып табылғаннан  лицензиялануға жатпайды.

 

3. Сұрақ.  Діни білім беру бағдарламалары лицензиялануға жатады ма?

Жауап.   «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың қызметі лицензиялануға жатады. Білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарлары Қазақстан Республикасының «Діни қызметшілер дайындау білім беру бағдарламаларының талаптары» мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленеді және діни ұйымының басшысымен бекітіледі. Қазақстан Республикасының заңнамасында діни білім беру бағдарламаларын деңгейге бөлу қарастырылмаған. Сондықтан  кез келген діни білім беру бағдарламалары лицензияланады.ъ

 

4. Сұрақ.  Мен Қырғызстан Республикасында диссертация қорғадым, Қазақстанда нострификациядан өту барысы қалай болар екен?

Жауап.  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің  2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми дәрежелер беру ережесіне» (бұдан әрі - Ереже) сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің баламалылығын тану осы Ереженің 21 - 22 - тармақтарында белгіленген тәртіпте өздерінің жеке өтініштері немесе олар жұмыс істейтін ұйымның қолдаухаты бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен бірге, шетелде меңгерілген кәсіптік білім беру бағдарламаларының қазақстандық докторантураның мемлекеттік жалпыға міндетті  білім беру стандарттарына сәйкестігін анықтау рәсімі өтеді.

5. Сұрақ.  Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы алу үшін қандай құжаттар тапсыру қажет?

Жауап.  Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми дәрежесі бар және осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін тұлғаларға:

1)  диссертация қорғағаннан кейін осы ұйымдағы ғылыми және/немесе ғылыми-педагогикалық қызметтегі 3 (үш) жылдан кем емес үзіліссіз өтілі, оның ішінде жоғары оқу орнында доценттен (қауымдастырылған профессордан) төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда тиісті лауазымда 2 (екі) жыл еңбек өтілі;

2)  диссертация қорғағаннан кейін жарияланған, ұсынылып отырған мамандық бойынша кемінде 14 (он төрт), оның ішінде:

Комитет ұсынатын басылымдарда кемінде 10 (он);

               Томсон Рейтер (ISI web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық ғылыми журналдардағы кемінде 2 (екі) ғылыми еңбегі;

               шетелдік халықаралық конференциялардың материалдарында кемінде 2 (екі) баяндамасы.

3)  монографиясы немесе Ғылыми кеңес ұсынған және соңғы 3 (үш) жылда басылған, көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған, жеке жазылған оқу құралы немесе оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар тұлғасы болған жағдайда беріледі.

 

6. Сұрақ. Білім туралы құжат (диплом, аттестат) шет елде берілген. Қазақстанда оқуды жалғастыру немесе жұмыс істеу үшін Дипломды нострификациялау керек пе ? Нострификацияға  қандай құжаттар қажет?

Жауап. Шет елде алынған білім туралы барлық құжаттар Қазақстан Республикасында тану/нострификациялау рәсімін өтуі қажет. Бұл рәсімді өту үшін Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына (Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 16/1, т. 8 (7172)73-17-44, 73-17-43, 73-17-50) төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:.

1) Білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініш (нысан бойынша);

2) бiлiм туралы құжаттың түпнұсқасы (салыстыру үшін, қайтарылуға жатады);

3) бiлiм туралы құжатқа: өткен оқу пәндері мен практикалардың  сағат көлемi (бар болған жағдайда), қорытынды бағалары, курстық және бiтiру кезіндегі біліктілік жұмыстары туралы, оқу үдерісін құрайтын басқа да ақпараты бар қосымшаның түпнұсқасы (салыстыру үшін, қайтарылуға жатады);

4) бiлiм туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен). 

Құжат көшірмесі мен аударманы куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағында нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады. Жекелеген жағдайларда (мысалы, прецедент бойынша тану белгіленген жағдайда) құжат берілген мемлекеттің Қазақстандағы дипломатиялық қызмет органдары жасаған аударма ұсынылуы мүмкін;

5) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен). Егер құжат иесі білім туралы құжатты алғаннан кейін тегін/атын/әкесінің атын өзгерткен жағдайда, растайтын құжатты ұсынуы қажет (неке туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшiрмесi).

6) оқу орнының мөрімен расталған негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардан басқа білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен). Егер лицензия мен оқу орнының аккредиттелгені туралы куәліктердің көшірмесі болмаған жағдайда білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы (сайтына немесе басқа да ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып) ақпарат ұсынуы қажет.

7) төлем туралы түбіртек.

Білім беру ұйымдары берген осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға апостиль қойылуы немесе заң жүзінде мойындалған болуы тиіс, не мемлекеттік қызметті алушы оқу орнынан өзінің оқығанын растайтын мұрағаттық анықтама тапсыруы қажет.

 

7. Сұрақ.  2013 жылғы мектеп бітірушілері ҰБТ-ны қалай тапсырады?

Жауап2013 жылы ұлттық бірыңғай тестілеу қолданыстағы формат бойынша өткізіледі. ҰБТ-ны тапсыруға ерікті негізде жалпы орта білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері жіберіледі.  ҰБТ қазақ және орыс тілдерінде бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі  және  қазақ  тілінде  оқытатын  мектептердегі  орыс  тілі  және  таңдаған мамандыққа байланысты таңдау пәнінің біреуі бойынша өткізіледі. Арнайы немесе шығармашылық дайындықты    талап  ететін шығармашылық  мамандықтарына түсуші бітірушілер үшін таңдау пәні - ерікті. ҰБТ-ға   қатысуға    өтініштерді    қабылдау    мерзімі   -  10 наурыздан 25 сәуірге дейін. Өтініш бланкілерін толтыруды бітіруші өзі оқитын білім беру ұйымында жүргізеді. Тестілеу ҰБТӨП-терде 1-15 маусым аралығында өткізіледі.