Баптар

Басшылык

Ырсалиев Серік Әзтайұлы - төраға

1959 жылдың 23 сәуірінде Алматы облысы Жаркент қаласында қызметкерлер отбасында дүниеге келген.  
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің (ҚазҰАУ) «Орман шаруашылығы инженері» мамандығы бойынша білім алған (1976-1981). 
Бүкілодақтық «Леспроект» бірлестігінің Қазақ аэрофотоорман көлемін мөлшерлеу  кәсіпорнында  инженер болып жұмыс атқарған.
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің орман шаруашылығы факультеті жанындағы аспирантураның күндізгі бөлімінде оқыған (1982-1985). 1986 жылы «Жоңғар Алатауының қылқан жапырақты ормандарындағы орманды қалпына келтіру жұмыстарының орман шаруашылық негіздері» тақырыбында ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуге диссертация қорғады. 
Аспирантураны аяқтағаннан кейін Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқу бөлімі өндірістік тәжірибелерінің меңгерушісі, комсомол комитетінің хатшысы, ботаника және өсімдіктер физиологиясы кафедрасының ассистенті, орман шаруашылығы кафедрасының доценті, шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі декан, орман шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі (1985-93 жылдар) қызметтерін атқарды.  
Пномпень ауылшаруашылық техникалық университетінің орман шаруашылығы кафедрасында сабақ берген (Камбоджа, 1989-1990).
1993 жылы ҚР Білім министрлігіне мемлекеттік қызметке қабылданды. Халықаралық ынтымақтастық бас басқармасы бастығының орынбасары, Білім және ғылым министрлігінің АҚШ-тағы өкілі, Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы лауазымдарында жұмыс атқарған (1993-1999).
1999 жылдан 2003 жылға дейін Білім және ғылым министрлігі Тестілеу мен білім берудегі мемлекеттік стандарттар ұлттық орталығының директоры.
2003-2004 жылдар аралығында – Білім және ғылым министрлігі Орта білім департаменті директорының міндетін атқарушы, Стратегиялық жоспарлау және бюджеттік департаментінің директоры, Білім берудегі дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті директоры. 
Білім және ғылым министрлігінің Қадағалау және аттестация жөніндегі комитет төрағасының орынбасары (2004-2007).
Білім және ғылым министрлігі Дамыту стратегиясы департаментінің директоры (2007-2010).
2010 жылдың сәуірінен 2011 жылдың қазанына дейін – Білім және ғылым вице-министрі.
2011 жылдың қазан айынан бастап – Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы.
Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне сапаны сырттай бағалауды енгізу мәселелеріне арналған 40-тан астам жарияланымдары бар. 
«Құрмет» орденінің иегері (2007).
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астанаға 10 жыл» (2008),   «Шанхай ынтымақтастық ұйымына 10 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» (2012) медальдарымен марапатталған.
«Білім беру үздігі» (1995), «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2009) белгілерімен марапатталған. 
«Нұр Отан» ХДП мүшесі, бастауыш партия ұйымының төрағасы. 
Үйленген. Үш баласы бар. 

 

Бөлебаева Ләззат Қайдирбекқызы - төрағаның орынбасары

Бөлебаева Ләззат Қайдирбекқызы 1975 жылы 23 мамыр айында Қызыл-Орда қаласында туған. 1996 жылы «Мемлекеттік бюджет» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Алматы қ. Халық шаруашылық институты) бітірді. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясат ұлттық мектебін бітірді, «Саясаттану» мамандығы бойынша Әлеуметтік білімдер магистрі атағы тағайындалды. 1996-1998 жылдар аралығында «Триллис» компаниясында бухгалтер болып жұмыс атқарды. 1998-2011 жылдар аралығында ҚР Статистика жөніндегі агенттігінде: Статистикалық ақпараттарды талдау және жариялау департаментінің Экономикалық талдау және конъюнктурлық тексерулер бөлімінде бас маман, Координациялау департаментінің Құрылымдық статистика бөлімінде, Тіркелімдер және жіктелімдер департаментінің Жіктелімдер және метадеректерді жүргізу басқармасының бастығы, Ұлттық шоттар және зерттеулер департаменті директорының орынбасары, Тіркелімдер және жарияланымдар департаментінің директоры болып жұмыс атқарды. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Төраға орынбасары қызметін атқаруда. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды (2011ж.).

 

 

Әбілмәжінов Темірғали Текебасұлы - төрағаның орынбасары

Т.Әбілмәжінов 1954 жылы туылған, 3 жоғары білімнің иегері. Мамандықтары бойынша орыс тілі мұғалімі, саясаткер, заңгер.  Т. Әбілмәжінов 1977 жылы Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО) Тимирязев ауданының Степной орта мектебінде орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, директордың орынбасары, директоры қызметін атқарған. 1980- 1991 жылдары - комсомол және партия ұйымдарында. 1991 - 1992 жылдары СҚО «Колос» газетінің редакторы. 1992 - 2003 жылдары - СҚО  жастар ісі комитетінің төрағасы, облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының бастығы, әкімнің көмекшісі, СҚО әкімінің аппараты басшысының орынбасары, Астана қаласының «Эйр Казахстан» ЖАҚ уәкілеттігінің директоры; 2004 – 2008 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің өңірлік дамыту, ұйымдық-инспекторлық жұмыс және аумақтық дамыту бөлімдерінде бас инспектор, ШҚО Бородулихинск ауданының әкімі, СҚО білім беру басқармасының бастығы лауазымдарын атқарды. 2011 жылдың қыркүйек айынан Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Атырау облысы білім саласындағы бақылау департаментінің директоры лауазымын атқарды, 2012 жылдың сәуір айынан 2013 жылдың ақпан аралығында Павлодар облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің директоры болды. Әбілмәжінов Т.Т. 2013 жылғы 15 ақпанда ауысу тәртібімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары  лауазымына тағайындалды.