Баптар

2012 ж. 22 қарашадағы N 1544 Комитет бұйрығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігі білім және ғылым саласындағы  бақылау Комитеті төрағасының 2012 жылғы  16 шілдедегі № 1082 бұйрығына  толықтырулар  енгізу туралы

«Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау
үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі білім және ғылым саласындағы
бақылау Комитеті ұсынатын ғылыми баспалар
Тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым  министрлігі білім және ғылым
саласындағы  бақылау Комитеті төрағасының
2012 жылғы  16 шілдедегі № 1082 бұйрығына  
толықтырулар  енгізу туралы

 
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің Алқасы туралы Ереженің 8-тармағына сәйкес және 2012 жылғы 19 қарашадағы № 5 Комитет Алқасының шешімі негізінде БҰЙЫРАМЫН:
    1. «Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынатын ғылыми баспалар Тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 16 шілдедегі №1082  бұйрығына  мынадай толықтырулар енгізілсін:
    көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
    1-тармақта «Жаратылыстану ғылымдары»:
    «Физика-математика ғылымдары» тарауы 8-тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
    «8. ҚазҰУ хабаршысы - Вестник КазНУ. Математика, механика, информатика сериясы»;
    «Химия ғылымдары» тарауы 6-тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
    «6. ҚазҰУ хабаршысы - Вестник КазНУ. Химия сериясы»
    «Биология  ғылымдары» тарауы 4 және 5-тармақшалармен келесі мазмұнда толықтырылсын:
    «4. ҚазҰУ хабаршысы - Вестник КазНУ. Биология сериясы.
    5. ҚазҰУ хабаршысы - Вестник КазНУ. Экология сериясы.»
    «Жер туралы ғылымдар және география ғылымдары» тарауы 11, 12,
және 13-тармақшалармен келесі мазмұнда толықтырылсын:
    «11. ҚазҰУ хабаршысы -  Вестник КазНУ. География сериясы.                    
    12. ҚазҰУ хабаршысы - Вестник КазНУ. Экология сериясы.
    13. Қазақстан ғылымының жаңалықтары.»;
    2-тармақта  «Гуманитарлық ғылымдар»:
    «Тарих ғылымдары» тарауы 7-тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
    «7. ҚазҰУ хабаршысы - Вестник КазНУ. Тарих сериясы.»;
    «Филология  ғылымдары» тарауы 8 және 9-тармақшалармен келесі мазмұнда толықтырылсын:
    «8. ҚазҰУ хабаршысы - Вестник КазНУ. Филология сериясы.
    9. ҚазҰУ хабаршысы - Вестник КазНУ. Журналистика сериясы.»
    «Саяси ғылымдары» тарауы 4-тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
    «4. ҚазҰУ хабаршысы - Вестник КазНУ. Шығыстану сериясы.»;
    «Философия ғылымдары» тарауымен келесі мазмұнда толықтырылсын:
    «1. ҚазҰУ хабаршысы - Вестник КазНУ. Философия, политология, культурология сериясы.»;
3-тармақта «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес,  қызмет көрсету»: «Экономика» тарауы 6-тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
    «6. ҚазҰУ хабаршысы - Вестник КазНУ. Экономика сериясы»;
    «Заң ғылымдары» тарауы 3 және 4 тармақшалармен келесі мазмұнда толықтырылсын:
    «3. ҚазҰУ хабаршысы - Вестник КазНУ. Заң сериясы.
    4. ҚазҰУ хабаршысы - Вестник КазНУ. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы.»;
    5 тармақта «Білім»:
    «Педагогика ғылымдары» тарауы 7, 8 және 9-тармақшалармен келесі мазмұнда толықтырылсын:
    «7. ҚазҰУ хабаршысы - Вестник КазНУ. Педагогика сериясы.
    8. Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы.
    9. Қазақ білім академиясының баяндамалары.»;
    «Психология ғылымдары» тарауы 4-тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
    «4. ҚазҰУ хабаршысы - Вестник КазНУ. Психология және социология сериясы»;
    «Техника ғылымдары және технологиялар» тарауы 13-тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
    «13. Қазақстан ғылымының жаңалықтары (көлік бойынша)»
2.  Осы бұйрықтың орындалуын бақылау төраға орынбасары З. Гаиповқа  жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Төраға                                                                                      С. Ырсалиев