Баптар

2011 ж. 06 сәуірдегі N 151 ҚР БҒМ бұйрығы

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау
нұсқаулығын бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңының 55-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
  1. Қоса беріліп отырған оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу қағидасы бекітілсін.
   2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Ә. Ырсалиев):
  1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
  2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С.Ә. Ырсалиевке жүктелсін.
  4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің
міндетін атқарушы                                                            М. Орынханов