Kaz | Rus

Бастауыш
Білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау
Білім беру және ғылым ұйымдарын аккредиттеу
Ұлттық бірыңғай тестілеу
Білім беру ұйымдарын лицензиялау
Мемлекеттік аралық бақылау
Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау
Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау
 
Жаңалықтар
Сұрақтар мен жауаптар
Байланысу
           
www.akorda.kz"
www.government.kz
www.e.gov.kz

Начальная
Комитет туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы” 2004 жылғы 29 қыркүйектегі  N1449 Жарлығы негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2004 жылғы 28 қазандағы Қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті құрылды.

  Комитеттің негізгі міндеттері білім беру, ғылым, ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестаттау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

   Комитеттің негізгі қызметтері:

  • білім беру қызметін лицензиялау;
  • жоғары оқу орындарын, ғылыми ұйымдарды аттестаттау және аккредиттеу;
  • ҰБТ-ты, білім беру ұйымдарында аралық мемлекеттік бақылауды, білімалушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттауды ұймдастыру және  жүргізу; білім туралы шетелдік құжаттарды нострификациялау;
  • ғылыми және педагог кадарларды аттестаттау.

   

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қаулысымен 2007 жылғы 13 ақпанда Такир Оспанұлы Балықбаев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Білім беру және ғылыми ұйымдар басшыларына, ДК мүшелеріне

Жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау саласындағы нормативтік құқықтық құжаттарды жетілдіру мақсатында Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті төрағасының 2007 жылғы 28 наурыздағы N228 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды. Осы топтың жетекшісі - Философия және саясаттану институтының директоры, академик Нысанбаев Әбдімәлік Нысанбайұлы.  

ҰБТ-ның ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 23 ақпандағы N85 бұйрығымен ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу Ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ережелер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N4570 енгізілді.


Комитет туралы
Басшылар
Бюллетендер
Бұйрықтар
Бекітілген ізденушілер тізімі

Талқылау үшін!

PhD докторларын даярлау жөніндегі НҚҚ жобалары
2005-2006 © Комитет по надзору и аттестации в сфере образования и науки
При любом использование материалов сайта гиперссылка на сайт www.educontrol.kz обязательна.