2006 ж. 12 қантардағы N11 ҚР БҒМ бұйрығы
|  |
Жалпы орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды дайындау және өткізу жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізудің рәсімдерін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (бұдан әрі - Комитет) (Б. Әбдірәсілов) 2006 жылғы 1 ақпанға дейін: 1) Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды (бұдан әрі - МАБ) өткізу ережесінің МАБ пәндері бойынша тест тапсырмаларының санына, МАБ-ты өткізу мерзіміне, мемлекеттік комиссиялар құрамын бекіту мерзіміне өзгерістер енгізу туралы бұйрықтың жобасын дайындасын; 2) МАБ-ты өткізу жөніндегі ҚР БҒМ өкілдерінің базасын қалыптастырсын; 3) республика өңірлері бойынша МАБ-ты өткізу кестесін жасасын (2006 жылғы ақпан-наурыз айлары); 4) Мектепке дейінгі және орта білім департаментімен (С. Есбосынова) және Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығымен (Т. Балықбаев) бірлесе отырып, МАБ-ты өткізу үшін 4-сыныптарда 10 % және 9-сыныптарда 20 % мектептерді іріктеуді жүргізсін. 2. Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы (Т. Балықбаев) 2006 жылғы 1 ақпанға дейін: 1) жалпы орта білім беру ұйымдарында МАБ-ты өткізудің тәртібін Комитетпен келіссін; 2) МАБ үшін 4-сыныптарға қазақ және орыс тілдері бойынша ашық үлгідегі, МАБ үшін 9-сыныптарға Қазақстан тарихы бойынша жабық үлгідегі тест тапсырмаларының базасын қалыптастырсын және оларды сынақтан өткізсін; 3) Білім және ғылым министрлігінің сайтына 4, 9-сыныптар МАБ пәндері бойынша өткізілетін тест тапсырмаларының үлгі нұсқаларын орналастырсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасы Б. Әбдірәсіловке жүктелсін.
Министр Б. Әйтімова
|