ght Kaз | Рус

  

 

 

Құрметті сайт қонақтары!
Сіз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайтында отырсыз.
Біз Комитеттің қызметіне қатысты мәселелер бойынша толық ақпаратты жариялауға бар күшімізді салудамыз.
«Нормативтік-құқықтық құжаттар» тарауында ҚР «Білім туралы», «Лицензиялау туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңдары, «2011-2020 жылдарға арналған білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы», «2011-2015 жылдарға арналған ҚР БҒМ дамуының Стратегиялық жоспары» орналасқан. Комитеттің жеке қызметтерін реттейтін құқықтық актілер тиісті тарауларда орналасқан.
«Жаңалықтар» тарауынан Сіз сапалы білім көрсету мәселелері бойынша өзекті ақпараттарды таба аласыз. Ата-аналар, студенттер мен оқушылар, оқытушылар және зерттеушілер, PhD докторы дәрежесіне ізденушілер, бейіні бойынша докторлар, жоғары оқу орындарының басшылары, ҒЗИ, колледждер, кәсіби лицейлер, мектепке дейінгі және басқа да білім ұйымдары, білім басқармаларының мамандары және біздің Комитеттің аумақтық Департаменттері қажетті ақпаратты осы жерден ала алады.
Құрметті сайт қонақтары Сіздер өздеріңіздің сұрақтарыңызды «Сұрақ-жауап» деген тарауда орналастыруыңызға болады.

Өзара жемісті еңбек етуге сенім арта отырып, ыстық лебізімді білдіремін
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С. Ырсалиев.

   ЖАҢАЛЫҚТАР

15.11. 2011
Ұлттық тестілеу орталығында 7-12 қарашада ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша емтиханға дайындалу үшін оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу жөніндегі шығармашылық топтың кезекті отырысы болып өтті.
Толығырақ...
14.11. 2011
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұлов білім саласындағы бақылау және балалардың құқықтарын қорғау аумақтық департаменттерінің басшыларымен 2011 жылғы 15 қарашада кездесу өткізеді.
Толығырақ...
12.11. 2011
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылғы 10 қазандағы №48 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 18-22 қазан аралығында Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының және білім беру қызметін лицензиялау ережелерінің сақталуына байланысты, «Атырау мұнай және газ институты» РМҚК мекемесінде жоспарлы тексеріс жүргізілді.
Толығырақ...
11.11. 2011
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығымен бекітілген бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу конкурсын өткізу ережелеріне сәйкес 2011 жылғы 25 қазандағы «Егеменді Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттерінде Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төмендегі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялады:
Толығырақ...
10.11. 2011
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ә.Ахметовтың жетікшілігімен Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырыс 2011 жылғы 8 қарашада өтті.
Толығырақ...
09.11. 2011
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті дипломдар мен аттестаттардың дубликатын беру туралы төмендегіні хабарлайды.
Толығырақ...
08.11. 2011
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылғы 16 қыркуйектегі №36 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 27-30 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының және білім беру қызметін лицензиялау ережелерінің сақталуына байланысты, «Қазақ инженерлі-техникалық академиясы» мекемесінде жоспарлы тексеріс жүргізілді. 
Толығырақ...
07.11. 2011
Қазіргі уақытта ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінде ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен біріге отырып
Толығырақ...
04.11. 2011
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі №14 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 19-23 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Білім туралы заңнамасының және Білім беру қызметін лицензиялау ережелерінің сақталуына байланысты, «Қазақстан халықтар Достығы университеті» мекемесінде жоспарлы тексеріс жүргізілді. 
Толығырақ...
03.11. 2011
2011 жылдың қазан айындағы тексеру қорытындылары
Толығырақ...
02.11. 2011
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне байланысты Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы құрылды.
Толығырақ...
01.11. 2011
2011 жылғы 1 қарашада Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің жетекшілігімен С.Ә. Ырсалиевтің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында сырттай бағалау рәсімдерін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.
Толығырақ...
31.10. 2011
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті 2011 жылғы 28-31 қазан аралығында жаңа құрылған аумақтық департамент директорларымен семинар-кеңес өткізді.
Толығырақ...
27.10. 2011
Ұлттық аккредиттеу орталығы 2011 жылғы 24 қазанынан бастап тану/нострификациялау рәсіміне қабылдау және дайын құжатты беру төменде көрсетілген мекен-жайы бойынша  жүргізеді: Астана  қаласы,  Жеңіс даңғылы  16/1, 4 қабат (Абай даң. қиылысы). Байланыс телефондар (7172) 78-72-61, 78-72-71, факс 78-71-63.
Толығырақ...
27.10. 2011
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылғы 3 қазанындағы №42 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 17-21 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Білім туралы заңнамасының және Білім беру қызметін лицензиялау Ережесінің сақталуына байланысты, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде жоспарлы тексеріс жүргізілді. 
Толығырақ...
cv

МЕМЛЕКЕТТІК
      САЙТТАР







 

САЙТ БОЙЫНША
       ІЗДЕУ

 

БАЙЛАНЫС
     АҚПАРАТЫ

010000, Астана қаласы,
Есіл өзенінің  сол жағалауы,
N35 көше,N8  үй (Министрліктер үйі)