Құрметті сайт қонақтары!
Сіз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайтында отырсыз.
Біз Комитеттің қызметіне қатысты мәселелер бойынша толық ақпаратты жариялауға бар күшімізді салудамыз.
«Нормативтік-құқықтық құжаттар» тарауында ҚР «Білім туралы», «Лицензиялау туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңдары, «2011-2020 жылдарға арналған білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы», «2011-2015 жылдарға арналған ҚР БҒМ дамуының Стратегиялық жоспары» орналасқан. Комитеттің жеке қызметтерін реттейтін құқықтық актілер тиісті тарауларда орналасқан.
«Жаңалықтар» тарауынан Сіз сапалы білім көрсету мәселелері бойынша өзекті ақпараттарды таба аласыз. Ата-аналар, студенттер мен оқушылар, оқытушылар және зерттеушілер, PhD докторы дәрежесіне ізденушілер, бейіні бойынша докторлар, жоғары оқу орындарының басшылары, ҒЗИ, колледждер, кәсіби лицейлер, мектепке дейінгі және басқа да білім ұйымдары, білім басқармаларының мамандары және біздің Комитеттің аумақтық Департаменттері қажетті ақпаратты осы жерден ала алады.
Құрметті сайт қонақтары Сіздер өздеріңіздің сұрақтарыңызды «Сұрақ-жауап» деген тарауда орналастыруыңызға болады.

Өзара жемісті еңбек етуге сенім арта отырып, ыстық лебізімді білдіремін
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С. Ырсалиев.

Жаңалықтар

09.12.2011Толығырақ...

Аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттері тарапынан республиканың жалпы орта білім беру...

08.12.2011Толығырақ...

2011 жылдың қарашасында «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан...

07.12.2011Толығырақ...

2011 жылғы 6-желтоқсанда Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінде төраға орынбасары Ә.Ахметовтың...