Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Бірыңғай ұлттық тестілеу   / 2009 жылғы ҰБТ-ы бойынша үлгі тестілер. Әдебиет. 
2009 жылғы ҰБТ-ы бойынша үлгі тестілер. Әдебиет.

01 нұсқа

1. Беташардың қандай жыр екендігін көрсетіңіз.

A) Тойдағы көңіл көтеру жыры.

B) Жас келіншекті елмен таныстырып, тәрбие беру жыры.

C) Қыздың басына сәукеле кигізу жыры.

D) Қызды ұзату кезінде айтылатын өлең

E) Той бастар жыры.

02 нұсқа

1. Аяз бидің бұрынғы есімін табыңыз.

A) Жақсы.

B) Уәлі.

C) Жаман.

D) Мадан.

E) Ұлы.

2. «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейітқұл», «Бақша ағаштары», «Бір уыс мақта» әңгімелерінің авторын табыңыз.

A) Сәбит Дөнентаев.

B) Спандияр Көбеев.

C) Ыбырай Алтынсарин.

D) Сұлтанмахмұт Торайғыров.

E) Абай Құнанбаев.

2. «Ер Тарғын» жырында кемеңгерлік тұлғасымен көрінген жырауды атаңыз.

A) Ақтамберді жырау.

B) Сыпыра жырау.

C) Доспамбет жырау.

D) Қазтуған жырау.

E) Шалкиіз жырау.

3. Абайдың поэмасын анықтаңыз.

A) «Масғұт».

B) «Сұлушаш».

C) «Құлагер».

D) «Батыр Баян».

E) «Көкшетау».

3. XVІІІ ғасырда өмір сүріп, Тәуке, Абылай хандарға кеңесші болған қай жырау екенін белгілеңіз.

A) Доспамбет.

B) Қазтуған.

C) Шалкиіз.

D) Бұқар.

E) Ақтамберді.

4. "Өмір сүргім келеді" деп аталатын шығарманың авторы кім екенін белгілеңіз.

A) С. Сейфуллин.

B) Б. Бұлқышев.

C) А. Жұмағалиев.

D) Қ. Аманжолов.

E) І. Жансүгіров.

4. Жәңгір хан старшындыққа тағайындаған адамды табыңыз.

A) Исатай.

B) Махамбет.

C) Баймағамбет.

D) Шернияз.

E) Бекмағамбет.

5. М.Жұмабаевтың ақындығын сүйетінін мойындаған қаламгерді белгілеңіз.

A) М.Әуезов.

B) А.Байтұрсынов.

C) І.Жансүгіров.

D) Ғ.Мүсірепов.

E) Ж.Аймауытов.

5. Абайдың өнер-білім туралы өлеңін табыңыз.

A) “Өнер-білім бар жұрттар”.

B) “Жазғытұрым”.

C) “Ғылым таппай мақтанба”.

D) “Қалың елім, қазағым”.

E) “Өзен”.

6. Ботташығы бұзаудай,

Боз сазаны тоқтыдай,

Балығы тайдай тулаған. Үзіндідегі асты сызылған сөздердің көркемдегіш құралдың қай түріне жататынын анықтаңыз.

A) Метафора.

B) Теңеу.

C) Эпитет.

D) Метонимия.

E) Синекдоха.

6. Ж.Аймауытов әдеби мұрасының негізгі, салмақты саласы.

A) Поэзия.

B) Терме.

C) Драматургия.

D) Көсемсөз.

E) Сын.

7. М.Мақатаевтың ақындыққа азаматтық тұрғыдан сипаттама берген өлеңін табыңыз.

A) «Толғау».

B) «Бабаларым, рақмет сендерге».

C) «Ұят болды-ау».

D) «Үш бақытым».

E) «Ғашықпын».

7. Кейіптеудің анықтамасын табыңыз.

A) Жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адам бейнесінде бейнелеу.

B) Алмастырып қолданылған сөздер.

C) Сөз тастап кету.

D) Бір құбылысты, екінші құбылысқа балау.

E) Құбылысты ерекше құбылтып айту.

8. Б.Момышұлының шығармасын табыңыз.

A) «Жонарқа».

B) «Тірілер мен өлілер».

C) «Қаһарлы күндер».

D) «Адам тағдыры».

E) «Қарға тамған қан».

8. «Білмеймін сор аттың ба, бақ аттың ба?

Аққуға кезенерде ырым жасап,

Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?» деген өлең жолдарын айтқан кейіпкерді көрсетіңіз. (М.Мақатаев)

A) Жылқышы.

B) Әке.

C) Тәуіп шал.

D) Бала.

E) Ана.

9. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шалдың туған жерге не үшін оралғысы келгенін табыңыз.

A) Қайтадан жаңа өмір бастау үшін.

B) Туысқандарына жолығу үшін.

C) Туған жерге жетіп өлу үшін.

D) Ашаршылықтан құтылу үшін.

E) Жаулардан құтылу үшін.

9. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шалдың шекарадан өтіп, атамекендегі ескі қыстауға кіргенде не істегенін табыңыз.

A) Шекпенін төсеп, үстіне жантая кетті.

B) Бойтұмарын алып, сөгіп, ішіндегі бір уыс топырақты төкті.

C) Су ішіп есін жинады.

D) Өткен өмірін ойлай бастады.

E) Алаңсыз ұйқыға кетті.

10. Сара Біржанмен айтысқанда кімнің үйінде болғанын анықтаңыз.

A) Тұрысбек.

B) Есімбек.

C) Шерубай.

D) Қаптағай.

E) Жүнісбек.

10. Әл-Фарабидің толық аты-жөнін табыңыз.

A) Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн узлағ Тархани.

B) Ахмет Махмұтұлы Иүгінеки.

C) Құтұб ад-дин ар-Рази.

D) Ферудин Нафиз Узлук.

E) Әбілғазы бин Араб Мұхаметхан.

11. ХV-XVIII ғғ. жырауларды белгілеңіз.

A) Асан Қайғы.

B) Тоныкөк.

C) Мұрат.

D) Білге.

E) Шортанбай.

11. Абайдың нақыл сөзін көрсетіңіз.

A) Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

B) Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

C) Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дер.

D) Ер екі сөйлемейді.

E) Отан үшін отқа түс, күймейсің.

12. Абайдың табиғат тақырыбына жазған тұңғыш өлеңін табыңыз.

A) “Қыс”.

B) “Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай”.

C) “Жазғытұрым”.

D) “Жаз”.

E) “Күз”.

12. «Ертістің құба талы секілденіп,

Алдымнан майысып шық бұрал-дағы …» - үзінді Ақанның қай өлеңінен алынғандығын табыңыз.

A) “Заман адамы”

B) “Асыл мен жасық”

C) “Жайықтың ақ түлкісі”

D) “Ақ көйлек”

E) “Құлагер”

13. Төмендегі шумақ қандай аттың портретін сипаттайтынын табыңыз.

- Ор болып қалушы еді шапқан жерің,

Шаттанып тұрушы еді қосқан елің.

Атығай, Қарауылға олжа салған,

Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім

A) Тайбурыл.

B) Байшұбар.

C) Көкбесті.

D) Құлагер.

E) Бақа айғыр.

13. Ш.Құдайбердіұлының әлеуметтік мәселелер, ел бірлігіне арналған тақырыптағы өлеңін белгілеңіз.

A) «Жастарға».

B) «Дүние мен өмір».

C) «Талап пен ақыл».

D) «Міндеу мен күндеу».

E) «Кәрілік туралы».

14. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» дастанындағы Қалқаман мен Мамырдың қосылуына кедергі болған жағдайды табыңыз.

A) Бірі кедей, бір бай балалары болғандығы.

B) Қалқаманның айттырған қалыңдығы болғандықтан.

C) Екеуі немерелес туыс болғандықтан.

D) Мамыр біреудің некелі жары болғандықтан.

E) Мамырдың аурулығы себепті.

14. «Сөзім – жыр, лебізім – күй ерке едім,

Өз жерім, өз елімде еркеледім,» - үзінді Қасымның қай өлеңінен алынғанын табыңыз.

A) “Көкшетау”.

B) “Өзім туралы”.

C) “Елге хат”.

D) “Күлемін де жылаймын”.

E) “Туған ел”.

15. Төмендегі пікірді А.Байтұрсынов қай еңбегінде айтатынын белгілеңіз.

’’Өнердің ең алды - сөз өнері. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен, ’’Өнер алды-қызыл тіл’’-деген’’.

A) ’’Ғылым’’.

B) ’’Әдебиет танытқыш’’.

C) ’’Жазған сөз жаным ашып’’.

D) ’’Жиған-терген’’.

E) ’’Дарынды сөз’’.

15. «Мен жасардым, 18 жасар жігіттей шағыма келдім»,- деген сөздерді Жамбылдың қай әңгімесінде айтқанын табыңыз.

A) «Өмір мектебі».

B) «Қысқаша өмірбаян».

C) «Өстепкеде».

D) «Менің бақытым».

E) «Өмір жыры».

16. Қ.Аманжолов өмір сүрген жылдарды табыңыз.

A) 1911-1955жж.

B) 1894-1938жж.

C) 1890-1929жж.

D) 1917-1967жж.

E) 1912-1956жж.

16. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің негізгі идеясын көрсетіңіз.

A) Қасқырларды аяусыз қыру қажет.

B) Айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы бар, оны адамдар түсіне білуі қажет.

C) Адамдар қасқырдан өткен жауыз.

D) Табиғат адамға тәуелді болу керек.

E) Қасқыр - адамның жауы.

17. Ұлт-азаттық көтеріліске жыр арнаған халық әдебиеті өкілдерін табыңыз.

A) Күдері, Жамбыл, Сәт, Омар.

B) Шортанбай, Мұрат, Әубәкір.

C) С.Дөнентаев. С.Торайғыров.

D) Махамбет, Алмажан, Шернияз.

E) Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса.

17. Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасындағы жырда жоқ, жаңадан қосылған кейіпкерлерді белгілеңіз.

A) Дәмелі, Мәрзия.

B) Балта, Сейіт.

C) Мақпал, Күнікей.

D) Жантық, Жарқын.

E) Айгүл, Сердәлі.

18. Атакем атты кейіпкері бар Ғ.Мүсірепов шығармасын көрсетіңіз.

A) ²Автобиографиялық әңгіме².

B) ²Этнографиялық әңгіме².

C) ²Оянған өлке².

D) ²Талпақ танау².

E) ²Қос Шалқар².

18. "Шырайды қайғы жасырмай,

Күлкінің ерні кезермес", - деген Абай өлеңіндегі асты сызылған сөздер троптың қай түріне жататынын белгілеңіз.

A) Кейіптеу.

B) Символ.

C) Аллегория.

D) Синекдоха.

E) Метафора.

19. Новелланың анықтамасын белгілеңіз.

A) Тек махаббат тақырыбын суреттеген шығарма,

B) Әңгіменің бір түрі, бірақ көлемі өте қысқа.

C) Әңгімеге қарағанда көлемді шығарма.

D) Оқиғасы қызу, ширақ дамып, күтпеген жерден кілт, тосын

шешіммен аяқталатын әңгіме.

E) Кейіпкерлері болмайтын, тек суреттеуге құрылатын

әңгіме.

19. Ә.Кекілбаевтың қазақ халқының көшпенді тіршілігін суреттеген шығармасын табыңыз.

A) «Шыңырау».

B) «Қараой».

C) «Дермене».

D) «Бір атаның балалары».

E) «Қылау».

20. «Диуани хикмет» еңбегі кімдікі екенін белгілеңіз.

A) Қорқыт ата.

B) Ахмет Йасауи.

C) Хорезми.

D) Құтб.

E) Махмұд Қашқари.

20. Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқыған кезде сондағы профессорлардың бірі Мағжанды «Қырғыздың (қазақтың) Пушкині» деуші еді, - деген пікірді айтқан адамды белгілеңіз.

A) М.Әуезов.

B) С.Құдаш.

C) М.Дулатов.

D) Ғ.Ибрагимов.

E) І.Жансүгіров.

21. «Арқада жер жетпейді Бурабайға

Бөленген бұйра сыпсың қарағайға.

Бұлт құшқан мәңгі мең-зең Көкшетауға

Бөлектау: «Ой, бауырым!» - дер анадайда,» - деген үзінді қай поэмадан, авторын табыңыз.

A) “Көкшетау”, Сәкен Сейфуллин.

B) “Сұлушаш”, Сәбит Мұқанов.

C) “Батыр Баян”, Мағжан Жұмабаев.

D) “Сұраншы батыр”, Жамбыл Жабаев.

E) “Құлагер”, Ілияс Жансүгіров.

21. Композиция элементін табыңыз.

A) Экскурс.

B) Пролог.

C) Арнау.

D) Ремарка.

E) Метафора.

22. Одаққа атағы кетіп, ССРО Жазушыларының І съезінде сөз сөйлеген ақын-жазушыны табыңыз.

A) І.Жансүгіров.

B) Ж.Жабаев.

C) Ғ.Мүсірепов.

D) С.Сейфуллин.

E) М.Әуезов.

22. Ақан сері туралы:

’’Тұсында сері болсын, пері болсын,

Ұнайды өмірімен Ақан маған,’’- деген пікірдің авторын анықтаңыз.

A) І.Жансүгіров.

B) М.Жұмабаев.

C) С.Сейфуллин.

D) О.Сүлейменов.

E) А.Байтұрсынов.

23. Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың,

Есіңе ал, дұғаңа мен ынтызармын,

Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз,

Астында ақ туының пайғамбардың! … - деген хаттың авторын атаңыз.

A) Жамалдың қоштасу хаты.

B) Ғайшаның Қожашқа айтқан сөзі.

C) Алтайдың Сұлушашқа арнауы.

D) Шұғаның өлерде жазған хаты.

E) Қамардың хал үстіндегі қоштасуы.

23. Бейімбет Майлиннің әйел басының азаттығына арнаған өлеңін белгілеңіз.

A) «Азат әйел».

B) «Көңіл айту».

C) «Жайлыбайда жалғыз қатын».

D) «Майдан».

E) «Құдық басында».

24. “Қорғансыздың күні” әңгімесіндегі жанама суреттемелерде айтылатын аңыз кейіпкері - батыр бейнесін белгілеңіз.

A) Күшікбай.

B) Еспенбет.

C) Тектіғұл.

D) Қалтай.

E) Жақып.

24. Абайға кімнің берген батасы екенін табыңыз.

- Балам, мен осы шаққа шейін сенімен тіл қатысып, жылы ұшырап көріскен жоқ ем. Бірақ, барлық көрген-сезгенім есімде. Жақсы ағаның зор дәмесін әмсе өстіп ақтағайсың!…Ақтарсың деп білемін! Тек өмір деген ит жаңсақ бастырмаса екен! Бетің дұрыс! Дәл осы бетіңнен жарылқасын! – деп бата берді.

A) Құлыншақ.

B) Байдалы.

C) Байсал.

D) Қаратай.

E) Сүйіндік.

25. Қазақ аулы кедейлерінің типтік бейнесі С.Мұқановтың қай өлеңінде бейнеленгендігін көрсетіңіз.

A) «Сүт заводы».

B) «Шоқпыттың шаруасы»

C) «Кедей баласы».

D) «Конвейер».

E) «Балқаш».

25. С.Мұқановтың «Сырдария» романының кейіпкерлерін табыңыз.

A) Темірбек, Бүркітбай, Асан.

B) Еркін, Ораз, Шоқпыт.

C) Байжан, Айбарша, Дәулет.

D) Бүркіт, Бәтес, Мүсәпір.

E) Алтай, Балтабек.


  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz