Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Бірыңғай ұлттық тестілеу   / 2011 ж.31 қантардағы N 35 ҚР БҒМ бұйрығы 
2011 ж.31 қантардағы N 35 ҚР БҒМ бұйрығы

«Ұлттық бірыңғай тестілеуді

өткізу пункттері туралы»

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы 12 наурыздағы № 115 бұйрығына

өзгерістер енгізу туралы


 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 12 наурыздағы № 115 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінің тізбесінде:

«Ақтөбе облысы» бөлімінде:

реттік нөмірі 13-жолдағы «4-оқу тәрбие кешені» деген сөз «№ 6 Хромтау гимназиясы» деген сөзбен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 20-жолдағы «Ж. Жүсібалиев атындағы орта мектеп» деген сөз «Ойыл қазақ орта мектебі» деген сөзбен ауыстырылсын;

«Алматы облысы» бөліміндегі реттік нөмірі 22-жолдағы «Луначарский атындағы орта мектеп» деген сөз «Алтынсарин атындағы орта мектеп» деген сөзбен ауыстырылсын;

«Қызылорда облысы» бөлімінде:

реттік нөмірі 86-жолдағы «Ж. Жабаев атындағы № 234 орта мектеп» деген сөз «№ 249 мектеп-лицей» деген сөзбен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 88-жолдағы «№ 30 орта мектеп» деген сөз «№ 250 мектеп-лицей» деген сөзбен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 89-жолдағы «№ 83 орта мектеп» деген сөз «№ 262 мектеп гимназия» деген сөзбен ауыстырылсын;

«Оңтүстік Қазақстан облысы» бөлімінде:

реттік нөмірі 109-жолдағы «Ш. Қалдаяқов атындағы орта мектеп» деген сөз «Жамбыл атындағы орта мектеп» деген сөзбен ауыстырылсын;

2


реттік нөмірі 110-жолдағы «Болашақ» мектеп гимназиясы» деген сөз «Қ. Сәтпаев атындағы мектеп-лицей» деген сөзбен ауыстырылсын;

«Павлодар облысы» бөлімінде:

реттік нөмірі 117-жолдағы «Текенов атындағы орта мектеп» деген сөз «Қ. Оспанова атындағы № 3 орта мектеп» деген сөзбен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 118-жолдағы «№8 орта мектеп» деген сөз «№ 2 жалпы білім беретін орта мектеп» деген сөзбен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 117-жолдағы «Ш. Айманов атындағы № 1 орта мектеп» деген сөз «Баянауыл жалпы орта білім беру мектеп-интернаты» деген сөзбен ауыстырылсын.

2. Ұлттық тестілеу орталығы (Қ.С. Әбдиев) осы бұйрықты Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының білім басқармаларының, ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінің назарына жеткізсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә. Ырсалиевке жүктелсін.


 

Министр                                                               Б. Жұмағұлов

 

 


  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)