Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Бірыңғай ұлттық тестілеу   / 2009 ж.25 желтоқсандағы N 590 ҚР БҒМ бұйрығы 
2009 ж.25 желтоқсандағы N 590 ҚР БҒМ бұйрығы

«Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы

бақылау, аралық және қорытынды

мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі

ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына

өзгерістер енгізу туралы



БҰЙЫРАМЫН:

1. «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 тіркелген, 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың 1-тармағы 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі;»;

осы бұйрықпен бекітілген, Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесінде:

1-қосымшада:

«2 (қанағаттанарлықсыз)» бағанындағы «0-2» деген сандар «0-3» деген сандармен ауыстырылсын;

«3 (қанағаттанарлықбағанындағы «3-13» деген сандар «4-13» деген сандармен, «3-11» деген сандар «4-11» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Орта білім департаменті (Н.Р. Аршабеков):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр                                                                   Ж. Түймебаев

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-22-14 Факс: +7 7172 74-23-78