№ | Іс-шаралар | Орындалу мерзімдері | Орындаушы |
1 | Сырттай бақылау рәсімдерін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізу. | 2010 ж. қазан
| Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет), Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі - ҰТО) |
2 | Тест тапсырмаларын сараптамадан өткізуді ұйымдастыру | 2010 ж. қазан | Комитет, ҰТО |
3 | Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) бағдарламалық қамтамасыз етуді сараптамадан өткізуді ұйымдастыру | 2010 ж. қараша- желтоқсан | Комитет, ҰТО |
4 | 2011 жылғы ҰБТ-ны өткізу жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу | 2011 ж. қаңтар- ақпан | Комитет, ҰТО, Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары |
5 | Математика және Қазақстан тарихы бойынша ҰБТ-ның тест тапсырмаларын тексеруден өткізу жөніндегі комиссия құру | 2011 ж. қаңтар-ақпан | Комитет, Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (бұдан әрі - МДОБД), Комитет, ҰТО |
6 | Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында орналасқан ҰБТ-ны өткізу пункттерінің (бұдан әрі – ҰБТӨП) ҰБТ-ны өткізуге дайындығын тексеру. 2010 жылы ҰБТ рәсімін өткізу кезінде орын алған бұзушылықтар бойынша ҰБТ-ны өткізу пункттерін оңтайландыру. | 2011 ж. қаңтар-сәуір | Комитет, ҰТО |
7 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің (бұдан әрі – Министрлік өкілдері), апелляциялық комиссия төрағаларының құрамын қалыптастыру | 2011 г. қаңтар-наурыз | Комитет, МДОБД, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (бұдан әрі- ЖЖООКБД), ҰТО, Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары |
8 | ҰБТ-ға дайындыө жөнінде сынып сағаттарын өткізу | 2011 ж. ақпан-сәуір | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары |
9 | Министрлік өкілдері, облыстық білім басқармасының, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты тұлғалары үшін өңірлік оқыту семинарларын өткізу | 2011 ж. наурыз-сәуір
| Комитет, ҰТО |
10 | Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу: «ҰБТ-ға дайындық» тақырыбында интерактивтік сабақ өткізу; ақпараттық хабарлар, ток-шоу, ашық пікірсайыстар; облыстық және аудандық БАҚ-та ҰБТ мәселесі бойынша бейне роликтер көрсету, рубрикалар ашу; БАҚ-та ҰБТ мәселесі бойынша жарияланымдар материалдарын және сұрақ-жауаптар ұйымдастыру.
| 2011 ж. қаңтар-мамыр | ҚР БҒМ Баспасөз қызметі, ҰТО, ҰБТ-ны өткізу пунктінің жетекшілері, Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары |
11 | ҰБТӨП жанынан мемлекеттік комиссияның құрамын қалыптастыру | 2011 ж. наурыз-сәуір | Комитет, ҰТО |
12 | Мемлекеттік комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының және БАҚ өкілдері, сондай-ақ ҰБТ-ны өткізуге жауапты басқа да тұлғалар үшін оқыту семинарлары мен тренингтерін өткізу | 2011 г. сәуір-мамыр | Комитет, ҰТО, Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары |
13 | Мектеп бітірушілер, мемлекеттік комиссия мүшелері, аудитория бойынша кезекшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері үшін жадынамалар дайындау. ҰБТ бойынша ақпараттық және анықтамалық («ҰБТ: сұрақтар мен жауаптар», ҰБТ жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер жинағы) әдебиеттерді басып шығару | 2011 ж. наурыз-сәуір
| ҰТО |
14 | Комитетпен апелляциялық комиссиялардың құрамын және аудиториялар бойынша кезекшілерді келісу. Нысанға сәйкес апелляциялық комиссия мүшелері және кезекшілер туралы сенімді деректер ұсыну | 2011 ж. сәуір-мамыр | ҰБТӨП жетекшілері, Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары |
15 | Министрлік өкілдері мен апелляциялық комиссия төрағаларының деректер базасын бекіту және Комитетке республика бойынша бекітілген ҰБТӨП-тің аудиториялық қорын ұсыну | 2011 ж. сәуір-мамыр | Комитет, ҰТО |
16 | Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдері орынбасарларының, мемлекеттік комиссия төрағаларының қатысуымен «2011 жылғы ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу туралы» республикалық кеңес өткізу | 2011 ж мамыр | Комитет, ЖЖООКБД, МДОБД, ҰТО |
17 | Тестілеу пункттері бойынша Министрлік өкілдері мен апелляциялық комиссиялардың төрағаларын бөлу | 2011 ж. мамыр
| Комитет, ҰТО |
18 | Тестілеу пункттеріне жіберудің алдында Министрлік өкілдерімен өткізілетін кеңесті ұйымдастыру және өткізу | 2011 ж. мамыр-маусым
| Комитет, ҰТО |
19 | ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу | 2011 ж. маусым | Комитет, ҰТО
|
20 | ҰБТ-ны өткізудің қорытындысы бойынша Министрлік өкілдерінің есептерін талдау | 2011 ж. маусым-шілде | Комитет, ҰТО |
21 | ҰБТ-ның қорытындысы бойынша жедел ақпараттар дайындау (тестілеу кезеңінде) | 2011 ж. маусым | Комитет, ҰТОТ |
22 | Білім сапасын бағалаудың ұлттық орталығына (бұдан әрі - БСБҰО) облыстардың, аудандардың, мектептердің бөлінісінде 2011 жылғы ҰБТ-ның қорытындысы бойынша статистикалық деректер базасын беру | 2011 ж. маусым-шілде
| ҰТО, БСБҰО |
23 | 2010 және 2011 жылғы ҰБТ-ның нәтижелеріне салыстырмалы талдау жасау | 2011 ж. маусым-шілде
| БСБҰО |
24 | 2004-2011 жылдардағы ҰБТ-ның нәтижелеріне салыстырмалы талдау жасау | 2011 ж. шілде - тамыз | БСБҰО |
25 | БАҚ өкілдерінің қатысуымен «2011 жылғы ҰБТ-ның қорытындылары» тақырыбында баспасөз конференциясын ұйымдастыру және өткізу | 2011 ж. маусым
| ҚР БҒМ Баспасөз қызметі, Комитет, ҰТО |
26 | 2011 жылғы ҰБТ-ның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министріне қызметтік хат дайындау | 2011 ж. маусым-шілде | Комитет, ҰТО |
27 | ҰБТ рәсімін ұйымдастыру және өткізудің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметіне ақпарат дайындау | 2011 ж шілде
| Комитет, ҰТО |
28 | 2011 жылғы ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы және атқарылған жұмыстар туралы қорытынды есеп | 2011 ж. шілде | ҰТО, БСБҰО, Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары |