Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Бірыңғай ұлттық тестілеу   / 2012 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары 
2012 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2011 жылғы «17» қазандағы.

433 бұйрығымен бекітілген


 

 

2012 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру

және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары


Іс-шаралар

Орындалу мерзімдері

Орындаушы

1

Сырттай бағалау рәсімдерін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізу


2011 жылғы

қазан


Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (БҒСБК), Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО)

2

Тест тапсырмаларын әзірлеушілер мен сарапшылар үшін оқыту семинарын өткізу

2011 жылғы

қазан

ҰТО

3

Тест тапсырмаларын сараптамадан өткізуді ұйымдастыру

2011 жылғы

қазан

ҰТО

4

Сырттай бағалау рәсімдері бойынша Білім саласындағы бақылау департаменттерінің директорлары мен қызметкерлері үшін семинарлар өткізу

2011 жылғы

қазан-желтоқсан

БҒСБК

5

Білім сапасын бағалаудың ұлттық орталығының (БСБҰО) жаңа буын тест тапсырмаларын таныстырылымы

2011 жылғы

қараша

БСБҰО

6

2012 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) ұйымдастыру және өткізу жөніндегі медиа-жоспарды әзірлеу және бекіту

2011 жылғы

қараша

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім саласындағы бақылау департаменттері (бұдан әрі - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының БСБД)

7

ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ережені әзірлеу және бекітуге ұсыну

2011 жылғы

қазан-желтоқсан

БҒСБК, ҰТО

8

Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ-ның тест тапсырмаларын тексеруден өткізу жөніндегі тәуелсіз комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру

2012 жылғы

қаңтар


БҒСБК, Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (МДОБД), ҰТО

9

2012 жылғы ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өңірлерде өткізу

2012 жылғы

қаңтар-наурыз


БҒСБК, ҰТО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының БСБД, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ББ)

10

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің (бұдан әрі – Министрлік өкілдері), апелляциялық комиссия төрағаларының деректер базасын қалыптастыру

2012 жылғы

ақпан-наурыз

БҒСБК, МДОБД, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (ЖЖООКБД), ҰТО, Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының БСБД, жоғары оқу орындары

11

ҰБТ-ға дайындық жөнінде республика масштабында мектеп бітірушілермен сыныптан тыс жұмыстарды өткізу

2012 жылғы

ақпан-сәуір

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының БСБД, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ББ

12

ҰБТ-ны өткізуге дайындық үшін іс-шараларды өткізу:

  • «ҰБТ-ға дайындық» тақырыбында интерактивтік сабақ өткізу;

  • ақпараттық хабарлар, ток-шоу, ашық пікірсайыстар;

  • облыстық және аудандық БАҚ-та ҰБТ мәселесі бойынша бейне роликтер көрсету, рубрикалар ашу;

  • БАҚ-та ҰБТ мәселесі бойынша жарияланымдар материалдарын және сұрақ-жауаптар ұйымдастыру.

 

2012 жылғы

ақпан-мамыр

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі, ҰТО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының БСБД, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ББ

13

ҰБТӨП жанынан мемлекеттік комиссияның құрамын қалыптастыру

2012 жылғы

наурыз

БҒСБК, ҰТО,

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының БСБД, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ББ

14

Министрлік өкілдері, облыстық білім басқармалары мен білім бөлімдерінің жауаптылары үшін өңірлік оқыту семинарларын өткізу

2012 жылғы

наурыз-сәуір

БҒСБК, ҰТО,

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының БСБД

15

ҰБТ-ға қатысу жөнінде туындаған мәселелерді анықтау мақсатында 11-сынып оқушыларының арасында сауалнама өткізу

2012 жылғы

наурыз -сәуір

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының БСБД

16

Жаңа қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес мектеп бітірушілер, мемлекеттік комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері үшін жадынамалар дайындау және ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізуге қатысты ақпараттық және анықтамалық ҰБТ: сұрақтар мен жауаптар», ҰБТ жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер жинағы) әдебиеттерді басып шығару

2012 жылғы

сәуір


ҰТО

17

Министрлік өкілдері мен апелляциялық комиссия төрағаларының құрамын бекіту

2012 жылғы

сәуір-мамыр

БҒСБК, ҰТО, жоғары оқу орындары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ББ

18

ҰБТ-ны өткізу пункттерінің (ҰБТӨП) аудиториялық қорын БҒСБК-мен келісу

2012 жылғы

мамыр

ҰТО

19

ҰБТ-ны өткізу пункттерінің жауапты жетекшілерінің қатысуымен 2012 жылғы ҰБТ-ны өткізу дайындығы туралы Ұлттық тестілеу орталығының баяндауы


2012 жылғы

мамыр

ҰТО, ҰБТӨП

20

БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2012 жылғы ҰБТ-ны өткізуге дайындық барысы туралы бринфинг ұйымдастыру және өткізу

2012 жылғы

мамыр



ҚР БҒМ Баспасөз қызметі,

БҒСБК, ҰТО

21

Тестілеу пункттері бойынша Министрлік өкілдері мен апелляциялық комиссиялардың төрағаларын бөлу

2012 жылғы

мамыр


БҒСБК, ҰТО

22

Тестілеу пункттеріне жіберудің алдында Министрлік өкілдерімен өткізілетін кеңесті ұйымдастыру және өткізу

2012 жылғы

мамыр


БҒСБК, ҰТО

23

ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу

2012 жылғы

1-10 маусым

БҒСБК, ҰТО


24

ҰБТ-ны өткізудің қорытындысы бойынша Министрлік өкілдерінің есептерін талдау

2012 ж.

20 шілдеге дейін

БҒСБК, ҰТО

25

ҰБТ-ның қорытындысы бойынша жедел ақпараттар дайындау (тестілеу кезеңінде)

2012 жылғы

1-10 маусым

БҒСБК, ҰТО

26

Білім сапасын бағалаудың ұлттық орталығына облыстардың, аудандардың, мектептердің бөлінісінде 2012 жылғы ҰБТ-ның қорытындысы бойынша статистикалық деректер базасын беру

2012 жылғы

10 шілдеге дейін


ҰТО, БСБҰО

27

ҰБТ рәсімін ұйымдастыру мен өткізудің қорытындысы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметіне ақпарат дайындау

2012 жылғы

10 шілдеге дейін

БҒСБК, ҰТО

28

2011 және 2012 жылғы ҰБТ-ның нәтижелеріне салыстырмалы талдау жасау

2011 жылғы

20 шілдеге дейін


БСБҰО

29

2004-2012 жылдардағы ҰБТ-ның нәтижелеріне салыстырмалы талдау жасау

2012 жылғы

25 шілдеге дейін

БСБҰО

30

2012 жылғы ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы және атқарылған жұмыстар туралы қорытынды есепті тапсыру және талқылау

2012 жылғы

25 шілдеге дейін

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі, ҰТО, БСБҰО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының БСБД, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ББ


  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)