Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Бірыңғай ұлттық тестілеу   / 2010 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жөнінде республиканың өңірлерінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы  
2010 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жөнінде республиканың өңірлерінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

«2010 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес ағымдағы жылғы 13 ақпаннан  25 наурызға дейін Астана және Алматы қалаларында, барлық облыс орталықтарында және Түркістан қаласында мемлекеттік комиссия мүшелерімен және биылғы жылғы мектеп бітірушілермен ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу жөнінде семинарлар өткізілді.    

Семинардың жұмысына ата-аналар жұртшылығының, бұқаралық ақпарат құралдарының, құқық қорғау органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері, сондай-ақ ҰБТ-ны өткізу пункттерінің жетекшілері, мектеп директорлары, сынып жетекшілері және оқушылар қатысты. Әрбір облыс орталықтарында 300-ден 500-ге дейін адамдар қатысты.

 

Барлық кездесулерде «2010 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мәселелері» тақырыбында баяндама оқылды және ҰБТ-ның нормативтік-құқықтық базасы мен оны өткізу технологиясы туралы слайдтар көрсетілді.

Республикамыздың мектеп бітірушілері, мәслихаттар, әкімдіктер өкілдерінің, оқу орындары жетекшілерінің, облыстық білім басқармалары бастықтарының, аудандық (қалалық) білім бөлімдері меңгерушілерінің, құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде жастар және студенттер ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты толық жауаптар берілді.

Семинар барыснда талқыланған мәселелер аталған рәсімді ұйымдастыру мен өткізу тәртібіне, өткізу ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға, ҰБТ-ның нәтижелерін өңдеудің техникалық алып жүруіне, ҰБТ-ы пәндері бойынша тест тапсырмаларының мазмұнына қатысты болды.

Барлық көрсетілген қалаларда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз конференциялары өткізілді, журналистерге баспасөз хабарламалары таратылды. Жергілікті телеарналар бойынша семинарлар өткен күндері «Жаңалықтар» айдарында семинардың барысы туралы хабарлар таратылды. Көптеген қалаларда семинарлар біруақытта облыстың мектептерімен он-лайн режимінде өткізілді. Облыстық газеттерде 2010 жылғы ҰБТ-ны өткізуге қатысты мақалалар жарияланды. Семинарға қатысушылар үшін ҰБТ-ы рәсімін өткізу тәртібі жөніндегі сұрақтарға жауаптар берілген кітапшалар дайындалды.

2010 жылғы ҰБТ-ны өткізу кезеңінде Білім және ғылым министрлігінің, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы білім басқармаларының жанында ҰБТ-ны өткізу жөніндегі Штабтар жұмыс істейтін болады.

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)