Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Бірыңғай ұлттық тестілеу   / 2009 жылы ҰБТ-ді өткізу туралы 
2009 жылы ҰБТ-ді өткізу туралы

                                             Ұлттық бірінғай тестілеу

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) 2009 жылы өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) ұйымдастыру мен өткізуге қатысты, төмендегіні хабарлайды.

ҰБТ-ны жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы жұмысының қорытындысы бойынша Министрлік 2009 жылғы ҰБТ-ны қолданыстағы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткізу туралы шешім қабылдады (2008 жылғы формат бойынша).

ҰБТ-ы ағымдағы оқу жылында 1-10 маусым аралығында 29 қала мен 82 аудан орталықтарында құрылған 154 тестілеу пункттерінде өткізіледі. Көрсетілген тестілеу орталықтары 51 жоғары оқу орнының және 103 жалпы білім беретін мектептердің базасында жұмыс істейтін болады.

2009 жылғы қаңтар-ақпан айларында Министрлік қызметкерлері өңірлерде педагогикалық және ата-аналар қауымы, биылғы жылғы мектеп бітірушілер және барша жұртшылық арасында ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізу жөнінде жан-жақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Қазіргі таңда, Министрлік аудитория бойынша кезекшілердің функционалдық міндеттеріне, апелляцияны өткізуге, тестілеу уақытын ұзартуға, мемлекеттік комиссияның құрамына балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық департаменттердің қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін енгізу, жұртшылық арасында ҰБТ-ы бойынша ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелерінің міндеттеріне қатысты ҰБТ-ны өткізу ережесі мен нұсқаулығына өзерістер мен толықтырулар енгізілуде.

Тестілеу уақыты 30 минутқа (180 минуттан 210 минутқа дейін) ұзартылады.

2009 жылы апелляциялық комиссия мектеп бітірушілерден өтініштерді тестілеу нәтижелері жарияланған сәттен бастап келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылдайды және тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша қабылданған өтініштерді бір уақытта қарастырады.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары және ҰБТ-ны өткізу пункттері (бұдан әрі - ҰБТӨП) ҰБТ-ны ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында:

- аудитория қорын қалыптастыру кезінде санитарлық-гигиеналық нормалардың талаптарын қатаң сақтау (тестіленушілердің жас ерекшеліктеріне қарай парталар, ауа баптағыштар, таза су болуы керек және ҰБТӨП-те қалыпты жарықтандыру мен температуралық режимді сақтау);

- ҰБТӨП аумағында тестіленушілер және олардың ата-аналары үшін жағдай жасау (орындықтар, көлеңке күркелер орнату, салқындатылған сусындар сатуды ұйымдастыру және т.б.);

- апелляциялық комиссияның жұмысы үшін жағдай жасау (ҰБТ-ға қатысушылардан өтініштер қабылдау үшін апелляциялық комиссияның төрағасына жеке кабинет, апелляциялық комиссия мүшелерінің жұмыс істеуі үшін үлкенірек кабинет, сондай-ақ тестіленушілерге апелляцияның нәтижесін күтетін бөлме бөлу);

- ҰБТ-ы бойынша жұртшылық және мектеп бітірушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу (БАҚ арқылы, ата-аналар жиналыстарын, сынып сағаттарын, ток-шоулар, психологиялық тренингтер өткізу, ҰБТ-ны өткізу ережесі, технологиялық нұсқаулықтар, апелляцияны өткізу жөніндегі жадынамалар және ҰБТ-ны өткізуге қатысы бар барлық тұлғаларға арналған ақпараттар орналастырылған стендтер арқылы) керек.

Сонымен қатар, Министрлік 2009 жылғы сәуір айында ҰБТӨП-дің ҰБТ-ны өткізуге дайындығын тексеруді жоспарлап отыр.

ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізу жөнінде қабылданған шаралар туралы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне 2009 жылғы 1 ақпанға, ал атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы 2009 жылғы 15 сәуірге дейін хабарлауларыңыз керек.


т. 74-23-72, 72-23-69

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz