Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Бірыңғай ұлттық тестілеу   / ҰБТ-ді - 2011 ж. өткізу технологиясын бұзғандарға қолданылған шаралардың нәтижелері туралы  
ҰБТ-ді - 2011 ж. өткізу технологиясын бұзғандарға қолданылған шаралардың нәтижелері туралы

Министрлік жыл сайын мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналары арасында ҰБТ-ны дайындау және өткізу мақсатында кешенді іс-шаралар өткізеді.

Мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналары, білім беру ұйымдары қызметкерлері арасында өткізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қарамастан, ұялы байланыс телефондарын, шпаргалкаларды пайдалану, орнына бөгде адамдарды кіргізу және тағы да басқа заңсыз әрекеттер арқылы тестілеуден өту жыл сайын орын алып отыр. Әсіресе, тестілеу технологиясын бұзу жергілікті жердегі мемлекеттік комиссиялардың, құқық қорғау органдары өкілдерінің, медицина қызметкерлерінің, аудитория бойынша кезекшілер және басқа да мұдделі тұлғалардың тарапынан жіберілген.

Бұзушылықтың басым көпшілігі Оңтүстік Қазақстан (16 ҰБТ-ны өткізу пунктінің 11-де), Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында тіркелді.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш қаласындағы ҰБТ-ны өткізу пунктінде тестілеудің 1-легін өткізу кезінде технологияның бұзылуына жол бергені үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 маусымдағы № 232 бұйрығымен ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Майрихов Б.К.(Сарыағаш ауданы білім бөлімі бастығының орынбасары) және төрағаның орынбасары Қаржанбаев А.М. (Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаты) тестілеу рәсімін өткізуден шеттетілді.

Жетісай қаласындағы «Сырдария» университетінің және Сарыағаш қаласындағы № 12 кәсіптік лицейдің базасындағы ҰБТ-ны өткізу пункттерінде тестілеу рәсіміне араласқаны үшін 30 кезекші аудитория кезекшілігінен шеттетілді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД қызметкерлерінің ҰБТ-ны өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды немқұрайды ұйымдастырғаны туралы ақпараты бойынша қызметтік тексеріс жүргізді.

Тексерістің нәтижелері бойынша ҰБТ-ны өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтауды немқұрайды ұйымдастырғаны, орта мектептердің түлектеріне шпаргалкаларды заңсыз беруге әрекет жасағаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД бастығының 2011 жылғы 20 шілдедегі №156 ж/қ бұйрығымен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жауаптылар:

- Сарыағаш ауданы ішкі істер басқармасы бастығының қызмет жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Ж.Т.Намазбаевқа қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді;

- Түлкібас ауданы ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі М.А.Қожабековке қатаң сөгіс жарияланды;

- Қазығұрт ауданы ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары, полиция майоры С.Б.Төлегеновке қатаң сөгіс жарияланды;

- Ордабасы ауданы ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі А.Т.Медетовке сөгіс жарияланды.

Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпаратында көрсетілген, ҰБТ кезінде орын алған кемшіліктерге байланысты тиісті қызметкерлерге төмендегі шараларды қолданды:

- Ордабасы ауданы ішкі істер бөлімі бастығының 2011 жылғы 15 маусымдағы №35 бұйрығымен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімше инспекторлары С.Пернехан мен С.Бимендиевке сөгіс, учаскелік полиция инспекторы С.Жақсыбаевқа ескерту берілді;

- Сарыағаш аудандық білім бөлімі бастығының 2011 жылғы 15 шілдедегі №17 бұйрығымен аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары Б.Майриховқа сөгіс жарияланды;

- Сарыағаш ауданы ішкі істер басқармасы бастығының 2011 жылғы 12 маусымдағы № 54 бұйрығымен аудандық ішкі істер басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы Б.Доспаловқа, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі бастығының орынбасары А.Қалиқұловқа, жедел уәкіл Ж.Қуанышевқа, учаскелік полиция инспекторы Б.Ахметовке қатаң сөгіс берілді;

- Қазығұрт ауданы білім бөлімі бастығының 2011 жылғы 27 маусымдағы № 63 бұйрығы негізінде аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Г.Нысанға ескерту берілді;

- Казығұрт ауданы ішкі істер бөлімі бастығының 2011 жылғы 8 маусымдағы № 94 бұйрығымен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімше инспекторлары К.Жакитовке, Н.Нұрақовқа және учаскелік полиция инспекторы Ж.Алмасовқа сөгіс; кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімше бастығы Е.Олжабаев пен қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы М.Салыбековке ескерту берілді;

- Түлкібас ауданының әкімі Қ.Абдуалиевтің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 207 өкімімен аудандық білім бөлімінің бастығы Н.Албаевқа ескерту берілді;

- Түлкібас ауданы ішкі істер бөлімі бастығының 2011 жылғы 28 маусымдағы №332 бұйрығымен учаскелік полиция инспекторы Н.Еспаевқа, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімше бастығы М.Алтынбекке және осы бөлімшенің аға инспекторы А.Әбіловке ескерту, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімше инспекторы К.Қожахметовке қатаң ескерту, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімше инспекторы Б.Жанесеновке сөгіс берілді;

- Түркістан қаласының әкімі Қ.Молдасейітовтің 2011 жылғы 18 шілдедегі №139 өкімі негізінде қалалық білім бөлімінің бастығы Ү.Сапароваға өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны үшін ескерту берілді.

Қызылорда облысы

- Қармақшы ауданы Жосалы кентінің № 105 орта мектебі директорының 2011 жылғы 31 тамыздағы № 152 бұйрығымен музыка пәнінің мұғалімі Г. Бәкіроваға өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны үшін ескерту берілді;

- Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2011 жылғы 29 шілдедегі қаулысына және Жаңақорған ауданы әкімінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 тамыздағы № 814-Ө өкіміне сәйкес Жаңақорған ауданы білім бөлімінің бастығы Ж.Жәнібеков атқарып отырған қызметінен уақытша шеттетілді.

Алматы облысы

- Кербұлақ ауданының білім, дене тәрбиесі және спорт бөлімі бастығының 2011 жылғы 17 маусымдағы № 119 бұйрығымен Ақжар орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі М. Сақабаевқа өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны үшін ескерту берілді.

- Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп директорының 2011 жылғы 29 тамыздағы № 75 бұйрығымен дене тәрбиесінің мұғалімі Д. Өмірзақұлына сөгіс берілді.

Маңғыстау облысы

- Бейнеу ауданы Бейнеу ауылының Абай атындағы орта мектебі директорының 2011 жылғы 29 тамыздағы № 120 к/б бұйрығымен Б. Демеуовке өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны үшін ескерту берілді;

- Бейнеу ауданы Есет ауылының Гагарин атындағы орта мектеп директорының бұйрығымен 2011 жылғы 29 тамыздағы № 235 бұйрығымен А. Қаржауға өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны үшін ескерту берілді.

Ұлттық тестілеу орталығы

- Ұлттық тестілеу орталығы директорының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 117-О бұйрығымен Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы № 1 орта мектептің базасындағы ҰТО № 105 филиалының жетекшісі К.С. Сұлтанбековпен арадағы еңбек шарты бұзылды;

- Ұлттық тестілеу орталығы директорының 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 117-ЛС бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласындағы М.Ломоносов атындағы орта мектептің базасындағы ҰТО № 43 филиалының жетекшісі Б.К. Сапарғалиевамен арадағы еңбек шарты бұзылды;

- Ұлттық тестілеу орталығы директорының 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 117-ЛС бұйрығымен Қостанай қаласындағы Академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің базасындағы ҰТО № 63 филиалының жетекшісі А.Е. Бекмағамбетовпен арадағы еңбек шарты бұзылды.

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)