Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Бірыңғай ұлттық тестілеу   / Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы туралы ақпарат  
Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы туралы ақпарат

Білім жүйесін тиімді басқаруды қамтамасыз ететін негізгі құралдардың бірі – анық және салыстырмалы деректерге негізделген білім сапасын тәуелсіз сырттай бағалау болып табылады.

Қазақстанда білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нысанындағы тәуелсіз сырттай бақылау жүзеге асырылады.

Білім сапасын сырттай бағалау рәсімі ретінде ҰБТ-ны енгізу білім сапасын басқарудың тиімді процесін арттыру үшін кең мүмкіндіктер ашады. ҰБТ-ның нәтижелерін талдау білім сапасын арттыру проблемаларын тиімді шешуге, білім беруді басқарудың әр түрлі деңгейлерінде қажетті басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндіктер береді.

Елімізде 4-10 маусымда 154 тестілеуді өткізу пункттерінде ҰБТ өткізілді. Оның 49-ы қалада, 105-і ауылдық жерлерде орналасқан.

Барлық ҰБТ-ны өткізу пункттерінде тестілеу мемлекеттік комиссиялар мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) өкілдерінің басшылығымен өткізілді. Мемлекеттік комиссияларды аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандық білім бөлімдерінің бастықтары және білім беру ұйымдарының басшылары басқарды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі былтырғы жылғы проблемалық мәселелерге талдау жасап, 2010 жылғы ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырды.

ҰБТ-ның өткізілуін бақылауды қамтамасыз ету үшін әрбір облыс орталығында, Астана және Алматы қалаларында штабтар құрылды. Штабтың құрамына облыс әкімдерінің орынбасарлары, білім басқармаларының бастықтары, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директорлары, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері кірді.

Республика бойынша олардың жұмыстарын үйлестіру үшін Министрліктің жанынан Республикалық штаб құрылды.

Ағымдағы жылы республика бойынша лектердің жалпы саны – 7, осыған сәйкес, бір лектегі мектеп бітірушілердің саны 800 адамды құрайды. Жергілікті жерлерде техкника істен шыққан жағдайда, әрбір облыс орталықтарында алдын ала резервтер қарастырылды.

Министрліктің жауапты қызметкерлері ағымдағы жылғы қаңтардан бастап барлық облыстарда ҰБТ-ны өткізудің тәртібі жөнінде мектеп бітірушілер, олардың ата-аналары және педагогтары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мемлекеттік комиссиялардың мүшелері, кезекшілер, Министрлік өкілдері мен программистер, апелляциялық комиссиялардың төрағалары үшін өңірлік оқыту семинарлары мен тренингтер өткізілді.

25 мамырдан бастап 10 маусымға дейін “Хабар”, “Қазақстан” және “Еларна” телеарналарында ҰБТ-ы туралы ақпараттық роликтер көрсетілді.

Барлық пункттерде мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар жұмыс істеді. Министрлік ҰБТ-ны өткізу үшін тестілеу пункттеріне 154-апелляциялық комиссиялардың төрағаларын, 154-программистерді, 279-Министрлік өкілдерін (барлығы 587 адам) жіберді.

Ағымдағы жылғы 110 118-і (80%) ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш білдірген, оның 107 545-і (2009 жылы – 106 805) тестілеуден өтті. Оның 67 745 -і қазақ тілінде, 39 800 -і орыс тілінде. тапсырды;

Республика бойынша орташа балл 84,84-і құрады (2009 жылы 74,9 %).

“Алтын белгіге” үміткер 3675 бітірушінің, тестілеуге 3616-ы қатысты, олардың 2598-і өздерінің үздік білімдерін растады. Өздерінің үздік білімдерін растағандардың жалпы саны – 2647 немесе 72 % (2009 жылы – 54, 5 % ). Оның ішінде, 49-ы мектепте емтихан тапсырған өзбек және ұйғыр тілінде оқытатын мектептердің бітірушілері.

43 мектеп бітіруші (2009 жылы - 8 мектеп бітіруші) 125 балл жинады.

24 277 (22,57% ) оқушы 100 балдан артық балл жинады (2009 жылы – 11 374 (10,7 %).

11 596 (10, 7 %) оқушы 50 баллдан төмен балл жинады (2009 жылы – 15 476 (14, 5 %);

ҰБТ жалпы орта білім беру деңгейінде көрсетілетін білім беру қызметінің сапасын көтеруде маңызды рөл атқарады. ҰБТ-ның нәтижелеріне талдау жасалынады, мектептердің оқу-тәрбие процесін, стандарттар мен оқу бағдарламаларын жетілдіру, мұғалімдерді даярлауды және олардың біліктілігін көтеруді ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын болады.

  

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)