Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Бірыңғай ұлттық тестілеу   / 2009 жылы ҰБТ-ны өткізу жайында республика өңірлерінде өткізілген ақпараттық-түсіндірме жұмыстарынан мәлімет 
2009 жылы ҰБТ-ны өткізу жайында республика өңірлерінде өткізілген ақпараттық-түсіндірме жұмыстарынан мәлімет

     Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің «2009 жылы ҰБТ-ны өткізу жайында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 29 қаңтары мен ақпанның 21 аралығында Астана және Алматы қалаларында, бүкіл облыс орталықтарында және Семей мен Түркістан қалаларында мектеп бітірушілер мен мемлекеттік комиссия мүшелерімен семинар өткізілді.

     Семинар жұмысына ата-аналар қоғамдығы, бұқаралық ақпарат құралдары, құқық қорғау органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, балалар құқығын қорғау комитеті, ҰБТ өткізу пунктерінің директорлары, мектеп директорлары, мектеп бітіруші сыныптардың сынып жетекшілері қатысты. Жалпы қатысушылар саны 250-ден 600 адамға дейін жетті.

   Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында білім және ғылым Вице-министрі К.Н. Шамшидинова республикалық және коммерциялық бұқаралық ақпарат құралдары журналистеріне арнап брифинг, ал 4 ақпанда — республиканың мектеп бітірушілеріне интерактивті сабақ өткізді.

   Кездесулерде маслихат және әкімдік өкілдері, білім ұйымдарының басшылары, облыстық білім басқармаларының бастықтары, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің меңгерушілері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, соның ішінде, жастар мен студенттер, бұқаралық ақпарат құралдары қойған сұрақтарға толық жауап берілді.

    Талқылауға түскен сұрақтар ҰБТ процедурасының ұйымдастыру және өткізу тәртібі, тест сұрақтарының мазмұны және қорытындыларды өңдеудің техникалық ілеспесі жайында болды.

    Жоғарыда аталған қалалардың барлығында да бұқаралық ақпарат құралдарына арнап пресс-конференциялар өткізілді, журналистер арасында пресс-релиз таратылды. Семинар жұмысы жайында жергілікті теледидар «Жаңалықтар» бөлімі арқылы хабардар етті. Көкшетау қаласында семинар он-лайн тәртібінде өткізілді. Оған 102 директор, 823 педагогтар және бірнеше мың мектеп бітірушілер. Облыстық газетте ҰБТ-ны өткізудегі өзгерістер туралы мақалалар басылды.

     Тестілеу өткізілетін кезде Білім және ғылым министрлігінде, әдеттегідей, штаб және кезекші телефондар жұмыс жасайды.

                                         

 

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz