Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Бірыңғай ұлттық тестілеу   / 2009 жылғы ҰБТ-ның қорытындысы туралы ақпарат  
2009 жылғы ҰБТ-ның қорытындысы туралы ақпарат

Мемлекеттік комиссиялар мен министрлік өкілдерінің басшылығымен елімізде 4-10 маусымда 154 тестілеуді өткізу пункттерінде (49-ы қалада, 105-і ауылдық жерлерде орналасқан) ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өткізілді.

 Мемлекеттік комиссияларды аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандық білім бөлімдерінің бастықтары және білім беру ұйымдарының басшылары басқарды.

Министрлік ҰБТ-ны өткізу үшін тестілеу пункттеріне 154-апелляциялық комиссиялардың төрағаларын, 154-программистерді, 270-Министрлік өкілдерін жіберді.

Тестілеу кезінде аудиторияларда ата-аналар мен бұқаралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен 2 бақылаушыдан қатысты.

Тестілеу рәсімін ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ҰБТ-ны өткізу және үйлестіру жөніндегі штабтар құрылды.

Облыс орталықтарына қосымша Министрліктің 13 қызметкері жіберілді.

Былтырғы жылдармен салыстырғанда:

- тестілеу уақыты 30 минутқа ұзартылды;

- апелляциялық өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны, әрі техникалық себептер бойынша бір уақытта қабылданды;

- ұйғыр, өзбек, тәжік мектептерінің бітірушілері өз қалаулары бойынша ҰБТ-ны қазақ және орыс тілдерінде тапсыру мүмкіндіктеріне ие болды;

- бір лектегі адамдардың саны 800-ге дейін азайтылды.

- лектердің саны 5-ден 7-ге дейін көбейді;

- тест тапсырмаларының базасына талдау жасалып, жаңартылды;

- сканердің дұрыс жұмыс жасауы тест басталардың алдында арнайы бағдарламамен тексерілді. Облыс орталықтарында техникалық құралдардың резерві даярланды.

- министрліктің жауапты қызметкерлері ағымдағы жылғы қаңтардан бастап барлық облыстарда ҰБТ-ны өткізу тәртібі жөнінде мектеп бітірушілер, олардың ата-аналары және педагогтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

- республика көлемінде биылғы ҰБТ-ны өткізу тәртібі туралы 3 республикалық интерактивтік сабақ өткізілді;

- бұқаралық ақпарат құралдарында 50-ден астам хабарламалар ұйымдастырылды.;

- ҰБТ-ы туралы ақпараттық материалдар министрліктің сайтына орналастырылды;

- мемлекеттік комиссиялардың мүшелері, мектеп бітірушілер үшін ҰБТ-ны өткізу тәртібі туралы жадынамалар әзірленіп, таратылды;

  • мемлекеттік комиссиялардың мүшелері, кезекшілер, Министрлік өкілдері мен программистер, апелляциялық комиссиялардың төрағалары

 үшін өңірлік оқыту семинарлары мен тренингтер өткізілді;

- телеарналарда ҰБТ-ы туралы ақпараттық роликтер көрсетілді. ҰБТ-ға мектеп бітірушілері ең көп қатысқаны:Алматы қаласынан – 90,5 %; Шығыс Қазақстан - 89,2 %; Павлодар облысынан – 87,6%.

аз қатысқан Қостанай 69, 6 %; Маңғыстау 71,9 %; Қызылорда облыстарынан 73,3 %.

Республика бойынша орташа балл 74,9 құрады.

“Алтын белгіге” үміткер 2 938 бітірушінің, 2845-і тестілеуге қатысып, олардың 1547-і өздерінің үздік білімдерін растады немесе 54,4 %.

8 мектеп бітіруші Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған облыстық мектебінің түлегі Аманғалиева Шынар, Маңғыстау облысы Бейнеу мектебінің түлегі Байбозтегі Ақниет, Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының түлегі Жексенбаев Абылай, Солтүстік Қазақстан облысы Чириков мектебінің түлегі Есенаева Жадыра, Талдықорған қаласындағы № 20 мектептің түлегі Қожамұратова Арай, Алматы қаласындағы № 21 гимназияның түлегі Меньшова Анна, Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған облыстық мектебінің түлегі Нұрабай Арайлым, Жамбыл облысы Мерке ауданының № 17 мектебінің түлегі Хасенова Сабира 125 балл жинады

11 374 (10,64 %) оқушы 100 балдан артық балл жинады (2008 жылы – 6 921 (6,01%).

15 476 (14, 48 %) оқушы 45 баллдан төмен балл жинады (2008 жылы – 11 865 (10,2 %);

Тестілеу кезінде Министрлік өкілдері мен мемлекеттік комиссиялардың мүшелері ҰБТ-ы технологиясының бұзылуына әрекет жасағандарды анықтады және алдын алды.

Апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссияға 4-11 маусым аралығында 1138 өтініштер түсті. 117 апелляция қанағаттандырылды.

Жалпы алғанда, Білім және ғылым министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да мемлекеттік органдардың ұйымдасқан жұмысы байқалды.

Жалпы алғанда, бақылаушылар тестілеу рәсімінің өту барсына көңілдерінің толатынын білдірді. Олар ұйымдастырушылардың тестіленушілерді аудиторияға кіргізу және орындарына отырғызу жұмыстарының дұрыс жолға қойылғандығын атап өтті. Аудиторияда тестіленушілердің өзін-өзі ұстау ережесі, жауап парақтарының бланкісін толтыру, емтихан материалдарымен жұмыс істеу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жеткілікті деңгейде жүргізілді. Сонымен қатар, олар тестілеу барысындағы ұйымдастырушылар мен кезекшілердің өзара түсіністікпен атқарған жұмыстарына ризашылықтарын

білдірді. Бақылаушылардың пікірлері бойынша, аудитория кезекшілері тестілеу кезінде туындаған әрбір сұраққа байыппен қарап, нақты жауаптар бере білген.

Ұлттық бірыңғай тестілеу жалпы орта білім беру деңгейінде көрсетілетін білім беру қызметінің сапасын көтеруде маңызды рөл атқарады. ҰБТ-ның нәтижелеріне талдау жасалынады, мектептердің оқу-тәрбие процесін, стандарттар мен оқу бағдарламаларын жетілдіру, мұғалімдерді даярлауды және олардың біліктілігін көтеруді ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын болады.

                                        

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz