Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесі

 ҚР Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы  N213 (ҚР Әділет Мин. N2804 тіркелген) бұйрығымен бекітілген.
 ҚР Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N373  (ҚР Әділет Мин.N2837 тіркелген) бұйрығымен өзгерістер және толықтырулар енгізілген.
 ҚР Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы  29 желтоқсандағы N1057 (ҚР Әділет Мин. N3345 тіркелген) бұйрығымен өзгерістер және толықтырулар енгізілген.
 ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы  27 ақпандағы N 89 (ҚР Әділет Мин .N 4134 тіркелген) бұйрығымен өзгерістер және толықтырулар енгізілген.

 ҚР Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы  23 ақпандағы N85 (ҚР Әділет Мин .N4570 тіркелген) бұйрығымен өзгерістер және толықтырулар енгізілген.


            Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу                                            ЕРЕЖЕСІ

 1. Осы ереже жалпы орта білім беру бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы білім алушыларына (бұдан әрі – бітірушілер) ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу тәртібін белгілейді.
 2. Ереже меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері  мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарына таратылады.
 3. Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) бітірушілердің мемлекеттік қорытынды аттестаттауы мен кәсіптік жоғары (бұдан әрі - ЖОО), кәсіптік орта (бұдан әрі - колледждер) оқу орындарына қабылдау емтихандарын біріктіруді көздейді. ҰБТ-ның нәтижелерін жалпы орта білім беру ұйымдары мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың, ал ЖОО-лар мен колледждер қабылдау емтихандарының нәтижелері ретінде таниды.
 3-1. ҰБТ тізілімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тестілеу өткізілетін пункттердің базасында өткізіледі (бұдан әрі – ҰБТ ӨП).

 4. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу үшін әрбір ҰБТ ӨП-те мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - МК) құрылады.
 5. МК өз жұмысында осы Ережені, нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N4394 болып тіркелген, Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N481 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестаттауды өткізу ережесін» (бұдан әрі – қорытынды аттестаттау ережесі),  сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N1118 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерін бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы N247, нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N3627 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасының кәсіптік орта білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі» Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N244 бұйрықтарын (бұдан әрі – Қабылдаудың үлгі ереже), және басқа да білім беру саласындағы  орталық атқарушы органдардың (бұдан әрі - Министрлік) нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
 6. МК-нің құрамына мәслихат пен әкімдік өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық) білім департаментінің (басқармаларының) директорлары (бұдан әрі – білім департаментінің директоры), аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің меңгерушілері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде жастар және студенттік, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының,  білім департаменті қызметкерлері білікті мамандары арасынан тағайындалған хатшы кіреді. МК құрамының саны тақ және 11 адамнан аспауы керек.
 7. МК-нің төрағасы болып оның базасында ҰБТ ӨП құрылған білім беру ұйымының басшысы (ректор, білім департаментінің директоры, аудандық (қалалық) білім бөлімінің меңгерушілері) немесе әкімдік өкілі тағайындалады.
МК құрамы жоғары оқу орындарының және білім департаменттерінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрығымен ҰБТ-ы басталғанға дейін екі ай бұрын   ҰБТ-ны өткізу кезеңіне бекітіледі.
 8. МК-ның негізгі міндеттері аталған облыстың (қаланың, ауданның) бітірушілері үшін ҰБТ-ны дайындау және өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру болып табылады.
 9. МК қойылған міндеттерді іске асыру үшін:
 1) жұртшылық арасында ҰБТ-ны ұйымдастырушылық және ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
 2) ҰБТ-ны дайындау және өткізу барысында Министрліктің тапсырмасы бойынша ҰТБ-ның ұйымдастыру-технологиялық алып жүруін іске асыратын білім беру ұйымымен, сондай-ақ әр деңгейдегі білім беруді басқару органдарымен, білім беру ұйымдарымен қарым-қатынасты қамтамасыз етеді;
 3) мектеп бітірушілерден ҰБТ-ға белгіленген үлгімен өтініштер қабылдауды ұйымдастырады;
 4) мектеп бітірушілерге ҰБТ-ы пәндері бойынша кеңестер өткізуді ұйымдастырады;
 5) осы облыстың (қаланың, ауданның) мектеп бітірушілеріне ҰБТ-ны өткізу үшін қажетті жағдай жасайды және технологияның сақталуын қамтамасыз етеді;
 6) ҰБТ-ы аяқталған соң дұрыс жауап кодтары ілінеді және тестілеудің нәтижесі хабарланады;
 7) ҰБТ-ы бойынша апелляциялық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
 8) ҰБТ-ы сертификаттарын беруді ұйымдастырады.
 10. Өзіне жүктелген негізгі міндеттерді іске асыру үшін МК өз құзыретінің шегінде ҰБТ-ны өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асыруға құқығы бар.
 11. МК оның төрағасы бекіткен жоспарға сәйкес жұмыс істейді.
 МК хатшысы жұмыс жоспарын, отырыстың күн тәртібін қалыптастырады,  МК мүшелерінің қарым-қатынасын ұйымдастырады және іс қағаздарды жүргізуге жауап береді.
 12. МК-ның отырысы, егер де онда оның мүшелерінің жалпы санының 2/3 бөлігінен астамы қатысса күші бар заңды деп есептеледі.
  МК-ның шешімдері МК отырысында қатысушы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады және төраға мен хатшының қолы қойылған отырыс хаттамасымен ресімделеді.   Дауыстар тең болған жағдайда, МК төрағасы шешуші дауысқа құқылы.

  13. ҰБТ-ны тапсыруға жалпы орта білім берудің білім бағдарламаларын игерген білім беру ұйымдарының қазақ және орыс тілдерінде білім алған ағымдағы жылғы барлық бітірушілері ерікті негізде жіберіледі.
 Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының ЖОО-ларына, колледждеріне түсуге тілек білдіргендер, «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестат және үздік жалпы орта білім туралы аттестат алуға үміткерлер, ағымдағы жылғы оқушылардың ғылыми жарыстарының, республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері үшін ҰБТ-ны тапсыру міндетті.
 ҰБТ-ға қатысқысы келмеген бітірушілер қорытынды аттестаттау ережесіне сәйкес орта мектеп курсы бойынша қорытынды аттестаттау тапсыра алады.
 14. ҰБТ-ға қатыспаған шетелдерде оқушылардың халықаралық айырбас желісі бойынша білім алған жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілерінің және өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқытатын мектеп бітірушілерінің, республикалық музыка мектеп-интернаттары бітірушілерінің мемлекеттік қорытынды аттестаттауы қорытынды аттестаттау ережесіне сәйкес өткізіледі. Бұл бітірушілер республика ЖОО-лары мен колледждеріне Қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес түсуге құқылы.
 14-1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық олимпиадалардың қатысушылары бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсырудан босатылады.

 15. ҰБТ-ы төрт пән бойынша өткізіледі: үшеуі міндетті - қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы және таңдаған мамандыққа байланысты Қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес таңдау бойынша пәндердің біреуі.
 Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті. ЖОО-лар мен колледждерге қабылдау кезінде мұндай бітірушілерге арнайы немесе шығармашылық емтихандар белгіленеді, олар өздері таңдаған ЖОО-лар мен колледждердің қабылдау комиссияларымен өткізіледі.  ҰБТ-ны өткізудің технологиясын Министрлік бекітеді және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетімен келісіледі.
  16. ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 1 наурыздан  25 сәуірге дейін. Өтініш бланкілерін толтыру мектеп бітіруші өзі білім алатын жалпы орта білім беру ұйымында жүргізіледі.
  17. Тестілеу ҰБТ ӨП-те 10 маусымнан 15 маусымға дейін өткізіледі.
  18. ҰБТ-ы Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы (бұдан әрі – БТМСҰО) жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірлеген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шықпауы керек.
  19. Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны – 30.
  20. ҰБТ-ға 3 астрономиялық сағат бөлінеді. ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат берілмейді:
 1)  қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда:
 2)  оң бағаны арттыру мақсатында.
 21. ҰБТ-ның нәтижелері конкурстық комиссия үшін 120 балдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен бағаланады. Балдарды бағаға ауыстыру Министрлік белгілеген шкалаға сәйкес МК жүргізеді.

 22. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, ҰБТ-ға қатысушылардың құқығын қорғау мақсатында тестілеу өткізу кезеңінде апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - республикалық комиссия) және  әрбір ҰБТ ӨП-те апелляциялық комиссия құрылады.
 22-1. Республикалық комиссияның төрағасы және құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі.
 22-2. Республикалық комиссия апелляциялық комиссиялардың балдар қосу негіздемесін қарайды және соңғы шешім қабылдайды.
 22-3. Республикалық комиссия өз функцияларын орындау мақсатында апелляциялық комиссиялардан қажетті құжаттар, сонымен бірге бітірушінің жауап парағын, ҰБТ технологиясының сақталуы туралы мәліметтер сұрауға және алуға құқылы.
 22-4. Республикалық комиссияның шешімі комиссияның тізімдік құрамындағы көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы шешуші дауысқа құқылы. Комиссияның жұмысы төрағаның және комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамалармен ресімделеді.
 23. Апелляциялық комиссияның төрағасы Министрдің бұйрығымен, ал оның құрамы – жергілікті білім беруді басқару органдарымен бекітіледі. Апелляциялық комиссияның құрамына МК мүшелері кірмеуі керек.
 24. Апелляциялық комиссия тестілеуге қатысушылардан өтініштер қабылдайды және қарайды, жинаған балдардың сәйкестілігін тексереді, балдар тағайындайтын жағдайларда соңғы шешім қабылдау үшін республикалық комиссияға сұраныс, қажетті құжаттар мен мәліметтер жібереді, қабылдаған шешім туралы апелляцияға өтініш берген тестілеуге қатысушыны хабардар етеді.
 25. Апелляцияға берілетін өтініш апелляциялық комиссияға тестілеу нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13-ке дейін беріледі және апелляциялық комиссия тәулік бойына қарайды. Өтінішті комиссия төрағасының атына арнайы бланкте тестілеуге қатысушының жеке өзі береді. Өтініш берушінің өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты, емтиханға жіберу рұқсаттамасы болуы керек.
 26. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы басқарады, ол жоқ кезде төрағаның орынбасары атқарады.
 27. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамалармен ресімделеді.
 28. Республикалық комиссияның және апелляциялық комиссиялардың мәжіліс хаттамалары жыл бойы БТМСҰО-да сақталады.
 29. ҰБТ-ны өткізудің белгіленген тәртібінің және технологиясының сақталуын бақылауды ҰБТ ӨП-ке жіберілген министрліктің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.

 30. ҰБТ-ны тапсырған бітірушілерге:
 ҰБТ-ның нәтижесі туралы сертификат (бұдан әрі – сертификат),  жалпы орта білім туралы аттестат (бұдан әрі – аттестат) беріледі.
 Сертификат нысанын Министрлік бекітеді. Сертификаттын, оны берген күннен бастап бір жыл бойы күші бар.
 31. Сертификатты МК толтырады және ҰБТ-ны тапсырған күннен кейін үш күн ішінде ҰБТ ӨП-те беріледі.
 Сертификатқа ҰБТ шеңберінде әр пәннен жинаған балл қойылады.
 Сертификат МК төрағасы, Министрлік өкілінің қолымен расталады және базасында ҰБТ ӨП ұйымдастырылған жоғары оқу орындарының немесе жергілікті білім беруді басқару ұйымдарының мөрі басылады.
 32. Аттестат ҰБТ-ны тапсырған кезде бітірушілер білім алған білім беру ұйымдарымен беріледі. Аттестатқа  ҰБТ шеңберінде жалпы білім беру пәндері бойынша ҰБТ-да алған бағасы қойылады.
 33. Жоғары оқу орындары мен колледждерге қабылдау тәртібі Қабылдаудың типтік ережесіне сәйкес белгіленеді. 
Ұлттық бірыңғай тестілеуді
 ұйымдастыру және өткізу ережесіне
 қосымша

ҰБТ сертификатының балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың
бағаларына ауыстыру шкаласы
 

 N

п/п

Предмет

2

(қанағаттанар-лықсыз)

3
(қанағаттанарлық)

4

(жақсы)

  5
(үздік)

 1

Қазақ тілі 

0-3

4-17

 18-25

 26-30

2

Орыс тілі

0-3

4-17

18-25

26-30

3

Қазақстан тарихы

0-3

4-17

18-24

25-30

4

Математика

0-2 

3-12

13-22

23-30

5

Физика

0-2 

3-12

13-22

23-30

6

Химия

0-3

4-12

13-22

23-30

7

Биология

0-3

4-15

16-24

25-30

8

География

0-3

4-17

18-24

25-30

9

Дүниежүзі тарихы

0-3

4-15

16-22

23-30

10

Қазақ әдебиеті

0-3

4-16

17-24

25-30

11

Орыс әдебиеті

0-3

4-16

17-24

25-30

12

Ағылшын тілі

0-3

4-17

18-25

26-30

13

Неміс тілі

0-3

4-15

16-22

23-30

14

Француз тілі

0-3

4-15

16-22

23-30