Kaz | Rus

Бастауыш
Білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау
Білім беру және ғылым ұйымдарын аккредиттеу
Ұлттық бірыңғай тестілеу
Білім беру ұйымдарын лицензиялау
Мемлекеттік аралық бақылау
Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау
Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау
 
Жаңалықтар
Сұрақтар мен жауаптар
Байланысу
Статистика сайта
           
www.akorda.kz"
www.government.kz
www.e.gov.kz


Жаңалықтар 
Аралық аттестаттаудан өткізу жөніндегі нұсқаулыққа түсініктеме

 

Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін аралық
аттестаттаудан  өткізу жөніндегі нұсқаулыққа
түсініктеме

 

Кандидаттық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу бөлігінде ғылыми кадрларды аттестаттауға қойылатын талаптарды арттыру және одан әрі жетілдіру мақсатында 2007 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылғы 29 қыркүйекте № 4941 тіркелген «Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін аралық аттестаттаудан өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 409 бұйрығына қол қойылды.
 «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясының бекітілуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 21 маусымдағы № 343 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру туралы ережеге байланысты кандидаттық емтихан – аралық аттестаттау нысандарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, жекелеген жағдайларда арнайы пән, тиісті ғылым саласының (салаішілік) жалпы курсы бойынша емтихандарды – орындалатын докторлық диссертациясының бейініне сәйкес емес жоғары білімі бар ізденуші – ғылым кандидаттары тапсырады, яғни емтихандарды тек ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің ізденушілері ғана емес, сондай-ақ ғылым докторы ғылыми дәрежесінің ізденушілері де тапсырады. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, осы құжаттың атауы - «Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін аралық аттестаттаудан өткізу жөніндегі нұсқаулық» болып табылады. Осы уақытқа дейін кандидаттық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу рәсімі Кандидаттық емтихандарды өткізу тәртібі туралы нұсқаулықпен реттеліп келді.
Атауының өзгеруінен бөлек бұл құжатқа құрылатын емтихан комиссияларының құрамына қойылатын талаптарды барынша нақтылайтын біршама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, бірқатар жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар тарапынан жасалған ескертулер ескерілді және өзге де редакциялық сипаттағы өзгерістер енгізілді.
 Бұрын қолданыста болған  Кандидаттық емтихандарды өткізу тәртібі туралы нұсқаулықта емтихан комиссияларының сандық құрамына біржақты түсінік берілмеген. Атап айтқанда, Нұсқаулықтың 8-тармағының екінші абзацында емтихан комиссиясы құрамының саны 2-4 мүше деп көрсетілген. Нұсқаулықтың жаңа редакциясында жалпы ғылыми пәндер бойынша емтихан комиссиясының құрамы 5 адам – төраға және 4 комиссия мүшесі деп белгіленді. «Ғылым тарихы мен философиясы» пәні бойынша емтихан комиссиясының құрамына кемінде екі философия ғылымдарының докторы, философия ғылымдарының кандидаттары және тиісті ғылым саласы бойынша ғылым докторы енгізілуі тиіс.  Бұрын философия ғылымдарының кандидаттары емтихан комиссиясының құрамына енгізілмейтін. Комиссия 2-3 философия ғылымдарының докторларынан, олардың біреуі комиссия төрағасы болуы тиіс, 1-2 философия ғылымдарының кандидаттары және тиісті ғылым саласы бойынша ғылым докторынан құрылуы тиіс. Яғни, «Ғылым тарихы мен философиясы» пәні бойынша комиссияда философия ғылымдарының докторлары мен кандидаттары ішінен төраға, комиссия мүшелері бұрынғыша қалады, емтихан комиссиясының жалпы құрамы 5 адам күйінше сақталып, тек тиісті ғылым саласы бойынша ғылым докторлары өзгереді.
Қазақ тілі бойынша емтихан комиссиясының құрамы нақтыланды. Қазақ тілі бойынша комиссия құрамына тиісті ғылым саласы бойынша қазақ тілін еркін меңгерген ғылым докторы кіруі тиіс.  Комиссия төрағасы филология ғылымдарының докторы болып,  мамандық бойынша 10.02.02 – Қазақ тілі немесе автореферат бойынша 10.02.06 – Түркі тілдері болуы қажет. Комиссия құрамы  5 адамнан тұруы тиіс.
Шет тілі бойынша емтихан комиссиясының құрамы да 5 адам болуы тиіс.
Шет тілі бойынша емтихандарға қойылатын талаптар бойынша да біршама  толықтырулар енгізілді. Атап айтсақ, шет тілі бойынша кандидаттақ емтихан  TOEFL, IELTS, DAF, DELF, DALF нысанындағы стандартталған технология бойынша халықаралық білім беру ұйымдарында (ACCELS, Британдық Кеңес, Гете Институт, Француздық альянс) максималды шекті деңгейден кемінде 60% нәтижесімен емтихан тапсыру туралы сертификаты немесе өзге де құжаты болған жағдайда есептелуі мүмкін.
Жалпы курс және арнайы пән бойынша емтихан қабылдау жөніндегі емтихан комиссиясының құрамына қойылатын талаптар бұрынғыша қалды.
Арнайы пән бойынша емтихан жалпы ғылыми пәндер және жалпы курс бойынша кандидаттық емтихан тапсырылып болғаннан кейін өткізілетіні туралы қағида енгізілді.

Емтихан өткізу кезінде кворумның болуына қатысты да мәселелер туындайтынын қосымша хабарлаймыз. Нұсқаулықта осы мәселе жеке-дара қаралмаған, өйткені емтихан комиссияның 5 мүшесі түгел қатысқанда ғана өткізілуі тиіс. Бір, оның үстіне екі комиссия мүшесінің қатыспай қалуына жол берілмейді. Бұл жағдайда емтихан кейінге қалдырылып, тиісті хат жолдау арқылы Комитетке хабарлануы қажет.
Бұрын жолданған хабарламаға «толықтыру ретінде» хабарлама жолдау фактілері де жиі орын алып отырады. Мұндай хабарламаларды жалпы ғылыми пәндер бойынша сессиялық кезеңде ғана емтихан өткізетін аймақтық орталықтар ғана жолдайды. Арнайы пән және жалпы курс бойынша емтихан тапсыру туралы хабарлама емтихан өткізілгенге дейін бір ай мерзімде жолдануы тиіс. Комитетке хабарлама жолданғаннан кейін ізденушіден кандидаттық емтихан тапсыру үшін өтініш түскен жағдайда, ұйым  Комитетке бір ай бұрын жіберілген хабарламаны ескере отырып, барлық талаптарға сәйкес рәсімделген жаңа хабарламаны жолдауы қажет. Арнайы пән және жалпы курс бойынша емтихан тапсыру үшін топтың құрылуы міндетті емес.
Жекелеген ұйымдар бұрын жіберілген хабарламаға сілтеме жасай отырып, емтихан комиссиясының құрамын көрсетпей, хабарламалар жолдап отырады. Әрбір жаңа хабарлама бұрынғы хабарламаларға тәуелсіз жеке-дара қаралады. Комиссия құрамы онда өзгеріс болу-болмауына қарамастан міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Кейбір хабарламаларда қайсыбір мәліметтер көрсетілмейді, мысалы, диссертациялық кеңестегі мүшелігі немесе емтихан өткізілетін орны және т.б. Ұйымдардың хабарламаны рәсімдеу кезіндегі олқылығы көп жағдайда хат жазысу, емтихан тапсыру мерзімін кейінгі қалдыру үшін уақыттың шығындалуына алып келеді.

 






Комитет туралы
Басшылар
Бюллетендер
Бұйрықтар
Бекітілген ізденушілер тізімі

Талқылау үшін!

PhD докторларын даярлау жөніндегі НҚҚ жобалары
2005-2007 © Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
Сайттың материадарын қолдану кезінде www.educontrol.kz сайтына гиперссылкаға міндетті.