Kaz | Rus

Бастауыш
Білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау
Білім беру және ғылым ұйымдарын аккредиттеу
Бірыңғай ұлттық тестілеу
Лицензиядан кейінгі бақылау
Мемлекеттік аралық бақылау
Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау
Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау
Ресми құжаттарды апостильдеу бойынша қызмет көрсету стандарты
ҚР Президентінің Жолдауы басым бағыттарының орындалуы туралы
 
Сұрақтар мен жауаптар
Байланысу
Статистика сайта
           
www.akorda.kz"
www.government.kz
www.e.gov.kz


ЖОО, ҒЗИ басшыларының, ДК төрағаларының назарына!

 26.11.2007 ж. № 10-4-3/1030

 

ЖОО-ның, ҒЗИ-ның басшыларына,
диссертациялық кеңестер төрағаларына

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті 2007 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі К. Мәсімовтың қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыстағы Ғылыми дәрежелер беру ережелеріне өзгерістер енгізу, дәстүрлі аспирантура мен докторантураға қабылдауды аяқтау және ізденуші институтын жабу, әрекеттегі диссертациялық   кеңестердің желісін оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы шешім қабылданғанын хабарлайды.
Осы шешімді орындау мақсатында «Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы  17 қазандағы № 485 бұйрығымен Ережеге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Докторлық диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерінің жарияланымдарына қойылатын талаптар  күшейтілді. Онда ғылыми еңбектердің 10 жеке (бұрынғы редакцияда болған 5 орнына) ғылыми еңбекте жариялануы көзделеді және де 3 шет елдік ғылыми басылымдарда жарық көруі қосылған.
Мынадай қағидалар енгізілді:
диссертацияларды (кандидаттық және докторлық) бір жолғы қорғау тек докторлық диссертациялық кеңестерде ғана өткізілуі мүмкін;
диссертациялық кеңес диссертацияны қорғауға қабылдағаннан кейін және кеңес авторефератты басуға рұқсат бергеннен кейін диссертация мен авторефераттың мәтініне түзетулер енгізуге жол берілмейді;
Комитеттің Төралқасы мен аппеляциялық комиссиясының шешіміне қайта аппеляция қабылданбайды.
Жетекші ұйымдар бойынша диссертациялық кеңестер диссертациялар бойынша тиісті салада өздерінің жетістіктерімен кеңінен танымал,  қорғалатын диссертацияның мамандығы бойынша кемінде екі ғылым докторы жұмыс істейтін жетекші ұйымдарды (ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік, өндірістік ұйымдар және жоғары оқу орындары) тағайындайды деген дәйектеулер енгізілді.
Ізденуші диссертациясын ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінде сараптамадан өтудің кез-келген кезеңінде қараудан қайтарып алуға  құқығы бар деген норма алынып тасталды.
Әрекеттегі диссертациялық кеңестер желісін оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу барысында Диссертациялық кеңес туралы ережеге  «Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 17 қазандағы № 486 бұйрығымен бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Кандидаттық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер  республикада берілген мамандықтар мен ғылым салалары диссертацияларды қарайтын  докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі  диссертациялық кеңестер болмаған жағдайда ғана құрыла алатыны туралы қағида енгізілді.
Ғылым докторы ғылыми дәрежесін ізденуге арналған диссертацияларды қорғау жөніндегі кеңес құрамына қойылатын талаптар күшейтілді, оларда  тиісті ғылым саласының кеңестегі әр мамандығы бойынша кем дегенде  алты (5 орнына) ғылым докторы, оның ішінде ең кемі төртеуі (3 орнына)  – авторефераты бойынша болуы қажет; кеңес мүшелерінің саны он үштен  (12 орнына)  кем  болмауы тиіс. Кеңестің ғылыми хатшысы тек ерекше жағдайларда ғана ғылым кандидаты бола алатыны туралы қағида алынып тасталды, осылайша докторлық диссертациялық кеңестің құрамы тек ғылым докторларынан ғана құралады.
Диссертациялық кеңес қызметінің объективтілігі мен шынайылығын қамтамасыз ету үшін Ереже диссертациялық кеңестің қызметі диссертациялық кеңес құрылған ұйымның Интернет желісіндегі ресми сайтында жариялануы тиіс деген армақпен толықтырылды.
Комитет кеңесте қорғалған жұмыстар бойынша Комитет Төралқасының екі теріс шешімі болған жағдайда диссертациялық кеңестің қызметін мезгілінен бұрын тоқтату туралы шара  енгізілді. Ұйымнан оң пікірлер алған жұмыстар бойынша Төралқаның екі теріс шешімі болған жағдайда осы ұйымды жетекші ұйымдар тізбесінен шығару туралы да осындай шешім қабылданады.

Жоғарыда айтылған бұйрықтарға сәйкес Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы 2007 жылғы 26 қарашада 2008 жылғы 1 қаңтардан дисссертациялық кеңестердің қызметін тоқтату және 2007 жылғы1 желтоқсанға дейін бұрын белгіленген рәсімге сәйкес диссертацияларды қорғауға қабылдауды аяқтау туралы бұйрыққа қол қойды.
Диссертациялық кеңестердің тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында Комитет жанында диссертациялық кеңестер қызмет атқаратын білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың басшыларына өздеріндегі кеңестердің кадрлық құрамының жаңа Диссертациялық кеңес туралы ереженің талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізуді және белгіленген нысан бойынша құжаттарды қоса бере отырып, диссертациялық кеңесті құру немесе қызметін қайта қалпына келтіру туралы өтініштерін дайындауды ұсынады.
 Комитет диссертациялық кеңестер басшыларының назарын  Комитет  кеңесті құру немесе қызметін қайта қалпына келтіру шешім қабылдамас бұрын   2007 жылғы 1 желтоқсаннан кейін диссертациялық жұмыстарды қорғауға қабылдауға және 2008 жылғы  1 қаңтардан кейін диссертацияларды қорғаудан өткізуге жол берілмейтініне аударады.
Комитет диссертациялық кеңестердің қызметін қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылдаған жағдайда кеңестің 2007 жылғы 1 желтоқсанға дейін қабылдаған диссертацияларының қорғауы бұрын белгіленген рәсімге сәйкес жүргізілсін (яғни, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы  17 қазандағы № 485 бұйрығы қолданысқа енгізілгенге дейін).
    
 Ғылыми кадрларды аттестаттауға қойылатын талаптарды арттыру және ары қарай жетілдіру мақсатында кандидаттық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу бөлігінде 2007 жылғы 2 қыркүйекте «Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін  аралық аттестаттаудан өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына қол қойылғанын қоса хабарлаймыз. Бұл Нұсқаулық бұрын қолданыста болған Кандидаттық емтихандарды өткізу тәртібі туралы нұсқаулықтың (Комитет төрағасының 2007 жылғы 28 қазандағы № 1181 бұйрығы) орнына енгізілді.
    
 Комитеттің сайтында (http://www.educontrol.kz/):
 - «Бұйрықтар» бөлімінде жоғарыда айтылған бұйрықтардың барлығы;
- «Ғылыми және ғылыми педагогикалық кадрларды аттестаттау» бөлімінде  енгізілген өзгертулері және толықтыруларымен «Диссертациялық кеңес туралы ереже», «Ғылыми дәрежелер беру ережелері» және Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін аралық аттестаттаудан өткізу жөніндегі нұсқаулық;
- «Бастауыш» парақта Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін аралық аттестаттаудан өткізу жөніндегі нұсқаулыққа берілген түсініктеменің жарияланғанын хабарлаймыз.


    Төраға                                                                                            Н. Қалабаев






Комитет туралы
Басшылар
Ғылыми қызметкерлер мамандықтарының номенклатурасы
Бюллетендер
Бұйрықтар
Нұсқау хаттар
Бекітілген ізденушілер тізімі
Диссертациялық кеңестер тізімі
Ғылыми басылымдар тізімі
Жетекші ұйымдар тізімі
Лицензиялары бар жоғары оқу орындардың тізімі
ҰБТ өткізу пункттерінің тізімі
Докторлық диссертациялардың қорғалуы туралы хабарламалар
2005-2008 © Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестатау комитеті
Сайттың материадарын қолдану кезінде www.educontrol.kz сайтына гиперссылкаға міндетті.