Kaz | Rus

Бастауыш
Білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау
Білім беру және ғылым ұйымдарын аккредиттеу
Ұлттық бірыңғай тестілеу
Білім беру ұйымдарын лицензиялау
Мемлекеттік аралық бақылау
Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау
Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау
 
Жаңалықтар
Сұрақтар мен жауаптар
Байланысу
Статистика сайта
           
www.akorda.kz"
www.government.kz
www.e.gov.kz


Жаңалықтар 
МАГАТ-тың VIII-ші Конференциясы

Жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау мемлекеттік органдарының халықаралық қауымдастығының (МАГАТ) VIII-ші  Конференциясының өткізілуі  туралы

 

Ағымдағы жылғы 11-12 қазан аралығында Астана қаласында Жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау мемлекеттік органдарының халықаралық қауымдастығының VIII-ші Конференциясы өтті (МАГАТ).  
    Қауымдастық 1993 жылдың 17 мамырында Алматы қаласында құрылған. Осы уақытқа дейін Киев, Бішкек, Мәскеу, Алматы, Ереван, Минск қалаларында 7 Конференция өткізілді. МАГАТ штаб-пәтерінің басшысы -  Қазақстан Республикасы мемлекеттік аттестаттау органының басшысы болып табылады.
    МАГАТ-тың негізгі қызмет саласы - ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды  даярлау және аттестаттау саласында келісілген саясатты жүргізу және үйлестіру мақсатында мемлекетаралық ынтымақтастық, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы біліктілік құжаттарын танудың жалпы ұстанымдарын игеру, ғылыми дәрежелер мен атақтар ізденушілеріне қойылатын талаптарды жақындату, халықаралық тәжірибені жинақтау, тиісті ақпаратпен алмасу және қажетті ұсыныстарды әзірлеу.
    Конференцияның жұмысына Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Қазақстан Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы және Украина аттестаттау органдарының басшылары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері мен Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті Төралқасы мен сараптау кеңестерінің мүшелері, ЖОО-ның ректорлары мен республиканың алдыңғы қатарлы ғалымдары  қатысты.
    Конференцияда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ж. Түймебаев құттықтау сөзін алды.
    Министр қазіргі таңда МАГАТ рөлінің барынша маңызға ие бола түсіп, мемлекеттік аттестаттау органдарының  белсенді, тиімді ынтымақтастығы Достастыққа қатысушы-елдердің барлығына дерлік білім беру жүйесін реформалауда сөзсіз септігін тигізетінін  атап кетті. Қауымдастықтың ТМД және ЕурАзЭЫ елдерінің тиісті ықпалдастық органдарының шешімдер жобасын әзірлеудегі, Бірыңғай (жалпы) білім беру кеңістігін қалыптастыру тұжырымдамасын іске асырудың  мемлекетаралық бағдарламасын орындаудағы рөлі айрықша аталды.
     ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасы Н. Қалабаев Қазақстанның аттестаттау жүйесінің жәй-күйі мен оны жетілдіру перспективалары туралы хабарлап, есепті кезеңдегі (2000-2007жж.) МАГАТ штаб-пәтерінің жұмысы туралы ақпаратты ұсынды.
    МАГАТ-қа қатысушы-елдердің мемлекеттік аттестаттау органдарының басшылары өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Конференцияда бірқатар тақырыптық баяндамалар тыңдалып, талқыланды.  Біріге күш салысудың арқасында «МАГАТ-тың VIII-ші Конференциясы материалдарының жинағы» дайындалды. Онда қауымдастықтың негізгі құжаттары, МАГАТ-қа қатысушы-елдердің мемлекеттік аттестаттау органдарының баяндамалары және нормативтік құқықтық актілері жарияланған.
    Конференция мынадай ұсыныстарды қабылдады:
ұлттық аттестаттау органдары Ғылыми қызметкерлер мамандықтарының номенклатурасына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарын әзірлесін (мамандықтарды ұлғайту, жаңа мамандықтарды қосу).  Бұл ретте
08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару;
13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі;
14.00.03 – Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау және т.б. мамандықтардың қажеттілігі пен барынша дәйекті мамандануына баса назар аударған жөн.
- ұлттық аттестаттау органдары диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері мен қағидаларын енгізуге арналған ғылыми басылымдарға қойылатын бірыңғай өлшемдерді әзірлеу жөніндегі ұсыныстарын әзірлесін;
- ұлттық аттестаттау органдары қажет болған жағдайда диссертациялық жұмыстарды қосымша сараптамадан өткізуде өзара қолдау көрсетсін;
- ұлттық аттестаттау органдарына өзге ел азаматтары – ізденушілердің бастамашылдық диссертацияларын (ізденуші аспирантурада, докторантурада оқымаған) ұсынғанда немесе МАГАТ-қа қатысушы-елдердің тақырыбына арналған диссертацияларды қорғау кезінде тиісті ұлттық аттестаттау органына қосымша сараптауға жолдау және оларды тек қорытындыны алғаннан кейін қарау ұсынылсын.  Диссертациялық кеңестерге осы диссертацияларды қарау кезінде ресми оппоненттердің бірі ретінде сол елдің ғалымдарын тағайындау немесе тиісті ел ұйымдарынан диссертацияға пікір сұрау ұсынылсын;
- авторы мен алу көзіне сілтеме жасалмай, кең көлемді көшіру байқалған диссертациялық жұмыстарды қайта аттестаттау кезінде  ұлттық аттестаттау органдары негізделген өтініш ұсынған жағдайда ұлттық аттестаттау органдарына ғылыми дәрежеден айыру мүмкіндігін есепке алу және  МАГАТ-қа қатысушы-елдердің ұлттық аттестаттау органдарын ақпараттандыру ұсынылсын;
- ұлттық аттестаттау органдары диссертациялық кеңестерге қайсыбір елдің мемлекеттік тілінде жазылған диссертациялардың авторефераттарында орыс немесе халықаралық тілдердің бірінде жазылған аннотация/түйін сөздерді (мақсаты, міндеттері, өзектілігі, ғылыми жаңалығы, негізгі қағидалар мен зерттеу нәтижелері бөлімдерін кеңінен жинақтап) 3 бетке дейін ұлғайтуды ұсынсын;
-  ұлттық аттестаттау органдары диссертациялық кеңестерге  МАГАТ-қа қатысушы-елдердің  аттестаттау органдарына орыс тіліндегі диссертациялар авторефераттарының электронды нұсқасын толығымен, ал мемлекеттік тілде жазылған авторефераттардың – шығыс деректері мен аннотация/түйін сөдерін орыс және  халықаралық тілдердің бірінде жолдауды ұсынсын;
-  ұлттық аттестаттау органдарының Web-сайттарына жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау жүйесі жөніндегі нормативтік құжаттарды және қауымдастыққа қатысушылардың мүддесін таныстыратын материалдарды орыс тілінде жариялау үшін  «МАГАТ» бөлімі қосылсын.
МАГАТ-тың VIII-ші Конференциясының қатысушылары  ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау жүйесіндегі көпжақты ынтымақтастықты нығайту мен кеңейту МАГАТ-қа қатысушы-елдердің білім беру саласындағы ықпалдасу процестерін дамытуға орасан мол үлес қосатынына сенім білдірді.






Комитет туралы
Басшылар
Бюллетендер
Бұйрықтар
Бекітілген ізденушілер тізімі

Талқылау үшін!

PhD докторларын даярлау жөніндегі НҚҚ жобалары
2005-2007 © Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестатау комитеті
Сайттың материадарын қолдану кезінде www.educontrol.kz сайтына гиперссылкаға міндетті.