ЖОО-ның ректорларына, ББТМСҰО |  |
Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті әр түрлі халықаралық бағдарламалардың шеңберінде мамыр-қыркүйек айларында шетелде болған 2 (3) курс студенттерінің мемлекеттік аралық бақылаудан (МАБ) өту мәселелері жөніндегі өтініштерін қарастырып, төмендегіні хабарлайды. МАБ рәсімі маусым және қыркүйек айларында өткізілген тестілеуге белгілі себептермен қатыспаған студенттер үшін ағымдағы жылғы 12 қарашада өткізіледі. МАБ-тың қайта тестілеу рәсіміне жіберілген студенттердің деректер базасын қалыптастыруды 2007 жылғы 15 қазанға дейін аяқтау қажет. МАБ-тың қайта тестілеу рәсімін өткізу үшін базалық жоғары оқу орындары студенттердің деректер базасы жабылғаннан кейін анықталатын болады.
Төраға Н. Қалабаев
|