Kaz | Rus

Бастауыш
Білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау
Білім беру және ғылым ұйымдарын аккредиттеу
Ұлттық бірыңғай тестілеу
Білім беру ұйымдарын лицензиялау
Мемлекеттік аралық бақылау
Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау
Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау
 
Жаңалықтар
Сұрақтар мен жауаптар
Байланысу
Статистика сайта
           
www.akorda.kz"
www.government.kz
www.e.gov.kz


Жаңалықтар 
2006 ж. жалпы орта білім беру ұйымдарында МАБ қорытындысы

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 12 қаңтардағы «Жалпы орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды дайындау және өткізу жөніндегі шаралар туралы» N11 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 4-20 наурыз аралығында Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Комитет) Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығымен (БТМСҰО) бірлесіп жалпы орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) өткізді.

4- және 9- сыныптарында МАБ өткізу үшін 1186 мектеп іріктеліп алынды. МАБ-ға 90920 оқушы қатысты.

4-сыныптар бойынша қорытынды

МАБ - қа 31605 оқушы қатысты. Оқушылар тестілеуді қазақ және орыс тілдерінде (оқыту тілі) ашық түрдегі тестер (20 тапсырма) арқылы тапсырды. Республика бойынша жалпы орта балы (ана тілі) 14,5 құрайды, оның ішінде қазақ тілінде – 14,2 балл (19935 оқушы),  орыс тілінде– 14,9 балл (11670 оқушы). Республика бойынша қала мектептерінің орта балы - 14,5 құрайды (17666 оқушы), ауыл мектептерінің – 14, 5 (13939 оқушы).

9- сыныптар бойынша қорытынды

Оқытудың негізгі сатысында МАБ-қа 59315 оқушы қатысты (қазақ тілінде – 34306, орыс тілінде – 25009). 9-сыныптардағы МАБ Қазақстан тарихы мен физика пәндері бойынша жабық түрдегі тестердің көмегімен жүргізілді (әр пән бойынша 30 сұрақ берілді). Республика бойынша орта балы - 24,7 құрайды, оның ішінде қазақ тілінде оқитындардың орта балы - 23,7 (34306 оқушы), орыс тілінде оқитындардың  - 25, 9 (25009 оқушы). Республика бойынша қала мектептерінің орта балы - 25,4 (33327 оқушы), ауыл мектептері – 23,7 (25988 оқушы). Республика бойынша Қазақстан тарихы пәнінен орта бал – 13,1, оның ішінде қазақ тілінде – 12,5, орыс тілінде – 13,9. Физика пәні бойынша орта балл –11,5, қазақ тілінде – 11,2, орыс тілінде – 12 балл құрайды. Қосымша 5 бет - Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы (БТМСҰО)  берген мектептердегі МАБ-тың қорытындысы бойынша статистикалық мәліметтер.






Комитет туралы
Басшылар
Бюллетендер
Бұйрықтар
Бекітілген ізденушілер тізімі

Талқылау үшін!

PhD докторларын даярлау жөніндегі НҚҚ жобалары
2005-2007 © Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестатау комитеті
Сайттың материадарын қолдану кезінде www.educontrol.kz сайтына гиперссылкаға міндетті.